Сайтты құру жолдары



бет6/9
Дата24.11.2023
өлшемі2 Mb.
#125254
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9

НТМL тілінің негіздері

Интернеттің қазіргі дамуы 90- жылдар басында копьютерлер арасында мәлімет алмасудың жаңа хаттамасы пайда болғаннан кейін басталды. Бұл хаттама НТТР (Hyper Text Transfer Protocol - гиппермәтінді тасымалдау хаттамасы) деп аталған болатын. Осы хаттамамен қатар НТТР серверлерінің кеңейтілген желілері болып табылатын Интернет арқылы файлдар тасымалдай алатын World Wide Web қызмет бабы пайда болды.

Бұл файлдардың басым көпшілігі Web- парақтар түрінде HTML (Hyper Text Markup Language- гиппермәтінді белгілеу түрі) тілінде жазылған арнаулы файлдар түрінде болады. Осы файлдарды НТТР сервердерінде орналастыру жолымен Web- парақтар қалың көпшілік пайдаланатындай түрде интернетте жарияланады. Web- парақтар мазмұны әртүрлі бола береді және олар әртүрлі тақырыптарды қамтиды, бірақ олардың бәрінің де негізгі жариялану яғни жазылу тілі HTML болып табылады. Осындай HTML құжаттарының бәрініңде файл аттарының кеңейтілуі HTM немесе HTML болуы тиіс.

HTML тілі World Wide Web қызмет бабымен дами отырып, Web- парақтарының ең жақсы деген мүмкіндіктерін жүзеге асырып, оны кең пайдалану жолдарымен толықтырылып отырылады. Ол World Wide Web жүйесінің негізі оның өте кең тарауына себепші болады. World Wide Web қазақ тіліне кеңейтілген бүкіләлемдік өрнек болып аударылады. HTML тілінің мағынасы мен атқаратын қызметін оның атынан анықтауға болады.

Гиппермәтін

Гиппермәтін– қосымша элементтерді басқару мақсатында ішіне арнаулы код, яғни екпінді элемент орналасқан мәтін. Ол мәтін ішіне сурет, дабыс енгізу, мәтінді безендіру, пішімдеу ісін орындайтын немесе осы құжаттың басқа басқа бөлігіне сілтемесі бар алғашқы нүкте ретінде қарастырылатын белгіленген сөз. Сөзді ерекшелеп белгілеу дегеніміз – келесі көрсетілген құжат бөлігі қалай бейнелетінін анықтайтын айрықша кодтты осы сөз ішіне енгізу. Гиппермәтінді белгілеу үшін броузер деп аталатын арнайы көрсету програмалары қолданылады. Гиппермәтін экрандк белгіленген қарапайым сөз ретінде тұрады, егер курсорда сол сөзге жеткізіп, тышқанды шерттсек, онда сонымен байланысты басқа құжатты оқимыз. Ол құжаттар мәліметтер ішінднгі басқа парақтарда немесе Web жүйесіндегі басқа топтарда орналасып, бейне жазба, сурет, жазылған дыбыс күйінде болуы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет