1
Сайын Назарбекҧлы
Шығармалар жинағы
8 том
Ақбӛбек
Драмалық шығармалар
Ақбӛбек
Ант
Ең асыл мұра
Абай ішіп үлгермеген "У"
Адайдың жеті қайқысы
Ай кӛрдік, аман кӛрдік
Алматы «Жазушы»
2011
2
Лебен Сәдуақасҧлы,
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі
…”Асыл арман, жол таппасам баратын, жетем саған ӛзім
салған соқпақпен” –
деп, жазыпты Сайын “Асыл арман” деген
ӛлеңінде. Меніңше, ол арманға жеткізер соқпаққа емес, даңғыл
жолға түскен тәрізді. Ондайда орындалмайтын арман болмайтын
шығар. Аман жүр. Аман жүрсең, ӛлеңдерің де ӛзің кӛбірек қаузайтын
асқар
-
асқар армандарыңның ақиқатқа айналуына күмәнім жоқ. Мен
ғана емес, сені білетін елің осылай дейді.
Ләйім да солай болсын!
Әбіш Кекілбайҧлы,
Қазақстан халық жазушысы.
Мен оған алғашқы жүздесуімнен бермен қарай ылғи таң
қалумен келемін. Әуелі, бауырмалдылығына таң қалдым. Сосын
достыққа адалдығына таң қалдым. Алған беттен қайтпайтын
қайсарлығына таң қалдым. Табандылығына таң қалдым. Ол мені
әлденеше рет қорқытты да. Ӛйткені, әлденеше рет ӛлімнен қалды.
Дауасы жоқ дертке ұшырап, ӛзге жұрт қаралай күдер үзетін жерде,
ол күдерін үзген жоқ. Үш рет оташының пышағына түсіп, отанына
аман қайтты, тірі жүрген қаһарман керек болса, қасыңызда жүр.
3
Ақбӛбек
Адам пендесі үшін тіршіліктің тірегі де мағынасы да –
Ұлы
Жаратылыс сыйға тартқан –
махаббат сезімі!.. Ғашықтық сезім!..
Тумақ бар да ӛлмек бар. Демек ғашықтық пен қайғы сезімдері
ӛмірде қатар аяқ басып, қатар жасайды.
Шынайы махаббат иелеріне не заманы, не адамы кедергі
жасап, сезімдері сәтсіздікке ұшыраса, арты қасіретке айналып ел
назарына ілінсе, замандастары кезінде қуғынға ұшыратқанымен
артқы ұрпағы оларды ақтаған, олар қасіретіне ел болып қайғырған.
Баян мен Қозы, Еңлік пен Кебек, Ақбӛбек пен Қайып
махаббаттары бір
-
біріне қандай ұқсас болса, ұрпақтарының оларға
деген ықыласы да сондай ұқсас. Құлшардай кемеңгері бар ел,
Қойшы баладай ӛшпес жады бар халық ешқашан оларды
ұмытпайды.
Ерлік тек ер азамат ісі емес. Қысылтаң шақта, екіталай шақта
ерлікке әйелдер ерлерден бұрын барады. Сондықтан да Ақбӛбек
ерлігі, Ақбӛбек махаббаты халық махаббатының, әйел ерлігінің
символындай болса, Қайыптай бейнелер қасиетті халық ӛнерінің
символы.
Ақбӛбек
-
Қайып уақиғалары 1881 жылы басталып, Маңғыстау
ӛңірін дүр сілкіндірген екен. Бұл қасіретті махаббат туралы
кезінде
саздар мен әндер шығарылған. Олар ел жадында сақталып, әлі
күнге жырланып келеді.
Махаббаттың ең қасиетті құбылыс екенін әйгілеумен келеді.
Басты кейіпкерлер:
Бӛбек –
Есжан байдың қызы,
әнші,
16 жаста.
Қайып –
зергер
-
етікші, сазгер
-
күйші, ақын
-
әнші, ӛнерлі жігіт, 23
жаста.
Дина
–
Бӛбектің жеңгесі, 20 жаста.
Есжан бай
–
Бӛбектің әкесі, 50 жаста.
Сәнтӛре
–
Бӛбектің анасы, 40 жаста.
Қойлыбай
–
Есжан байдың ұлы, 25 жаста.
Дина
–
Бӛбектің жеңгесі, 20 жаста.
Мамыртай
–
Есжан аулының қарт кісісі.
Итбай
бай –
Есбергеннің әкесі, 50 жаста.
4
Гҥлсара –
Есбергеннің шешесі, 40 жаста.
Есберген –
Итбай байдың баласы, 25 жаста.
Кедей батыр
–
Итбай аулының адамы, 35 жаста.
Қойшы бала
–
Итбай аулының жалшысы, 10
-
12 жаста.
Бегей
–
орта жастағы ӛз аулының бас кӛтерген азаматы.
Бегей Бәйбішесі
–
Қайыптың рулас апасы.
Қайыптың қҧрдасы
–
Бегей аулының жігіті.
Қҧлшар
–
атақты күйші, қарт адам.
Қарт кісі.
Нӛкер жігіт.
Жігіттер, қыздар.
Ауыл адамдары.
Бірінші бӛлім
Алғы сӛз
4
1-
кӛрініс. Кездесу.
6
2-
кӛрініс.
Тӛбе басындағы кеңес.
7
3-
кӛрініс.
Есжан бай үйіндегі әңгіме.
9
4-
кӛрініс.
Шебер үйінің сырты. Күй сазы. Бӛбек пен Дина.
15
5-
кӛрініс.
Шебер үйінің іші. Алғашқы кездесу. Алғашқы сезім.
15
6-
кӛрініс.
Айтыс.
19
7-
кӛрініс.
Шебер үйінің сырты. Даладан тыңдалған ән.
20
8-
кӛрініс.
Бай үйінің іші. Той қамы.
24
9-
кӛрініс.
Түн. Шебер үйінің сырты. Бӛбек сыры. Табысу.
26
10-
кӛрініс.
Есжан үйі.
30
11-
кӛрініс. Дина мен Бӛбек шебер үйінде.
30
12-
кӛрініс.
Ғашықтар шешімі.
32
13-
кӛрініс. Есжан үйіндегі қапылыс.
34
Екінші бӛлім
1-
кӛрініс.
Бегей ауылы.
37
2-
кӛрініс.
Итбай ауылы.
40
3-
кӛрініс. Кедей мен Есберген.
43
4-
кӛрініс.
Қалашылардың оралуы.
47
5-
кӛрініс.
Қайып қасіреті.
48
6-
кӛрініс.
Қойшы бала.
50
5
7-
кӛрініс.
Бӛбек пен қойшы бала.
52
8-
кӛрініс.
Қайып пен Бӛбек. Қашқындар.
54
9-
кӛрініс.
Тұтқындар. Құлшар. Ант.
61
10-
кӛрініс.Итбай ауылының адамдары.
64
11-
кӛрініс.Бӛбек пен Есберген.
12-
кӛрініс.
Қайып әнінің оралуы.
“Ақбӛбек” уақиғасының ақыры.
Сӛз соңы
68
Алғы
сӛз
(Сахна ашылар алдында терме сарынымен орындалып
жатады).
Адай деген ел едік...
Адай деген ел едік,
Қазақтың қара баласын,
Хан ұлына теңгерген.
Жігерлі болып ӛссін деп,
Тентегіне жел берген.
Ортадан оза шапқанға,
Дәрежелі шен берген.
Заты қара темірге,
Күмістеп бетін ӛң берген.
Ақындар салған ұран
-
жыр,
Батырына дем берген.
Азаулыны ардақтап,
Стамболдан кем кӛрмей,
Алмаға атын байлаған.
Әрі кӛшіп жат жерге
Днепр, Донды жайлаған.
Бері қарай ен дала,
Еділге кӛпір салдырған.
Жайықтан ӛтіп дем алып,
Шалғынға атын шалдырған.
Сарайшықта кеңесіп,
Дәрежелі ханмен теңесіп,
Біздің сол бір бабалар
Отырды екен не десіп?
6
Қап тауында жайласа,
Адай атын қалдырып;
Азаулыдай далада,
Адай мола салдырып;
Қырымда қызын ұзатып;
Ұрымда ұлын піштіріп;
Бірде даха, бірде дай
,
Массагет боп, бірде адай,
Мынау шексіз әлемнің
Тӛрт бұрышын кезгенде;
Жеті ханға ақыл боп,
Сыпыра жырау ӛткенде,
Маңғыстаудан Ауғанға,
Асан қайғы кеткенде –
Іздеді нені бабалар?
Не ойлады даналар...
Жетпеген соған бұ күнде
Ұрпағында сана бар.
Жетісу жұмақ жаннатта,
Мұңал ошақ от жағып;
Түркістан, Сауран мекендеп,
Ӛртіне жоңғар қақталып;
Ауыздан бірлік кеткенде,
Қазақтың ары тапталып;
Шұбырынды ақтабан,
Аты содан сақталып...
Заманнан заман ӛткенде
Қазақтың басы қосылып,
Жауына соққы беріпті.
Қол бастаған ерлердің
Соңына жұрты еріпті.
Беріштен шыққан Ағытай
Адайда Назар, Шотан бар,
Есенқұл мен Сабытай,
Осы ерлердің қалыпты,
Тарихта аты сақталып.
Қазақтың басы бірігіп,
Тапталған ары қазақтың,
Алынған екен ақталып;
Он сегізінші ғасырда,
7
Бес ғасырдай шет жүріп,
Ата қоныс Маңғыстау,
Айналып қайта жерленген.
Ата мекен жерінде,
Мерейі елдің ӛседі.
Қасиетті Маңғыстау
Ғашықтардың мекені.
Шынайы сезім туғызар,
Осындай дала деседі.
Жырға қостық біз бүгін,
Ақбӛбек пен Қайыпты,
Есте қалған кешегі.
1-
кӛрініс. Кездесу.
Қазақтың дархан даласы. Жайылып жатырған бір отар қой.
Қойшы бала домбыра тартып, “Жамал
-
ай” әнін айтып отырады. Бір
топ нӛкерлерімен Құлшар күйші сахнаға шығады. Олардың ән
тыңдап тұрғанынын бала байқамайды. Ән аяқталады.
Қҧлшар.
Әй, бәрекелді балам, тәуір әнші екенсің! Біздей
жолаушылар кездейсоқ сенің әніңе кездесіп, кӛңілдерін бір кӛтеріп
алды. Ӛнеріңе риза болып қалдық.
Дауыстар.
Риза болып қалдық.
Даусы қандай еді!
Болайын деп тұр екен!
Қҧлшар.
Атың кім балам?
Қойшы бала.
Ассалаумағалайком, ата! Ассалаумағалайком
ағалар! Ата, әркімнің есігінде малшы болып жүрген баланың аты
болушы ма еді? Оның аты “қойшы бала” болады дағы.
Қҧлшар.
Жоқ балам, мынадай ӛнермен адам ӛмір бойы
“қойшы бала” болып қалуға болмайды. Айтпасаң, қайтара
сұрамадым. Бір ғажап әнші бала кӛрдім деп жүрермін. Мен сені
ендігі жерде “әнші балам” деп еске түсіріп жүреретін боламын.
Қойшы бала. “Әнші бала” деген ат маған да ұнап тұр. Мен
әнді ӛте жақсы кӛремін. Бір естігенде кез
-
келген әнді жаттап
аламын.
Қҧлшар.
Әнші балам! Аллатағала халықты жаратады.
Солардың ішінде біреуін әнші біреуін ақын етсе, ал енді біріне не
шеберлік ӛнер, не басқа ӛнер бере салады. Халық ӛнерсіз
болмайды. Сені әнші етіп жаратқан екен, сен ел алдында сол үшін
8
борыштысың. Сен бүкіл елдің жадысың. Ел аузына ілінген барлық
әнді сол елдің ӛзіне айтып беруші де, ертеңгі ұрпаққа жеткізуші де
сен секілділер.
Қойшы бала. Ондай кісілердің жӛні басқа болатын болар
-
ау!
Қҧлшар.
Жоқ балам, атақты болу ӛнерлінің ӛз қолында.
Ӛнерлі жан ӛнерін дамыту жолында еңбек етпей, кӛптің бірі болып,
сол кӛпке араласып кетсе ол да бір “қойшы бала” болып қала
береді. Ал ӛз ӛнерін сыйласа, оның ӛзінікі емес халықтың мүлкі
екенін түсіне алса онда ол адам ӛз атағына “ұлы” деген сӛз
жалғатады, ал елін “қазақ шетінен ӛнерлі
халық екен” деген атаққа
іліндіреді.
Қойшы бала. Атажан
-
ай, менің жүрегімді бір түрлі тулатып
жібердіңіз ғой! Бірақ менің қолымнан не келеді дейсің?..
Қҧлшар.
Бәрі келеді. Тек қана міндетіңе адал бол. Құдай
жазса тағы да кездесерміз. Қош бол. Мен Құлшар
деген атаң
боламын.
Құлшарлар шығып кетеді. Бала аңырып тұрып қалады.
Қойшы бала.
Құлшар күйші!.. Жаңағы кісі Құлшар ата болғаны ма?..
Біраздан соң есін жиып “Қош бол, ата”, “Қош бол Құлшар ата”
деп айқайлап, қолын бұлғайды.
2-
кӛрініс. Тӛбе басындағы кеңес.
Орталарында Бӛбек бар, асық ойнап жүрген ауыл
балаларының қасынан ӛткен тӛрт кісі (Есжан, Мамыртай, Итбай,
Кедей) ауыл маңындағы тӛбе басына барып жайғасады.
Есжан. Алла тағала мал баққан шаруаға биыл аямай
-
ақ беріп
тұр!.. Қараңдаршы, жердің масатыдай құлпыруын!.. Жақында күзге
дейін жұрт аударып қонамыз деген жердің бәрін аралап кӛрдік, қалы
кілемдей құлпырған қызғалдақ дала!.. Сіздер Маңғыстаудан келе
жатырмыз дедіңдер ме?.. О жақтың оты қалай екен? Ел
-
жұрт аман
ба?..
Итбай. Ел
-
жұрт аман, жер жақсы. Тек біздің ауылдардың
қыстақтары биыл оншалықты емес секілді.
Есжан. Ел
-
жұрт аман болса жарар. Күзге дейін жаңбыр да
жауар, жер де кӛгерер.
Итбай.
Құда, “Тентектен тез хабар” дегендей, мен келген
шаруама бірден кірісейін. “Тең
-
теңімен, тезек қабымен” деп біздерді
9
айтқан болар. Жасымыз құрдас, тілегіміз мұңдас, нағыз “арасында
жорға жүрер” деп айтарлықтай құдалармыз. Жаратқанның біздерге
берген ырзығы да мол болды, санасып жатқан жоқпыз. Біріміздің
сӛзімізді біріміз жерге тастайтындай бұрын
ӛз арамызда да, ағайын
арасында да кірбің болмаған ауылдармыз. Мен саған сӛзім ӛтеді
деп келіп отырмын. Ӛткен жолы мына Кедей інім ӛзіңе сұрағымды
жеткізген. Сылтау іздеп, жағдай айтып сәл нәрсені шешілмес түйінге
авйналдыра бермелік.
Есжан.
Ау, құда, таусыла сӛйлейтіндей не боп қалды,
соншама?
Кедей.
Есжан құда! Бұ сұрақ жалғыз Итбай құдаңыздың сұрағы
емес, тұтас бір рулы елдің Сізге салып отырған салмағы. Құдай
қасиет берген кӛріпкел бақсылар Арқада алдағы қыс малға жайлы
болады деп болжап отыр. Соларға сендік. Осы қыста Маңғыстаудың
ойына құламай, осы жақта қыстап қалмақ ойымыз бар. Ӛзің білесің,
Маңғыстаудан осы жерге дейін үдіре кӛшкенде бір айлық,
асықпасаң екі айлық мезгіл. Қызыңыз ержетті. Балалар тойын күзде
жасаймыз деген уәделерің бар екен. Ауыл
арасы қашықтамай
тұрғанда осы жазда тойды ӛткізіп жібергендерің бізге де, сізге де
ыңғайлы емес пе... Арттағы еліміз біздерді шаруаны бітіріп келеді
деп, құдасына беделі ӛтеді деп сеніп қалды.
Есжан.
Ай, Кедей шырағым
-
ай, тойды жасай салайық, қызды
ұзата салайық деу айтар ауызға оңай болғанмен, біз үшін
орындалуы қиын шаруа болып тұр. Жалғыз қыз еді. Бетіне жел боп
тимей ӛсіріп едік.
Кедей. Есеке
-
ау, бар қазақ қызын солай ӛсіреді емес пе! Бой
жетті. Он алтыдағы қыз баланың не ойы бар екенін кім білген..
.
Мүмкін ішінен “мені тезірек неге ұзатпай жүр екен әкем” дейтін
шығар...
Есжан. Тәйт, әрі! Не деп кеттің! Бӛбекжан: “Мен ұлмын”, –
деп, әлі күнге қыз киімін иығына ілместен келеді. Анау асық ойнап
жүрген балалардың ішіндегі қызыл телпектісі сол, болашақ
келіндерің.
Кедей.
Не дейді? Ұзатылайын деп отырған қызды балалармен
асық ойнатып қояды деген не сұмдық? Еркелеткенде де солай
еркелете ме, әсіресе, қыз баланы?.. “Ата
-
баба жолы” деген,
ешкімнің қол тигізуге қақысы жоқ, қасиетті құрандай ережеміз бар
емес пе?
Мамыртай.
(Жұмсарта)
Бӛбекжан еркелеу, бірақ ақылды
бала.
Кедей.
Еркелік мін болмайды!.. Ақыл азық болмайды!.. Келін
боп түскен кез
-
келген ерке қыз, бір
-
екі қажарлы абысындарының
10
қолына түскесін, жіптіктей болып шыға келмейтін бе еді, тәйірі!
Ақылы
да кіреді, еркелігі де басылады...
Мамыртай. Есекеңнің бәйбішесінің қорқып жүргені де сол ғой.
Бұл бала ақылды да қайсар бала. Ертең жас келінді тезге саламыз
деп сындырып аласындар ма, кім біледі?
Кедей
.
Тез қасында қисық ағаш жатпайды демеуші ме еді.
Айттым ғой, сынбайды, түзетіледі. Түзетілгенде де жіптіктей
болады, мызылып шыға келеді, әлі...
Есжан
.
Менің де қорқып жүргенім біздің елдің осы мінезі.
Бӛбек маған үлдан да қадірлі бала еді. Айтқанын істемесем, ол
баланың жүрегіне жазылмас жара саламын
-
ау деп қорқамын. Қалың
малы алынған, бала сіздердікі, несіне асығасыздар?.. Әлі де бір
жылдай жүре тұрса, бойынан балалығы кетер еді деп, бәйбішем
зарланады да отырады.
Итбай
.
“Тӛре тайғақ болса бітіп болмас,
Тӛбе тайғақ болса шығып болмас” –
дегендей,
Есеке
!
Пайғамбар жасына жақындағанда, бойынан желі кетпеген бозбала
сӛзін айтып отырсыз ғой... Қазақтың қай қызы ӛз дегенін істету үшін
туатын еді.
Есжан.
Солайы солай ғой...
Кедей. Міне сӛз!.. Сӛз солай болғасын іс тынды емес пе!
Сіздің солайыңызды біз де “Солай” деп түсінеміз! Сол сӛзге
тоқталық!.. “Жарайды!” деген бір ауыз сӛзді сағызша шайнамалық.
Итбай.
Есеке осылай бір ыңғайға қарай қисайғаның дұрыс
болды. Бәрімізде балаларымызды жақсы кӛреміз. Бәрімізде
қызымызды қимаймыз. Ал сіз болсаңыз он алтыға толған
қызды
бала деп әртүрлі дәлелдерге кӛп жүгініп кетіп едіңіз. Осыған қарап
мен Сіздің құдалық пейіліңізге күдіктене бастап едім.
Есжан.
Астафралла, не дейді! Ойпырмай, адам кӛңіліне
шайтан кірсе, ойламайтыны болмайды екен
-
ау!
Кедей.
Болмай жатып, құдаңызды “шайтан кӛңілді” деп, күнәға
батпаңыз. Сіздің кӛңіліңіздің де қандай екенін бір Жаратқанның ӛзі
біледі.
Есжан.
Астафралла, астафралла! Алғашқы кездесуіміз
осылай басталса, біз жарасымды құда болып жарыта алсақ жарар
еді?..
Кедей.
Есеке! Сіз бір сӛзіңізден
бір сӛзіңізді асырып, не деп
барасыз! “Шайтан кӛңіл” дейсіз бе, “құда болып жарытпаспыз”
дейсіз бе! Есіңізде болсын, жаңағы сіз айтқан “шайтан” ӛзіңіздің
кӛңіліңізді арбап, уәдеңізді бұзып, қызыңызды басқа біреуге бергіңіз
келіп жүрсе... одан Құдай сақтағай... ондай күн туса, құрметпен
11
ұзатылып, ардақталып келін болып түсетін балаң, ат кӛтіне
ӛңгеріліп қалып жүрмесін...
Достарыңызбен бөлісу: |