Сайыстың тақырыбы: «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» Сайыстың мақсаты



бет3/3
Дата25.10.2022
өлшемі22,35 Kb.
#45219
1   2   3
Байланысты:
мын бир макал

ІІ топқа сұрақ
Күндіз білінбейді,
Түнде күлімдейді (Жұлдыздар)
Балалар суға салған жіп
Тереңнен іліп алар жүк (Қармақ)
Шөміші жоқ теңізді сапырады
Кебісі жоқ егінді жапырады. (Дауыл)
Бұрап қойған сағаттай,
Айғайлайды таң атпай (Әтеш)
Бетін адам ашады,
Білім нұрын шашады. /кітап/
Көктемде ақ гүлге оранады,
Күзде қолға доп болып оралады / алма /
Жылт-жылт етеді,
Жылғадан өтеді / су /
ІІІ топқа сұрақ
Көше бойлап аяңдайды,
Адам тасып аялдайды. /автобус/
Әжем уыстап сығып
Далада кептірген.
Қатты әрі, дәмді
Көп жесең, шөлдеткен /құрт/
Күмбір-күмбір күйі бар
Құлағыңа құйып ал! /домбыра/
Тақылдатып таңдайды
Уақыттан бір қалмайды /сағат/
Сақалы жоқ, шашы бар, 
Бет-аузы жоқ, басы бар
Белін бекем байлаған
Қоқысты қоймай айдаған /сыпырғыш/



ІІІ. Қорытынды бөлім.
«Тұз астың дәмін келтіреді,
Мақал сөздің мәнін келтіреді»
«Мақал қайдан шығады ой болмаса,
Киіз қайдан шығады қой болмаса» - дегендей, мақал-мәтелдермен жұмбақ жарысын тамашаладық. Жарысқа қатысушы сайыскерлер өздерінің сөздік қорын байытып, қазақтың мақал – мәтелдерін, жұмбақтарын жақсы білетіндіктерін көрсете білді. Осы жаттаған жұмбақ, мақалдармен шектелмей, мемлекеттік тілімізді құрметтеп, шешендік сөздерді көбірек біліп, тілге шешен, сөзге жүйрік болуға ұмтылыңыздар.
Марапаттау.
Әділқазылар алқасы жеңіске жеткен топтарды мараппаттайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет