144
Сынау.
Төмендегі сөздерді көшіріп «ء» қоярлық сөздердің алдына
дәйекші қойыңдар [1,152].
Өзіміздікі дегенде өгіз қара күшім бар, кісінікі дегенде қол тимейтін ісім
бар. Иесі семіз, аты арық түз жұтынан сақтасын; қатыны семіз, ері арық үй
жұтынан сақтасын. Баланың сөзі батпандай, келіннің сөзі кетпендей. Ағаны
көріп іні өсер, апаны көріп сіңлі өсер. Атасы басқа аттан түс, аталасым атқа
мін. Түбі бірге түтпейді. Көрдім деген көп сөз, көрмедім деген бір сөз. Өзі
білмес, білгеннің тілін алмас. Бір көрген біліс, екі көрген таныс. Түсі қара
болса да, іші сара. Ит жеңгенін талайды. Шортанның өзі өлсе де, тісі өлмес;
адамның өзі өлсе де, ісі өлмес. Білімсізбен алыспа, текке өмір тауыспа. Құста
сүт жоқ, жылқыда өт жоқ. Оқу – білім азығы, білім – ырыс қазығы. Жібек
асырай алмаса жүн болады, қыз асырай алмаса күң болады. Бала, баланың ісі
шала. Інісі бардың тынысы бар. Сенікі, менікі деген көңіл тарлығы, әрі жат,
бері жат деген төсек тарлығы (бұлар дәйекшісіз жорта қате жазылған) [1,152-
153].
Достарыңызбен бөлісу: