Бұл жүйе өте ыңғайлы және кез келген HTML тілін білмейтін адам да сайт жасай алады. Сайт жасаудың бірнеше сатылары бар: Вордпрессті компьютерге жүктеу => Ворпрессті денвер жүйесіне орнату (егер хостингіңіз болса, хостингке орнату) => Сайтты іске қосу. "
2. Қарапайымдылық
CMS WordPress-тің көмегімен сайтқа жаңа бетті қосу жолын көрсетейік:
1. CMS-тің ішкі басқару панелі сайт_аты.kz/wp-login.php адресі бойынша орналасады, мысалы менің сайтымның басқару жүйесінің адресі менің-сайтым.kz/wp-login.
Осы сілтеме бойынша өтсеңіз сіз CMS-тің ішкі панеліне кіру терезін көресіз.
2. CMS-ке кіру үшін- логин мен парольді білу кажет, бұл мәліметті тек сайт администраторы білуі ғана кажет.
3. Логин мен парольді осы терезенің жолдарына еңгізіп «войти» пернесін бассаңыз CMS-тің ішкі админ панелі ашылады.
CMS-тің ішкі админ панелі
4. Админ панелінің сол жағында орналасқам «страницы» пернесін бассаныз, мынандай терезе ашылады:
Суретте көрсетілген «добавить новую» пернесін бассаныз мынандай терезе ашылады:
“Сюда пишите название страницы” жолына беттін атын ал “Сюда пишите ваш текст” деген аланшаға беттін текстің жазыныз.
Кейін осы терезенің оң жағында орналасқан «опубликовать» пернесін басыныз (бұл перне осы суретке сыймады).
Сонымен бетті жасап болдық!
Көріп тұрғанымыздай CMS-тің көмегімен сайтты толтырудың еш қиындығы жоқ.
Ескерту: Тексті толтырумен CMS WordPress-тің функционалы шектелмейді, текстен басқа сіз суреттерді, сілтемелерді қоса аласыз. Бұны “Загрузить/вставить” пернесінің көмегімен жасай аласыз.
CMS Wordpress арқылы сайт жасау қиын емес.
Қорытындылай айта келер болсақ, CMS Worpdress дегеніміз - PHP тілінде жазылған, мәліметтер базасы MySQL, сайтты ашық түрде өңдеуге болатын сайтты басқару жүйесі.
Денвер жүйесі - PHP тілін іске қосатын, өзіндік мәліметтер базасы бар жүйе. Осы жүйемен сіз өзіңіздің Вордпресстегі сайтыңызды хостинг пен доменді сатып алмай-ақ өз компьютеріңізде іске қоса аласыз.
Вордпрессті келесі сілтеме арқылы өз компьютеріңізге жүктеңіз: http://ru.wordpress.org/wordpress-3.7.1-ru_RU.zip