СЕГIЗIНШI КӚРIНIС
197
АБАЙ IШIП ҤЛГЕРМЕГЕН У
Дiлдә тӛсегiнде. Басын кӛтерiп отырады. Үйге жас жiгiт пен жас
келiншек кiредi.
ЖIГIТ. Дiлдә апа! Халiңiз қалай?
ДIЛДӘ. Бiзде қандай хал болушы едi.. Ӛздерiң кӛрiнбей
кеттiңдер ғой. Бiр
-
екi күн болды, бүкiл ӛмiрiм түс болып кӛз
алдымнан ӛтiп жатыр. Аллатағала тiлектi қабыл еткен болар. Бұ
дүниедегi ӛлшеулi мезгiл, таусылуға айналған болар деп дәметiп
жатырмын.
КЕЛIНШЕК. Олай демеңiзшi апа! Мынау ен далада Сiз едiңiз
жалғыз арқа сүйерiмiз.
ДIЛДӘ. Аллатағаланың Сiздердi күтуге мұрша бергенiне
ризамын. Жақындап қалған сияқтымын. Ӛздерiң қайда барып
келдiңдер?..
ЖIГIТ. Осы Аралтӛбеден мына аласапыран басталғанда,
Күшiкбайға кӛшiп кеткен бiр ағайынымыз бар едi, кеше соны
тәркiлеп, соған барып келдiк.
ДIЛДӘ. Ол маңайда кiлең жарлы Уақтар тұрады деушi едi.
Тәркiге iлiнерлiк кiм бар едi?..
ЖIГIТ. Оны тәркiлетiп жатырған байлығы емес, мiнезi дейдi
ғой? Жаңа ӛкiметке жақпай қалса керек. Бас араздығы бар ӛзiнiң бiр
ағайыны үкiметке осындай бай бар, сонда соншалық ақым бар,
ӛндiртiп берiңiз деп арызданса керек.
КЕЛIНШЕК. Үйiнде тәркiге түсер түгi де жоқ екен. Ештеңе таба
алмағасын мал
-
мүлкiн жасырып үлгерiптi деп, айтқызамыз,
таптырамыз деп Семейге айдап кеттi.
ДIЛДӘ. Абай бiр сӛзiнде:
Ел бұзылса, құрады шайтан ӛрмек,
Перiште тӛменшiктеп, қайғы жемек.
Ӛзiмнiң иттiгiмнен болды демей,
Жеңдi ғой деп шайтанға болар кӛмек… деп едi
-
ау.
Бұ күнгi адамдардың бәрi де сол шайтанның ӛрмегiне оралды
ғой.
ЖIГIТ. Ел бұзылса, құрады шайтан ӛрмек,
Перiште тӛменшiктеп, қайғы жемек.
Ӛзiмнiң иттiгiмнен болды демей,
Жеңдi ғой деп шайтанға болар кӛмек.
Сырттансынбақ, қуанбақ, ӛршiлденбек,
Сабырменен топ жасап бӛлек
-
бӛлек.
Арамдықпен бар ма екен жаннан аспақ.
198
Ӛзiмен ӛзi бiр күн болмай ма әлек?
Қолдан келе бере ме жұрт меңгермек,
Адалдық, арамдықты кiм теңгермек.
Мақтан үшiн қайратсыз болыс болмақ,
Иттей қор боп, ӛзiне сӛз келтiрмек.
ДIЛДӘ. Шырағым, жап
-
жас басыңмен Абай ӛлеңдерiн қай
уақытта, қалай жаттап үлгергенсiң?..
ЖIГIТ. Апа, бұл Абай ағамның «Қартайдық, қайғы ойладық,
ұйқы сергек» деп басталатын ӛлеңi ғой.
Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек,
Ашуың –
ашыған у, ойың –
кермек.
Мұңдасарға кiсi жоқ сӛздi ұғарлық,
Кiм кӛңiлдi кӛтерiп, болады ермек.
Жас қартаймақ, жоқ тумақ, туған ӛлмек,
Тағдыры жоқ ӛткен ӛмiр қайта келмек.
Басқан iз, кӛрген қызық артта қалмақ,
Бiр құдайдан басқаның бәрi ӛзгермек.
Апа, Абай ағамның сӛзiн жаттаудың қажетi қанша. Оның
сӛздерi жүрегiңе барып ӛзi құйылады да, ӛз орнын тауып ала қояды.
ДIЛДӘ. Ие, шырағым! Зерделi кiсiге бәрi оп
-
оңай, Абай
жарықтық сәл нәрседен қорытынды шығарып, болашақ боларды
қазiргi болып жатырған құбыластардан құрастырып отыратын.
Соның да қырсығы болар тiршiлiкте ойлы, ақылды кiсiнiң ӛмiрi тым
күрделi, ӛзiне тым ауырлау болады екен.
ЖIГIТ. Абай ағаның кейбiр сӛздерi дәл бүгiнгi оқиғаларды
бейнелейдi екен. Бiздiң ойымыз жетпейтiн астары қаншама
десеңiзша.
ДIЛДӘ. Ой, шiркiн
-
ай! Бұ дүние бастан бұлай ӛтедi деп кiм
ойлаған?.. Пендешiлiк
-
ай! Абайға да ӛкпе артқан уақыттарымыз
болды
-
ау! Жан
-
жағы жайнап тұрғанда, тӛрт құбыласы түгел
тұрғанда «қайран қазағым, күнiң не болады» деп күңiренушi едi?..
Сонда осы күндердi жобалап бiлгенi ме?.. Оқышы Абайды. Бұ
дүниенi Абаймен бастап едiм, Абайдың сӛзiмен ӛтейiн… Оқышы…
ЖIГIТ. Мен Абай аға ӛлеңдерiн түгел жатқа бiлемiн.
Бiрақ Сiз ӛлең оқы десеңiз
-
ақ сасып қаламын.
ДIЛДӘ. Ойыңа түскенiн айта бер.
ЖIГIТ. Ал ендеше, тыңдап кӛрiңiз…
Байлар жүр жиған малын қорғалатып,
Ӛз жүзiн, онын берiп, алар сатып,
Онын алып, тоқсаннан дәме қылып,
Бұл жұртты қойған жоқ па құдай атып?
Барып келсе Ертiстiң суын татып,
Берiп келсе бiр ауыз бұзып
-
шатып,
199
Елдi алып, Едiлдi алып есiредi,
Iсiп
-
кеуiп, қабарып келе жатып.
Әрi
-
берi айналса аты арықтап,
Шығынға белшесiнен әбден батып,
Сұм
-
сұрқия, қу, бiлгiш танбаққа
Құдай құмар қылыпты қалжыратып.
Қорғаласа, қорықты деп қоймаған соң,
Шаптырады қалаға бай да андатып,
Күштi жықпақ, бай жеңбек әуел бастан,
Қолға түсер сiлесi әбден жақсыға қосамын деп,
Әркiм бiр ит сақтап жүр ырылдатып.
Дiлдә тӛсегiнен тұрады. Басқалар да орындарынан кӛтерiледi.
ЖIГIТ. Апа, Абай ағаның мына ӛлеңi бiздердiң тап бүгiнгi
белсендiлерiмiз туралы жазғандай.
Менсiнбеушi едiм наданды,
Ақылсыз деп қор тұтып.
Түзетпек едiм заманды,
Ӛзiмдi тым
-
ақ зор тұтып.
Таппадым кӛмек ӛзiме,
Кӛп наданмен алысып.
Кӛнбедi ешкiм сӛзiме,
Әдетiне қарысып.
Жан
шошырлық түрiнде,
Бәрi бiрдей елiрiп.
Ұстай алмадым бiрiн де,
Кекидi кейiн шегiнiп,
Әрине мен ел кеттi.
Қоқиланды, мақтанды.
Қуат бiттi, күн ӛттi.
Жарылқа, құдай, жатқанды.
Жарлы емеспiн, зарлымын,
Оны да ойла толғанып.
Жұртым деуге арлымын,
Ӛзге жұрттан ұялып.
ЖIГIТ. Апа, тағы да оқи берейiн бе?
ДIЛДӘ. Оқи бер. Абай ән тындағанда, ӛлең тындағанда бар
дүниенi ұмытып, ерекше әсерленетiн едi ғой.
ЖIГIТ. Дiлдә апа! Абай ағам сiз қазiр айтып отырған сезiмiн
ӛлеңмен былайша берiптi ғой.
Құлақтан
кiрiп бойды алар
Жақсы ән менен тәттi күй.
200
Кӛңiлге түрлi ой салар,
Әндi сүйсең менше сүй.
Дүние ойдан шығады,
Ӛзiмдi ӛзiм ұмытып.
Кӛңiлiм әндi ұғады,
Жүрегiм бойды жылытып.
Аңсаған шӛлде су тапса,
Бас қоймас па бастауға?
Бiреу түртсе, я қақса,
Бой тоқтамас жасқауға.
Бiр күйгiзiп, сүйгiзiп,
Ескi ӛмiрдi тергiзер.
Ӛмiр тонын кигiзiп,
Жоқты бар қып жүргiзер.
Есiткендей болады
Құлағы ескi сыбырды.
Ескi ойға кӛңiлiм толады,
Тiрiлтiп ӛткен құрғырды.
Iшiп терең бойлаймын,
Ӛткен күннiң үларын.
Және шын деп ойлаймын.
Жұрттың жалған шуларын.
Тағы сене бастаймын,
Күнде алдаған құларға.
Есiм шығып қашпаймын,
Мен iшпеген у бар ма?..
ДIЛДӘ. Бар екен ғой, Абай! Екi дүниенiң сӛзiн түгел
тауысқанда сенiң де бiлмесiң, ойыңның жетпесi бар екен ғой.
Абай!
У болғанда қандай у! Сен қанып iшкен улардан мен де ауыз тимеп
пе едiм?.. Олардың дәмi таңдайымнан әлi кете қойған жоқ. Бiрақ
мына сен iшiп үлгермеген удың қасiретiн ешкiм ӛлшеп, ешкiм
салмақтай бiле алмас. Сен ердiң екiжүздiлiгiне, надандығына
ӛкпелегенсiң. Елiңнiң жалқаулығына, ӛнер
-
бiлiмге ұмтылмағанына
бола у iшкенсiң. Бар арман
-
мұратыңды iске асырады ма деген
ұлдырыңды, бiрiнiң артынан бiрiн жерлеп, запыран зәрдiң дәмiн
татқансың. Соған бола ӛзiңдi бақытсыз санаған болатынсың. Бiрақ
сен бақыттың
не екенiн бiлмей ӛтiпсiң. Мына заманға жетпей
кеткеннiң бәрi бақытты екен. Ендiгi жерде бақыттың ең үлкенi,
ӛлген жаның кӛмiлуi болды. Сүйегi туған жерде қалды, ӛзi жаралған
топырақпен бетi жабылды деп жұбанатын халге жеттi.
АБАЙ! Қалың елiң қазағың бәлен күн аза салып, бетiн жыртып
жыласып, ақ жауып аруласып, ақ батасын оқысып, жоқтау айтып
жыласып, ата
-
баба қаделерiн ӛткiзiп, артында кӛметiн елi,
201
жылайтын ұрпағы қалып ӛлген ӛлiм, ол бақыттының ӛлiмi екен. Ӛзiң
айтқан жақсы ӛлiпсiң, япырмай. Бақыттының бiрi сен екенсiң. Мына
заманды кӛргенде мүмкiн сен бұрын iшкен уыңды балқаймаққа
теңер ме ең?..
Жастай кеттi, жетпей кеттi деп ұлдарымның қазасына налушы
едiм бұрын. Ендi бұ күндерге жетпей кеткенiне қуанамын. Аз да
болса бақытқа, қуанышқа толы ӛмiр сүрiптi.
Абай, сен, ер мен ердiң арасын, ел мен елдiң арасын
жақындатамын деп жан күйдiргенсiң. Ердiң iсiн, елдiң iшiн тәртiпке
сала алмай шарнағансың. Қарлығаш боп қанатыңмен су тасыған
қайда сол елiң, қайда сол ерiң?.. Сен қызғыштай қорыған ерiң не
болды, елiң не болды?... Сен ел қылам деген елiң кәзiр ақ пен
қызылға бӛлiнiп алып кектестi, бай мен жарылы боп бӛлiнiп ӛштестi.
Кектескенi сонша баласы әкесiн, қызы шешесiн жау еттi.
Ӛштескенi сонша тергеусiз, сотсыз бiрiн
-
бiрi жайратып салды.
Заңы да жоқ, ережесi де жоқ зымиян заманға тап болдық.
Арамдылығы сонша бүкiл елге Кеңгiрбай мен Құнанбай қанiшер едi,
жауыз едi дегiздi, Кебек пенен Қодар қанын олар мойнына жүктедi.
Қайда кеше жер жетпей таласып, жаулау жетпей жағаласып жатқан
қалың ел?.. Құнанбай ұрпағы түгiл, Ырғызбайдан еркек кiндiк
қалмауға айналды. Абай
-
ау, айтшы ӛзiң тӛресiн, сол азаматтар
Кебектен кем бе едi?… Қодардан қор ма едi?.. Абай
-
ау, солардың
құнын қуарлық, ер түгiл артын жоқтап жылау айтар қатын
-
қалаш
қалмады ғой… Кешегi Орда мен Шыңғысқа сыймай жатқан ел
қайда?.. Қор болды Абай елiң
Есi де кеттi
-
ау елiмнiң,
Еңсесi түстi
-
ау ерiмнiң.
Тасыған сүттей заман
-
ай.
Қаймағы күйдi
-
ау тӛлiмнiң.
Қаралы
болған халықтың
Азасын айта жалықтым.
Шошыдым қатал заманнан
Қу бас та болып қалыппын.
Шаршаған Дiлдә керегеге сүйенедi. Жiгiт пен келiншек
қолтығынан демейдi. Үйге пақырлар жинала бастайды.
ДIЛДӘ. Ерiң еңiреп қалды ғой, Абай
-
ау! Тұрағұлың қайда?..
Тұрағұлыңмен дос болған, бүкiл ел боп «алаш» деп ардақтаған
арыстарың қайда? .. Бәрi бiр оқтық боп жоқ болды. Ақыл
-
ойға
симайтын заман болды. Ел билейтiн әкiмнiң, сӛз сӛйлейтiн
202
шешеннiң, ой ойлайтын кӛсемнiң басына зауыл боп келдi бұл
заман…
Есi бардың есiн алды, есiрiк ел биледi.
Бәрiн ақылмен болжап бiлген Абай едiң, мынау зауал
заманды болжай алмапсың
-
ау, Абай!
Қара орманыңнан қалғаны мынау (қолымен дүние
-
мүлкiн
кӛрсетедi). Қалың елiң қазағыңнан қалғаны мынау (ұйлығып тұрған
пақырларды кӛрсетедi).
Бар екен сен iшiп үлгермеген у !
Уландым ғой, Абай, сол уға! алсаңшы менi қасыңа…
Дiлдә құлап түседi…
10.12.1997 ж.
203
Осы еңбегімді қазақ халқының ән мен күй ӛнерін жинақтауға,
әсіресе маңғыстаулық қайқылар мен сайқылар еңбегін
жарыққа шығарып, елге танытуға бар ғұмырын арнаған
құрдасым, досым
Ізбасар Шыртановқа
арнадым.
Адайдың жеті қайқысы
Екі бӛлімді, он екі кӛріністі музыкалы драма
Осы шығарманы жазу барысында берген құнды кеңестері
үшін
Әбіш Кекілбайҧлына
зор рахметімді айтамын. Әбіш ағаның біраз нақыл сӛздері
билер сӛзі ретінде пайдаланылды.
"Адайдың жеті қайқысы" атты музыкалы драма жазу
қажеттігін алғаш рет кӛтеріп сұраныс берген, мәдени
мұралар жанашыры, Маңғыстау облысының әкімі
Қырымбек Елеуҧлы Кӛшербаевқа
ризашылық сезіммен алғысымды айтамын.
Ақтау
2008
Адайдың жеті қайқысы
Музыкалы драма.
Музыкалық арқау –
адайдың жыр күйлері
204
Басты кейіпкерлер
Бәйімбет бай
70
жаста
Бай бәйбішесі
60
жаста
Иса би Тіленбай ұлы
65 жаста
1829-1909
Ермембет би
57
жаста
1837-1909
Мәтжан би
53 жаста
1841-1929
Тастемір Шыршығұлұлы
41 жаста
Жылкелді Теңізбайұлы
39 жаста
1855-1938
Шолтаман Байсарыұлы,
35 жаста
Досат Маяұлы
35 жаста
Ӛскенбай Қалмамбетұлы
34 жаста
1860-1925
Тұрсын Алдашұлы
32 жаста
Әділ Ӛтеғұлұлы
29 жаста
Қалнияз ақын
79 жаста
1816-1902
Ақтан
45 жаста
1850-1912
Аралбай
40 жаста
1854-1914
Мұрын жырау
35 жаста
1822-1910
Қоштай бай
35 жаста
Сәттіғұл Жанғабылұлы
20 жаста
1876-1966
Айша биші
20 жаста
Ғайша биші
17 жаста
Айшаның атасы
Жамал әнші
Үлкен келін
Кіші келін
Бірінші жігіт
Екінші жігіт
Хиуа ханы
Бақшы
Дутаршы
Шал, аңқау палуан, кісі, сәнді келіншек, екінші келіншек, үшінші
келіншек,
бірінші кісі, екінші кісі және басқалар.
Асқа жиналған кӛпшілік
Қойылым желісі –
Ақ Кетік қаласының маңында берілер асқа дайындық және
ас.
Бірінші бӛлім –
асқа дайындық, 1894 жыл;
Екінші бӛлім –
ас, 1895 жыл.
Бірінші бӛлім. Асқа дайындық. 1894 жыл.
205
Бәйімбет бай Ақ Кетік қаласы маңында әкесіне ас беретін болып, бір жыл
бұрын сегіз арыс адайға сауын айтқызғалы Иса, Ермембет, Мәтжан билер мен
Қоштай байды, Шолтаман, Жылкелді әншілерді шақырып мәжіліс құрады.
Шалқыған кӛк теңіз жағасына жақын тігілген Бәйімбет бай ауылы.
Бірінші кӛрініс.
Бәймембет бай ҥйі. Шолтаман ӛнері.
Шымылдық әлі ашылмаған. Адайдың жыр күйлерінің сазы естіліп тұрады.
Жыр күй сазы Шолтаманның әніне жалғасады.
Шолтаман:
Барады аулым кӛшіп Кӛлтабанға,
Салайын Сарыӛзенде Шолтаманға.
Қырмызы қызыл заман амалың кӛп,
Жолығып қалма бір күн қыран паңға.
Дауыс:
Шолтаман ән салып жатыр!..
Шымылдық ашылады.
Ұлттық жиһаздармен, мүліктермен сәндендірілген Бәйімбет байдың киіз
үйі. Кереге бастарына ақбас ер, қабы сүйектелген қылыш, қалы керме,
домбыра, торсық секілді заттар ілінген.
Иса би, Ермембет би, Мәтжан би, Қоштай бай, Бәйімбет бай
Шолтаманды жырлатып отырады.
Ерте кӛктем. Адамдар киімі күннің әлі салқын екенін байқатады.
Шолтаман:
Дүние қозғалады тимесеңде,
Ӛткен күн қарайламас сүйресеңде.
Кездессең ажал итке амалың жоқ,
Ғаламды он сегіз мың билесеңде.
Дүние қызыл түлкі бұлаңдаған,
Айтпаса кімнің сырын кім аңдаған.
Жан барда, ей жігіттер, сырласып қал,
Бұл дәурен ӛтпей бастан тұра алмаған.
Шолтаман әнін аяқтап,
жыр күй сазын ширата тағы бір қайталай тартып
ӛтеді.
Бәйімбет бай:
Пай, пай шіркін
-
ай!
Бұл дәурен ӛтпей бастан тұра алмаған дейді
-
ау!
206
Жарықтық аталар әуені
-
ай! Құлаққа қандай жағымды! Жұрекке
қандай сіңімді! Туған ел сазы деген осы...
Ермембет
би:
Балалық
шақтан
ӛтіп,
есін
дұрыс
қалыптастырған барлық пенде туған ел, туған жер деген сӛздерсіз
ӛмір сүре алмақ емес.
Иса би:
Адам пендесінің туған жер деп табынатыны ӛзінің
жаралған топырағы болса, туған ел дейтіні түсінісетін тілі мен
сүйсінісетін осы әуендері секілді.
Мәтжан би:
Жақсы айттыңыз
-
ау, Ермембет би! Жеткізіп
айттыңыз
-
ау, Иса
-
еке! Елді ел етіп біріктіріп тұратын да, солардың
мінездері мен қасиеттерін сақтап тұратын да сол әуендер мен
саздар...
Қоштай бай:
(кербездене сӛйлейтін кісі)
Мәтжан аға!
Біздердің
адамдар деп жүргеніміз, ел деп жүргеніміз сонда әлгі
жыршылардың ыңылы мен домбыраның дыңылы болғаны ма?
Кекеткендей болып күледі.
Мәтжан би:
Ай, Қоштайжан
-
ай! Сұрағыңды астарлап отыр
екенсің. Сенің сӛзіңді түсіну үшін ерекше ойдың қажеті шамалы.
Кішкене ойланып отырып қалады.
Мәтжан би:
Ал біздің сӛзімізді түсіну үшін сол нәрсе керегірек.
Кейбіреулерге жыршылардың ыңылы мен домбыраның дыңылы
күлкілі нәрсе болып кӛрінсе, маған сол ыңыл мен дыңыл
бабалардың ӛсиеті, тіпті бұйрығы секілді болып естіледі.
Олар: біз жырлап ӛткен әуенді бұзып алмаңдар, біз салып
кеткен соқпақтан адасып қалмаңдар деп саздары мен сӛздеріне, кӛп
байқала бермейтін, бір қоңыр ызың енгізіп қойған секілді.
Қоштай бай:
Ол қандай ызың болды екен?
Мәтжан би:
Аталардың сол
ызыңын түсіну үшін осы әншілер
салатын әуендер мен күйшілер шығаратын күй саздарын жүрекпен
тыңдап байқаңдаршы. Жүректеріңе жетіп қалар. Ал жүрекке жетті
болды, онда сол саздар мен мақалдардың аржағында ылғи күзетте
тұрған бір рух бар екені байқала бастайды. Мен соны сезетін
секілдімін.
Иса би:
Ән де, саз да, Шолтаманның ӛзі де сіздер сӛйлеп
отырған тіл де, осы отырған бәріміз де, сол баяғы біз кӛрген
шалдардың елесі, рухы емеспіз бе!?
Мәтжан би:
Осындай саздарды естігенде Абыл ақын мен
Абыл күйшілер желке жағымда тұрып алып "естідің бе?", "естісең
ойландың ба?" деп, күбірлеп тұрғандай әсер аламын.
207
Қоштай бай:
(сескенгендей болады)
Ей Алла! Сақтай гӛр ӛзің!
Достарыңызбен бөлісу: |