Сайыс: «Информатика – ғасыр талабы» атты интеллектуалдық олимпиада.
Мақсаты:
Білімділік: оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін жинақтау, бақылап, бағалау, өз беттерінше білім деңгейлерін көтеруге жағдай жасау.
Дамытушылық: оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін,танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік: оқушыларды шапшаңдыққа, өз ойларын анық жеткізе білуге, жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, жұмыс нәтижесіне жетуге, ұйымшылдыққа, жан-жақты болуға, ізденімпаздылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сыныптан тыс жүргізілетін сайыс сабақ.
Сабақтың әдісі: Топтық жарыс сабағы
Сабақтың типі: Білімді, іскерлікті, дағдыны қалыптастыру сабағы.
Жабдықтар: Интерактивті тақта, компьютерлер.
Көрнекіліктер: Слайд презентация, плакаттар, карточкалар.
Пәнаралық байланысы: Математика, қазақ тілі, ағылшын тілі, орыс тілі.
Сайыстың өту барысы:
Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар және білімге құштар жас өрендер! Бүгінгі «Информатика – ғасыр талабы» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Мынау ұшқыр заманда,
Жаңалық енді ғаламға.
Компьютер тілін меңгеру,
Қажеті туды адамға, – дей келе бүгінгі сайысымыздың ережесімен таныстырып өтейік. Сайысқа 2 топ қатысады.
1-кезең. “Таныстыру”
І-ші топ. «Алғырлар» тобы
Ұраны: Жарыс десе жанамыз
Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.
Сәлемі: Кластас ерігіп жүрме бос,
Қол ұстас, бірігіп тізе қос.
Жеңіспен мәреге барайық,
Жеңістің ұранын салайық.
ІІ-ші топ «Тапқырлар» тобы
Ұраны:Қандай сынақ болса-дағы беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске.
Сәлемі: Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым
Көрсетеміз бізде қандай күш барын
Алға қойған мақсатымыз бір екен,
Сәтті болсын сапарымыз әрдайым!
1 – жүргізуші: Сайысымызда топтардың ұпайларын есептеп, әділ бағасын қадағалау үшін әділ – қазылар алқасын тағайындап алайық.
Дүниедегі құбылыстың мәнін де,
Интернеттің, жаңалықтың бәрін де
Мүмкін емес информатикасыз түсіну,
Компьютер дүние кілті бүгінде, – демекші, заман талабына сай әрбір адам компьютердің қыр-сырын білгенге не жетсін!
Жүргізуші: Ал, балалар! Аттанамыз ба?
1 кезең: “Ойлан, тап!”
Төменде тапсырмалар берілген. Берген жауаптарың дұрыс болса фигура жасыл түске, жауаптарың қате болса қызыл түске боялады. Әрбір сұраққа 3 ұпайдан берілсін. (слайд)
2-кезең. “Кім жылдам?” (своя игра) 1 мин
1.Ойыншыларға экранда көрсетілген 4 тақырыпты таңдау ұсынылады.
2. Әр тақырып 10,20,30,40,50 санды ұяшықтарға бөлінген.
3. Ұяшықтағы сұраққа жауап берсе ойыншы сол ұяшыққа тиесілі ұпайды иеленеді.
4. Ұяшықтағы ұпай көбейген сайын сұрақ та күрделене түседі.
3– ші кезең “Ребус шешу” бұл кезеңде оқушылар ребусты шешеді.
Достарыңызбен бөлісу: |