Сайын Мұратбеков Жусан иісі



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата22.12.2016
өлшемі143,99 Kb.
#2
1   2   3

мұнан   арғы   сөзін   сыбырға   айналдырып   жібереді.   –   Осы   үйдің   көрпесін 

шірітіп... Есі кіріп қалса да...

Бапайдың кемпірі қанша сыбырлай айтса да соңғы сөздері бізге анық 

естілді. Қып-қызыл боп кеткен Аян тістене шытынып, басын бұрып әкетті. 

Іргеге қарап жатты.

– Үйбай, белім-ай, көп отырып қаппын ғой, үйге кетейін, – деп менің 

апам орнынан тұрды. – Аян тәуір болғанша күнделікті бір күрешке сүтті 

бізден алып тұрыңдар.

Бапайдың кемпірі апаммен ілесе сыртқа шықты.

– Қосымды соғу керек, – дедім мен оңаша қалған соң. Аян теріс қарап 

жатқан күйде:

– Ендігәрі өлсем де темекі тартпаспын, – деді.

– Тұржан жаман адам, қаны бұзылған.

Бұл сөзіме Аян жауап берген жоқ. Әлден уақытта басын көтеріңкіреп 

маған:


19

Анау пальтоны әперші, – деді ілулі тұрған қара пальтоны нұсқап. 

Мен  осы  үйдегі   жалғыз   орындыққа  шығып  пальтоны  алып  оның  алдына 

әкелдім.   Аян   басын   жастықтан   әзер   деп   көтеріп,   екі   қолы   дірілдеп 

пальтоның   жағасына   тұмсығын   тығып   жіберіп   құшырлана   иіскеп-иіскеп 

алды да:


– Тез іліп қой, әйтпесе ұрсады, – деді.

Онан соң шалқасынан түсіп көзі бажырайып, кірпік қақпастан үйдің 

төбесіне   тесірейе   қарап   ұзақ   жатты.  Қалың   ойда   жатқан   сияқты.   Өңі 

сұрланып,   дірілдей   дем   алады.   Ап-арық,   шырпының   жіңішкелігіндей 

қолымен домбыққан ісіктерін сипады. Бір кезде ғана:

– Ағам келеді ғой жақында әлі. Сонда көрсетеді Тұржанға, – деді.

Он шақты күннен кейін Аян төсектен тұрып жүре бастады.  Тобығы 

тайған аяғын жер сыпырғандай көлденеңінен сүйретіп солтақтап басатын 

болды. Мен оған:

– Асылбек шал келді ғой, аяғыңды салғызбайсың ба? – дегем.

– Ауырады   ғой   енді,   –   деді   ол   жабырқаған   кескінмен.   –   Ой,   сен 

білмейсің ғой, тобығыңды қайта салғызғандай қалай ауыратынын. Сұмдық... 

ауырады...

Енді ол күнде кешке қарай сырғанақтың басына кеп ойын тарқағанша 

қалқиып тұрады да қояды. Ойынға араласпайды. Бір-екі рет мен де, Садық 

та шанамызды бергенбіз, басын шайқып теппей қойды:

– Аяғым ауырады, – деді.

4

Кей күні ойыннан кейін мен кешкі тамақты ішіп ап, Бапайдың үйіне 



баратынмын.   Мен   келгенде   Аян   ылғи   темір   пештің   аузында   от   жағып 

отырады. Ол кезде – соғыс жылдарында біздің ауыл отынға сабан жағатын... 

Малатаспен бастырған астықтың сабаны орған қамыс сияқты ірі  болады, 

арасында шала бастырылған, кейде тіпті мұрты сетінемеген масақтар жиі 

кездесуші   еді.   Отқа   жанғанда   сабан   дүр-дүр   етіп   лауылдап,   ал   масақтар 

бытырлап кететін. Аян от жағып отырып, білдіртпей ғана сол масақтарды 

жинайды.   Лауылдап   жатқан   сабанның   арасы   бытыр-бытыр   ете   қалғанда, 

Аян қолын отқа тығып жіберіп, шала пісіп қалған күйелеш масақты лып 

дегізіп суырып алатын.

20


Мен есікті ашқанда-ақ Аян жүзі жайнап қуанып кетуші еді. Былай шық 

деп,   дауыстап   айтуға   кемпір-шалдан   бата   алмай   олар   жаққа   жаутаңдап 

қарап қойып, темір пештің түбіндегі өз орны – қара құрым киіз төселген 

қуысты   меңзейтін.   Мен   қуысқа   кіріп   ап,   олар   кешкі   шайларын   ішіп 

болғанша Аянды күтіп отырам. Бапайдың кемпірі шалы екеуіне ғана майға 

бөктіріп талқан шылайды да, «сенің тісің бар ғой» деп Аянның алдына бір 

уыс қуырған бидай төгеді. Міне, Аянның кешкі қорегі осы. Ол үн-түнсіз 

қытырлатып отырып алдындағы бір уыс бидай біткенше шай ішеді де, онан 

соң шынысын төңкеріп қуысқа келеді. Келе бірден сыбырлай сөйлеп:

– Ертегі тыңдайсың ба? – деп алады да, менің бас изеуімді күтпестен-

ақ: – Баяғыда бір жетім бала бопты... – деп бастай жөнеледі.

Бір тәуірі Бапай да, оның кемпірі де біздің сөзімізге құлақ салмайтын. 

Майға  шылаған  талқанды  көсіте  асап,  ыстық  шайға  бойы  бусанған  қарт, 

қолтығындағы жастығын мыжғылай түсіп, рақаттана кекіріп қоятын да: 

Енелеріңді ұрайын, осы екеуінің-ақ сыбыр-күбірі бітпейді екен, ә. 



Қыз алып қашқалы ақылдасып жүргеннен саусыңдар ма-ей? – деп әзілдейді. 

Кемпірі болса қабағын кіржитіп:

– И-и, жаман ит үрегеш келеді-деп, мына біздің ұл мылжың көрінеді 

ғой, – дейді.

Екеуі де осымен тынады. Жатарында кемпір: «майы таусылады», – деп 

өзі   сығырайып   тұрған   жетілік   шамның   білтесін   онан   әрмен   сығырайтып 

тастайды. Мұнан кейін біздің бар- жоғымызды естеріне де алмастан екеуі 

екі жақтын тәтті қорылға басатын.

Олар   ұйықтасымен-ақ   Аян   әлгінде   ышқырына   тыққан   күйелеш 

масақтарды алып, үгіп-үгіп аузына құятын. 

Жеп көрші, тәтті, – деп бір-екі масақты маған да ұстататын.  Үгіп-



үгіп   шала   піскен   дәнді   мен   де   аузыма   құямын,   бірақ   шикі   дәмі   білініп 

тұрғандықтан жұта алмай, шайнап-шайнап түкіріп тастайтынмын.

Кейде мен үйден нан алып келетінмін. Аян нанды көргенде, көзі отша 

жанып, екі ұртына кезек бұралай тығып, қақалып қала жаздайтын. «Тағы да 

бар ма? Тағы да?..» – деп менің қалтамның түбіндегі қоқымға дейін қағып, 

дегбірі қалаушы еді.

Бір   күні   балалар   екіге   бөлініп   қар   атқыласып   ойнамақ   болдық. 

Ортамыздан екі атаман сайлап, қалғандарымыз екі-екіден жұптасып, әлгі екі 

атаманның   қарауына   тең   бөліне   бастадық.   Бұл   ойынға   Аянның   да 

21


қатысқысы келген. Бірақ екі атаманның екеуі де оны өз топтарына алудан 

бас тартты.

Ой, қой, сен жүгіре алмайсың шойтаңдап, – деді  олар.  Аян үшін 



мұнан ауыр жаза жоқ еді. Ол көзі жасаурап, ақсақ аяғын сүйреткен күйде екі 

иіні салбырап кете барды. Мен шыдай алмай оның соңынан жүгірдім.

Аян жылап келеді екен.  Екеуіміз қатарласып үнсіз жүре бердік. Дәл 

Асылбек   шалдың   үйінің   тұсына   жеткенде,   көз   жасын   алақанымен   қатты 

уқалап   сүртті   де,   әлгі   үйге   бұрылды.   Мен   де   ердім.   Асылбек   шал   мал 

қорасының ішін тазалап жүр екен.

– Иә, неге келдіңдер, балалар? – деді анадайдан дауыстап.

– Ата, аяғымды салып берші, – деді Аян.

Асылбек таяп кеп оның аяғына қарады.

– Салып   берің   қалай-ей.   Мына   аяғың   қисық   боп   бітіп,   жазылып 

кеткенге ұқсайды ғой. Енді оны қайта орнына салу оңай емес. Ауырғанына 

шыдар ма екенсің.

– Шыдаймын, ата, салып беріңізші...

Аянның   даусы   дірілдеп   жалынышты   шықты.   Енді   сіл   болса   еңіреп 

жылап жіберуге шақ тұр.

– Апыр-ай, ә, жарайды, салып берейін қарағым. Үйге кіре бер. Әй, 

кемпір, мына жиен балаға тамақ берші, әлденіп алсын! 

Біз үйге кірдік. Асылбектің кемпірі бізді төрге отырғызып баурсақ пен 

айран әкеп берді. Сәлден кейін жуынып-шайынып Асылбектің өзі де кірді. 

Сырт   киімін   шешініп,   кемпіріне   көрпе   салғызып,   әлгінің   үстіне   Аянды 

жатқызды.

Онан   соң   қойдың   құйрық   майымен   Аянның   тобығы   тайған   аяғын 

сылауға   кірісті.  Ұзақ   сылады.   Өзі   де   тынымсыз   сөйлеп,   Аяннан   да   әр 

нәрсені бір сұрап үнемі сөйлетумен болды. Бір кез Аян:

– Ойбай! – деп баж ете түскен, Асылбек:

Шыда, балам, шыда... – деп оның бұлқынғанына қарамастан тырп 



еткізбеді. Аян құлындағы даусы шығып, ойбайлап жатты да, Асылбек оның 

аяғын уқалап, сылай берді. Онан соң кемпірі әкелген шүберекпен әдемілеп 

таңып тастады да:

– Ал болды, тобығыңды енді шығарып алма... – деді.

Бірақ,  амал  не,  Аян  мұнан  кейін  де  тобығын  тайдырып  алды.  Ол  – 

көктем  кезінде   еді.   Көктем   шыға   колхоз   жұмысына   біз   де   араласқанбыз. 

Ортасына   сым   темір   салып   өртеген   бір-бір   дойыр   қамшыны   қолымызға 

22


алып, өгіз жеккен соқаның басына міндік. Жесір әйелдер мен бой жеткен 

қыздар соқаның артын ұстайды. Арайланып таң білінгеннен бастап ымырт 

қараңғысына   дейін   жер   жыртамыз.   Жер   құйқасы   майға   бөккендей 

туырылып жатады. Соқа тісі сәл тереңдесе бөкпе топырақ қалыңдап, өгіздер 

мықшиып тұрып қалады. Ала қыстай шөп тарту, тұқым тартумен титықтап 

шыққан арық өгіздердің аузынан сілекей шұбырып, аяқтарын шалыс басып 

күн   ұзын   соқа   тартуға   дәрмендері   зорға   жетеді.   Онда   да   арқасын 

қайыстырған қамшының күшімен жетеді. Өгіз біткеннің сауыры қызыл ала 

қан,   арқасы   шоқпыт-шоқпыт   жауыр   болатын.   Ертеден   кешке   дейін   өгіз 

үстінде жұлынып «цоп, цобелей» бергеннен тамағымыз жыртыла ауырып, 

дойыр   қамшы   қарамызды   талдырып,   біз   де   әбден   титықтайтынбыз. 

Таңдайымыз кеуіп, қаңырығымыз түтеп, қарнымыз ашып, қамшы сілтеуге 

әліміз құрып, бас айналып, көз қарауытып, қалғып-мүлги бастаған кезімізде 

соқа ұстаған әйел баяу үнмен:

Әй, ұл, айдасаңшы өгізіңді, – дейді. Бойыңдағы бар күшіңді жиып, 



қамшыны   құлаштай   сілтейсің.   Арық   өгіздер   арқаларын   құр   қайқаңдатып 

қыржыңдағаны болмаса, жүрісіне жүріс қоса қоймайды. Ақырында өзіңнің 

қолың   ауырып   сырқырап   кетеді.   Сондайда   өгізден   домалап   түсіп   жер 

тепкілеп   жылағың   келеді.   Сенің   сол   мүшкіл   халіңді   сезгендей   соқа 

артындағы әйел өзі кеп қолыңдағы қамшыны ала сап, өгіздерді шықпыртып-

шықпыртып жібереді де:

Жығылып қалма, – деп қояды. Шама шарқыңның сол екенін ұғады 



ғой, жақсы ұғады. Әлден уақытта әйелдердің бірі қалжырай шыққан зарлы 

үнмен сызылтып қана:

Көкше бір таудың биігі-ай.

Алыстағы бауырдан хат алудың қиыны-ай, – деп ән салады. Ән емес-

ау,   жүректегі   ауыр   шердің   лықсып   шыққан   бір   күрсінісі   сияқты.   Әнге 

екінші   соқадағы   әйел,   онан   үшінші   соқадағы   бойжеткен   қыз   қосылады. 

Үшеуі   де   зарлатады-ау   кеп.   Үшеуінің   көзінен   де   жас   парлайды.   Біз   өгіз 

үстіндегі балалар көзімізге мөлт-мөлт етіп жас үйіріліп, тамағымызға өксік 

тығылып,   бас   көтере   алмаймыз.   Әйелдерге   қосылып   жылауға   «еркектік» 

намысымыз жәбермейді. Өйткені алғаш соқаға шыққан күні Аян:

– Жылауды   әркім   біледі.   Мықты   болсаң   нағыз   еркектерше 

қиыншылықта   жыламай   бақ,   –   деген.   Сондықтан   «жасық   екенімізді» 

білдірмеуге тырысамыз.

23


Кешкісін жерден қазылған баракқа келеміз. Іші ұп-ұзын қап-қараңғы, 

үңгір   сияқты.   Астына   сабан   төселген.   Жалғыз   май   шамның   өлеусіреген 

жарығында, не ішіп, не жегенімізді ажыратпастан, талқаннан жасалған атала 

көже сияқты бірдеңені қалғып-мүлгіп отырып ішеміз. Онан соң киімімізбен 

отырған орнымызда қатар-қатар сұлай кетеміз. Өне бойың салдырап қозғала 

алмайсың. Қанша ұйықтағаның белгісіз әлдебір уақытта Тұржанның:

Әй,   жетпегірлер,   тұрыңдар!   –   деп   ақырғанын   естисің.  Қозғалуға 



шамаң   жоқ,   өне   бойың   езіліп   көзіңді   аша   алмайсың.   Сол   кезде   Тұржан 

әрқайсымызды   әке-шешеден   түк   қалдырмай   сыбап,   сирағымыздан 

дырылдата сүйреп, барактың аузынан сыртқа қарай атып жібереді... Тағы да 

арқасы пышақтың қырындай, өзі жауыр өгіздің үстіне жарбия жабысасың. 

Тағы да  жақ жаппастан, «цоп,  цобелеп»,  қарың үзілердей  боп тынымсыз 

қамшылау... Түске жақын өзегің талып, әлің кетіп, қалғи бастайсың. Кейде 

өгіздің үстінен домалап түскеніңді де білмейсің. Бусанып жатқан қара парға 

бұрқ   ете   қаласың.   Көзіңді   уқалап   атып   тұрып,   соқа   ұстаған   әйелдің 

көмегімен өгіздің арқасына қайта жарбиясың. Осылайша күніне әрқайсымыз 

өгізден екі-үш реттен домалаушы едік...

Аянның  тобығы   осындай   бір   өгізден   домалап   тұскен   кезінде   тағы 

тайды. Ол қара парға бұрқ еткен күйде... «Аяғым-ай!» – деп баж етті де 

бүктеліп   жатып   қалды.   Жүгіріп-жүгіріп   жанына   бардық.   Ол   жыламауға 

тырысып тістеніп, көзін жұмып, көкпеңбек боп сазарып жатты. Аяғындағы 

көннен   тігілген   шоқайын   шешпек   боп   едік,   қинала   ыңырсып,   онан 

«ағатайлап»   бебеу   қақты.Көтеріп   баракқа   алып   бардық.   Ауылға   апаруға 

көлік болмады. 

Сол   түні   денесі   қызып,   таң   атқанша   сандырақтап   сөйлеп   шықты. 

Ертеңгісін   біз   жұмысқа   кетерде   ғана   көзін   ашты.   Мен   басқалардан 

жырылып бір сәтке оның жанында қалдым. Өзімше ақыл айтпақ едім оған. 

Сөзді неден бастарымды білмей қипақтап отырғанымда, ол өзі бастады.

– Ой,   кеше   аяғым   қатты   ауырды,   –   деді   дірілдеген   үнмен.   –   Тура 

өлгім-ақ кеп еді, тағы ағамды ойлап қана тоқтадым...

Онан соң біраз үнсіз жатты, түймесі ағытылған күртесінің омырауына 

тұмсығын тықты. 

Қарашы,   жусанның   иісі...   –   деп   қойды.   –   Енді   аяғымды   ағам 



келгенде   бір-ақ   салғызам.  Ағам   қалаға   апарып,   ендігәрі   шықпастай   етіп 

салғызады, әлі...

24


Ол тәтті ойға шомған күйде, ағасы келген соң не істеп, не қоятынын 

тегіс тізбелеп айтып шықты. Оның сөзіне қарап мен ағасының жуықтағы 

күндердің бірінде қайтатынына титтей де шәк келтіргем жоқ.

– Сағындым ағамды, – деді ақыры күрсініп.

Мен   жұмысыма   кеттім.  Күні   бойы   өгіз   үстіндегі   жалғыз   тілеуім: 

«Шіркін-ай, Аянның ағасы тезірек қайтса екен» – деу болды.

Аян баракта төрт күн жатып қалды. Тек бесінші күні кешкісін ғана 

тұқым тартқан арбамен ауылға жібердік. Осыдан кейін Аян тобығын қайтып 

орнына   салдарған   жоқ.  Сол   аяғын   көлденеңінен   сүйрете   басып   жүретін 

болды...


Қу соғыстың бесіктен беліміз шықпай жатқанда-ақ біздің жүрегімізге 

салған жарасы қаншама еді. Сол жараның тыртығы өмір бойы удай сыздап, 

жанға батып өтер-ау. Еш уақыт ұмытылмас. Асыр салар балғын шағымызда 

таңдыр   біздің   қабырғамызға   да   бар   зілін   салды   ғой.   Сонда   да   болса 

басқамыздан гөрі Аянға қатты батып еді. Тағдыр оған дегенде ештеңесін 

аямады.


Үлкендер «жау шегінді»  десіп, күн сайын бір қуанышты хабар айтып 

жүрді.   Мұның   өзі   біз   үшін   «ертең   соғыс   бітеді»   дегенмен   бірдей   еді. 

Іскерден біртіндеп ер-азаматтар қайта бастады. Бәрі жаралы боп қайтқандар: 

бірі қолынан, бірі аяғынан, бірі қабырғасынан, бірі көзінен айрылғандар.

Бірақ, сөйтіп, жарымжан боп қайтса да олардың әрқайсысының келуі 

ауыл   үшін   үлкен   мереке   еді.   Солардың   бірде-бірі   Тұржанға   ұқсап:   «Қан 

көріп қайттым, қаным бұзылды», – деп есірген жоқ.

... Қаралы қағаздар да келіп жатты.

Жаз   ортасы.   Аңызақ   жел   ұйтқи   соққан   ыстық   күннің   бірінде   біздің 

ауылға   тағы   бір   қаралы   қағаз   келді.   Бұл   жолғы   қаралы   қағаз   ешкімнің 

үйінен зарлы жоқтау айтатын дауыс шығарған жоқ. Бұл жолғы қаралы қағаз, 

көшеде ойнап жүрген балалардың ең соңында, белі бос штанының ауын бір 

қолымен көтере ұстап, сол аяғын көлденеңінен солтақтай жүгірген күйде: 

«Ей, тоқтаңдаршы, мен сендерге кешегіден де қызық ертегі айтамын», – деп 

жалына дауыстай жүгірген Аянға келген еді. Ол үнсіз қабылдады. Қаралы 

қағазды   ұзақ   отырып   екі-үш   рет   ежіктеп   оқыды   да,   төрт   бүктеп   ышқыр 

қалтасына тықты. Онан соң ойнап жүрген балалардың жанына кеп, әдетінше 

алыс-жұлысты   сырттай   қарап   қызықтап   тұрды.   Тек   балалар   үйді-үйіне 

тараған кезде, ол ауылдың шетіндегі ат қораға барып кірді. Соңынан мен де 

бардым.


25

Сары су іркілген ат қораның іші тұншығардай қапас, тымырсық еді. 

Тастай   қараңғы.   Төбесіне   ұя   салған   торғайлардың,   олардың   шырылдаған 

қызыл   шақа   балапандарының   үні   құлақты   тұндырады.   Құжынаған 

шыбындардың   ызыңы   бір   басқа.   Қараңғылыққа   көзім   үйренгенше   есік 

алдында   тұрдым   да,   онан   соң   қабырғаны   жағалап   түкпірге   қарай   жүре 

бастадым. Аяқ асты сазданып басқан сайын шұрқ-шұрқ етеді. Түкпірге де 

жеттім. Аян қараңғы бұрышта бір уыс боп бүрісіп, екі алақанымен бетін 

басып солқылдап жылап отыр екен. Ұзақ жылады. Онан соң көзін сүртті де 

қорадан шықты. Сыртқа шыққан соң көрдім, көзі қып-қызыл боп кетіпті. 

Маған қарады да өз-өзінен жымиып күлді.

– Күн ыстық, ә, – деді.

Осыдан кейін бір жеті өткен соң, ертеңгісін он шақты қозы-лақты тауға 

қарай   өргізіп   жіберіп,   қайтар   жолда   Бапайдың   есігінің   алдында   тұрған 

арбаға көзім түсті. Бірсыпыра балалар осы арада екен. Аян жолға жүретін 

адамдай бар-жоғын киініп апты. Мен таяп келгенде шеттеу тұрған Есікбай 

сыбырлап қана:

– Аян балалар үйіне кеткелі жатыр, – деді.

Осы   кезде   үйлерінен   арба   айдаушы   жігіт   және   Бапай   мен   кемпірі 

шықты.   Бапай   арба   айдаушыға   Аянды   станцияға   дейін   аманат   қып 

тапсырғанын қайта-қайта айта береді. Ал кемпірі кеп Аянның бетінен сүйді, 

көзіне жас алды.

– Қарағым, жолың болсын, – деді жыламсырап. – Жақсыдан қалған 

тұяқ ең, қайда жүрсең аман бол. Адам болсаң тауып келерсің әлі...

Бапай да кеп Аянның бетінен сүйді.

– Аман-есен барып орналасқан соң хат жаз, – деп қойды.

– Алатын адам болмай тұр, мына қоңыр сиырды дереу сатып ақшасын 

қалтаңа салып берер еме. Кейін қолым тисе, базарға айдап барып сатып, 

ақшасын салып жіберем ғой...

– Е, қойшы әрі, сен де осы, не болса соны айтпай. Сатқаны несі. Ертең 

ер жетіп келе қалғанда мал керек емес пе Аянға... – деп киіп кетті осы тұста 

кемпірі.   –   Қарағым,   бұ   алжыған   атаңның   сөзін   тыңдама.   Әлі   өзің   кейін 

үлкен жігіт боп келгеніңде қоңыр сиырыңда өсімімен қолыңа тапсырамын...

Аян балалардың бәрімен қол алысып қоштасты.

Мен   әлі   бәріңе   хат   жазып   тұрамын,   –   деді   күлімсіреп.   Есікбай 



арбаның   артына   жабысып   ап,   оны   талай   жерге   дейін   шығарып   салды. 

26


Арбадан   түсіп   қап,   қара   жолдың   үстінде   сексиіп   ұзақ   тұрды.   Қайта 

келгенінде өте көңілсіз еді. Садық ойнайық деп еді, ол:

– Менің басым ауырып тұр, – деп үйіне кетті.

Сол  сәтте бәріміздің де ойынға еш зауқымыз жоқ, көңілсіз едік. Көз 

ұшында  бұлдырап  арба  кетіп  барады.  Қара  жолдың  шаңын  бұрқылдатып 

барады. Аян бас киімін алып бізге бұлғап қояды...

Біз, балалар, Аянды көп уақытқа дейін еске алып, сөз қылушы едік. 

Кейде кешкілік бір жерге жиналып ап, ала қыстай Аян айтқан ертегілердің 

есте   қалғандарын   қайталай   айтып   та   жүрдік.   Аянның   ертегілерінің 

көңілімізде   ұялағаны   сонша,   кейін   ер   жеткен   кездерімізде   өзімізден   кіші 

балаларды тамсандыра отырып айтатынбыз. Тіпті күні бүгінге дейін, сонан 

бері   талай   ондаған  жылдар   өтсе   де,   кей   күні   түнде   далаға   шыға   қалсам, 

қараңғыда бөрікше шошайған Ешкіөлмес шоқысы – астында жалғыз көзді 

дәу   ұйықтап   жатқандай,   соның   қорқыраған   демінен   теңселіп   тұрғандай 

көрінеді. Сол дәумен алысатын жетім бала қайда екен деймін, сол сәт. Жазға 

салым   Жусандытөбе   жақтан   қоңыр   салқын   самал   еседі.   Ашқылтым   иіс 

аңқиды. Жусанның иісі. Сондайда есіме тағы Аян түседі.

Шынында да бұл күнде Аян қайда екен? Тірі ме екен? Ондай бала тірі 

болуы тиіс. Ондай бала алдына нендей мұрат қойса да жетеді. Ал тірі болса 

Жусандытөбеге бір  оралмауы қалай?! Жусанның иісін сағынбауы мүмкін 



емес қой.

27


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет