Сайбекова назира усенқызы грамматологиялық парадигма: А. Байтұрсынұлы және қазақ жазу


Зерттеу нәтижесінің дәлелділігі мен негізділігі



Pdf көрінісі
бет6/61
Дата23.10.2023
өлшемі3,17 Mb.
#120673
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61
Байланысты:
Диссертация Сайбекова НУ

Зерттеу нәтижесінің дәлелділігі мен негізділігі: 
Зерттеу жұмысының 
нәтижелері әдіснамалық тұрғыда дәлелденуімен, зерттеу әдістерінің 
тиімділігімен, зерттеу еңбектеріне талдау жасалуымен анықталады. 
Ғылыми жұмысымыздың негізділігі мен дәлелділігі, ең алдымен, 
грамматологияға қатысты әлемдік және отандық ғылыми әдебиеттердегі 
ғылыми тұжырымдарға сүйене отырып, ғылыми тұжырымдар жасаумен 
байланысты. Диссертациялық жұмыста ағылшын тілі, неміс тілі, орыс 
тіліндегі ғалымдардың жазу теориясына қатысты еңбектері мен қазақ тіл 
біліміндегі басты теориялық зерттеулердегі грамматологиялық тұжырымдар 
таңдалып алынды және пайдаланылды. 
Зерттеу жұмысының дәлелділігі, сондай-ақ, Ахмет Байтұрсынұлының 
еңбектерін ұлттық кітапханадағы сирек қор материалдары бойынша оқып, 
талдаумен анықталады. Ғылыми талдау негізінен А.Байтұрсынұлының 
«Алифба» оқу құралына қатысты болғандықтан, 1912 және 1914 жылдары 
баспадан 
жарияланған 
«Алифба» 
оқу 
құралында 
орын 
алған 
айырмашылықтар еңбегімізде берілді. Бұл айырмашылықтар, негізінен, 
авторлық қолданыстағы сөздердің дыбыстық варианттарына қатысты [1;4]. 
А.Байтұрсынұлы жасаған және қолданған төте жазудың басты принциптері 
қазақтың сөйлеу тіліне негізделген, сондықтан жазу мен лебіз арасындағы 
айырмашылық көп болмаған. 
Зерттеу жұмысының кезеңдері. 
Зерттеу үш кезеңде жүргізілді: 
Бірінші кезеңде 
(2016-2017ж.ж.) ғылыми зерттеу жұмысының 
тақырыбы, зерттеу бағыттары анықталып, ғылыми әдебиеттер сараланды. 
Зерттеу жұмысының теориялық, ғылыми-әдіснамалық 
негіздері 



айқындалып, мақсат-міндеттері нақтыланып, зерттеудің пәні мен күтілетін 
болжамы анықталды. Анықтаушы зерттеу материалдары, тапсырмалар 
жүйесі түзілді. 
Екінші кезеңде 
(2017-2018 ж.ж.) А.Байтұрсынұлы еңбектерімен жұмыс 
жасалынды, талдау жасалды және А.Байтұрсынұлының қазақ тіл білімінде 
грамматология ғылымын қалыптастырғаны дәйектелді. 
Үшінші кезеңде 
(2018-2019ж.ж.) ғылыми зерттеудің анықталған 
тұжырымдары мен қорытындылары жүйеленіп, диссертация түрінде 
рәсімделді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет