1.1.2.1 Ән айтуда оның сипатына және әндету ережелеріне сәйкес орындау;
1.1.2.3 Музыкалық аспаптардың көмегімен шығармаларды сүйемелдеу.
Сабақтың мақсаты:
«Достарым бар» әнін үйренеді; талап бойынша орындайды; музыкалық сауат: ырғақ туралы біледі.
Сабақ барысы
Сабақ кезеңі
Педагог әрекеті
Оқушы әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Ұйымдастыру.
- Сәлеметсіңдер ме!
«Шаттық шеңбері» Оқушалар шеңберге тұрып, бір-біріне бүгінгі сабаққа тілектерін айтады.
Балалар сендер мектепке не үшін келесіңдер?
Мектепте достарын бар ма?
Достарын сендерге ұнайды ма?
Сендер достарынмен не істейсіңдер?
Жақсы. Балалар біз жана кімдер туралы айттық? Сонда қалай ойлайсыңдар бүгінгі тақырып не жайлы болады?
Мектептегі достарым.
Амандасады.Өткен тақырыпты еске түсіреді.
Шеңберге тұрып, бір-біріне тілектерін айтады.
Білім алу үшін.
Иа, бар.
Ұнайды.
Бірге сабақ оқимыз.
Достар туралы айттық.
Мектептегі достарым.
Ауызша мадақтау
Жарайсыңдар!
Керемет!
Жақсы!
Жаңа тақырыпты түсіндіру.Бекіту.
Балалар өз достарың туралы не білесіңдер? Әр бала өзінің досын айтады.
Ырғақ туралы түсінік.
ЖЖ «Сиқырлы есімдер» әдісі.
Балалар достарының есімін ырғақ арқылы құрастырып, айтады.
ҰЖ Дауыс жаттығуы.
Ал, енді балалар дауысмызды жаттықтырайық. Ол үшін мына ноталарды айтуымыз керек:
До, ре, ми, фа, соль, ля, си.
Си, ля, соль, фа, ми, ре, до.
Енді «Достарым бар» әнін айтайық.
ШЖ Балалар әркім өз досын біледі. Қазір өз достарының суретін салындар.
Әр бала өзінің досы туралы не білетінін айтады.
Ырғақ туралы біледі.
"Бас бармақ" әдісі.
Жоғары – сабақ ұнады, бәрін толық білдім.
Орта – бәрін білдім.
Төмен – түсінбедім.
Оқушылар қажетті бас бармақты таңдайды. Бүгінгі сабақта не түсінгенін, қандай сұрақтар туындағанын айтады.
Ұжымдық бағалау
Бекітемін: __________________ Мешитбаева Г.А
Бөлім:
Музыка тыңдау, талдау және орындау
Мектеп:
Ж.Тәшенев атындағы ЖОББМ
Мұғалімнің аты-жөні: Машықкер:
Ерболат Ж.
Жасқайратова С.К
Күні:
17.10. 2023
Сынып: 1 «В»
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Пән:
Музыка
Сабақтың тақырыбы:
Мектеп үйірмесі
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:
1.1.2.1 Ән айтуда оның сипатына және әндету ережелеріне сәйкес орындау;
1.1.3.1 Есту қабілетіне сүйене отырып музыкалық көркемдеуші құралдарды анықтау;
1.2.1.1 музыкалық шығармашылық жұмыс арқылы шығарманың сипатын жеткізу.
Сабақтың мақсаты:
«Билейік» әнін үйренеді; талап бойынша орындайды; мектеп үйірмелері туралы біледі.
Сабақ барысы
Сабақ кезеңі
Педагог әрекеті
Оқушы әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Ұйымдастыру.
- Сәлеметсіңдер ме!
«Шаттық шеңбері» Оқушалар шеңберге тұрып, бір-біріне бүгінгі сабаққа тілектерін айтады.
Балалар сендер мектепке не үшін келесіңдер?
Балалар мектепте үйірмелерге барасындар ма?
Біздің мектепте қандай үйірмелер бар?
Үйірмеде балалар не істейді?
Сендерге үйірмелерге барған ұнайды ма?
Балалар біз жана не жайлы айттық?
Ал, қалай ойлайсыңдар бүгінгі тақырып немен байланысты болады?
Дұрыс айтасыңдар!
Мектеп үйрмесі.
Амандасады.Өткен тақырыпты еске түсіреді.
Шеңберге тұрып, бір-біріне тілектерін айтады.
Білім алу үшін.
Иа.
Шахмат, домбыра, вокал, сурет.
Әр бала өз үйірмесінде не істейтінін айтады.
Ұнайды.
Үйірмелер.
Мектеп үйірмесі.
Ауызша мадақтау
Жарайсыңдар!
Керемет!
Жақсы!
Жаңа тақырыпты түсіндіру.Бекіту.
Мектепте сабақтан тыс уақытта түрлі үйірмелер жұмыс істейді. Мысалы: спорт, театр, әдебиет, сурет салу, қолөнері. Бос уақытыңда ұнаған үйірмелерге қатысуға болады. Балалар хор, халық аспаптар оркестрі, домбыра, би үйірмелерін жақсы көреді.
ТЖ Сурет бойынша жұмыс.
1-топ. Би үйірмесі
2-топ. Ән үйірмесі
Балалар берілген үйірме туралы не білесіңдер?
Бұл үйірмеге кімдер қатысады?
Үйірмені кім басқарады?
Бұл үйірмелерде адамдар не істейді?
Қандай би түрлерін білесіңдер?
Қандай ән түрлерін білесіңдер?
ҰЖ «Билейік» әнін айту.
«Ритмдік би» әдісі. Балалар ортаға тақтарын әкеліп, шеңберге отырады. Музыка ойнаған кезде қолмен, аяқпен ритм бойынша мұғалім жасаған қимылды қайталайды.
Үйірмелер туралы біледі.
ТЖ
Қойылған сұраққа сурет бойынша жауап береді.
1-топ. Би үйірмесі
2-топ. Ән үйірмесі туралы сұрақтарға жауап береді.
ҰЖ «Билейік» әнін айтады.
Балалар ортаға тақтарын әкеліп, шеңберге отырады. Мұғалімге қарап, музыка арқылы қимылдар жаасайды.
"Бас бармақ" әдісі.
Жоғары – сабақ ұнады, бәрін толық білдім.
Орта – бәрін білдім.
Төмен – түсінбедім.
Оқушылар қажетті бас бармақты таңдайды.. Бүгінгі сабақта не түсінгенін, қандай сұрақтар туындағанын айтады.
Ұжымдық бағалау
Бекітемін: __________________ Мешитбаева Г.А
Бөлім:
Шығармашылық идеяларды білу және тану
Мектеп:
Ж.Тәшенев атындағы ЖОББМ
Мұғалімнің аты-жөні: Машықкер:
Ерболат Ж.
Жасқайратова С.К
Күні:
12.10.2023
Сынып: 1«В»
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Пән:
Көркем еңбек
Сабақтың тақырыбы:
Табиғи материалдардың түрлері мен оны сақтау жағдайы.
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:
1.2.3.1 қауіпсіздік техникасын сақтап, материалдарды және құралдарды қолдану;
1.1.3.1 шығармашылық идеялары мен ерекшелігін (пішін, фактурасы, біріктіру тәсілі, дайындау технологиясы) салыстырып көрсету.
Сабақтың мақсаты:
Табиғи материалдардың түрлері мен оны сақтау жағдайларын біледі.
Балалар қазір қандай мезгіл?
Дала қандай?
Күзде жапырақтар не істейді?
Ағаштар қандай болады?
Дұрыс айтасыңдар.
Ендеше бүгінгі тақырып не жайлы болады?
Балалар бүгін біз ағашты жасайтын боламыз.
Қажетті құрал-жабдықтар: қайшы, желім, түрлі түсті қағаздар, А4 қағазы.
Алдымен, мына үлгіге қарайық. Бұл бізде ағаш. Бірінші біз ағаштың дінін салып, оны қиып аламыз. Екінші сары, тоқсары түсті қағаздарды алып, оны ұзын болып қиямыз. Үшінші, қиып алған сары, тоқсары түсті қағаздарды басы мен соңын бірге желім арқылы жапыртырамыз. Кейін дайын болған қағаздарды А4 бетіне әдемі қылып ағашты жасаймыз, жапыстырамыз.
Қауіпсіздік ережесін естен шығармау. Қайшымен жұмыс істеуде абайлау болу.
Ал, енді дайын жұмыстарымызды көрейік.
Күз
Суық, жел.
Жапырақтар сарғаяды, жерге түседі.
Ағаштар сары болады.
Күз, ағаштар.
Қажетті құрал-жабдықтарын дайындайды.
Балалар үлгіге қарап, ағашты жасайды.
Бас бармақ арқылы бағалау
.
Қорытынды.
«Бағдаршам» әдісі арқылы сабақты қорытындылау.
Қызыл түс-түсінбедім
Сары түс - сұрақтарым бар
Жасыл түс - толық түсіндім
Оқушылар бағдаршамның түсін алады. Бүгінгі сабақта не түсінгенін, қандай сұрақтар туындағанын айтады.