қан сері. Ақан сері қазақтың әйгілі сері ақыны, халық композиторы,
Сарыарқаның сұлу кербез тауы Көкшетаудың айнасына сұлуән, сұлу жырдың
туын тіккен, жаны, жүрегі кіршіксіз халқының ең ерке, сүйкімді ардагер ұлы.
Ақан серінің Арқаның ой мен қырын тебіренде салған әні, Көкшені
күңірентіп тартқан күінің үні бұл күнгі бізге айқын естіледі., айқын сезіледі.
Ақан серінің серілік өмірі, сұлу лирикалы шығармалары, әсем ән-күйлер
заманалар бойы қазақ халқының тарихынды мәңгі жыр, ұлы аңыз болып
қалады.
Ақан серінің туып-өскен жері сұлу Көкшетау. Көкшетау қаласының
күнбатыс-солтүстігіне қарай 70 шақырым Қоскөл, Сарыкөл деген жер Ақан
серінің бала күнінен мекен еткен жері. Айналасы құрақты қалың орман, суы
айнадай жалтыр, тұп-тұның мөлдір. Ақан осы Қоскөлдің бойында 1843 жылы
туды. Әкесі Қарамса өз еңбегімен күн көрген шаруа адам. Қарамсаның әкесі
Жарқын Орта жүздің іргелі руы Қарауылдың ішінде аты шулы бай болған.
Ақын 7 жасынан 13 жасына дейін ескіше оқу оқиды. Зирек, зейінді,
ұғымды Ақан 6 жыл оқығанында, ескі оқудың қиындығына қарамастан шығыс
елінің дүние тануы, шариғат жолдары жайынан мол ұғым алады, әдебиетпен
жақсы танысады. Ақан 15 жасынан серілік өмірге салынады.
Ақанның серілік өмірі халық алдында ерекше көзге түседі. Ақаң өзі асқан
сұлу әнші болғандықтан Қарауыл, Атығай ішіндегі сері, балуан,ақын жігіттер
Ақанның айналасына жиналады. Ақан өлеңді бөгемей айтатын суырып салма
жүйрік ақын болып өседі. Әнмен қатар тапқыр сөз, шешендік толғау Ақанның
даңқын көтере бастайды. Ақан не айтса да тура, батыл, шын айтатын болады.
21
Мынау бай, жуан мырза деп қаймығып, жарамсақтанып жағынып сөйлеу
дегенді білмейді. Кімнің мінін көрсе де жарып тура бетіне айтатын, алмастай
өткір, шешен, тапқыр тілмен шенейді. Теріс мінезді адамдарды, әсіресе тентек
мырзаларды өлтіре сынап отырған. Олардың ешбіріне дес сөз бермей өктем, ер
өркеуделік ой сезімін үнемі өсіріп асқақтата білген. Ақанның осы турашылық,
ерлік мінездері халыққа айрықша ұнаған. Ол отырған жерле ешбір ақын, ешбір
шешен, ешбір сері сөз бастап ән сала алмайды, барлығы Ақанның аузына қарап,
әніне, сөзіне құлақ түретін болады.
Ақан сері бүкіл Сарыарқаны аралап ән салады,серілік құрады. Ақанның
жанында үнемі 15-20 жігіт жолдастары болады. Бұлардың барлығы да бір түсті
сұлу, жүйрік, жорға ат мінеді. Көпшілігі ақын, әнші, сері, балуан болады.
Бұлар жүрген жерде жалғыз ән салып, өлең айтып қоймайды, айтысы да
қосылып та ән айтады. Өздерімен бірге аттарын да ойнатады. Елдің жігіттерін
жинап күрес ашады.
Шілдехана, қыз кешщтерін жасайды, жақсы әнші, жақсы ақын жігіттер мен
қыздардың сөздерін, әндерін сынға салады, жұртқа тыңдатады.
Ақан сері өз замандағы атақты ақын, әнші серілердің бәрімен жолдас
болды. Атақты Біржан салды әншілік жағынан ұстазым деп біліп, оған үнемі
барып, жанына еріп жүріп сұлу Бурабайды аралап, шырқап салатын әсем
дауысты асқақты әнін естиді, сонан үйренеді.
Ақан сері жалғыз композитор ғана емес, ол серілік өмірімен халықтың
шынайы артисі де болған ірі көркем өнер қайраткері. Сері деген ардақты ат кім
көрінгенге беріле бермеген. Сері, сал, әнші, ақын деген атақты-халықтың театр,
ойын – сауыққа қатысы білген ақындарға халықтың өзі берген.
Ақан сері қазақтың әдебиет тарихында да айрықша орын алатын ірі
реалист ақын. Ақан сері қарапайым ақын емес, ол қазақтың жазба әдебиетінің
стилист лирик ақыны.
Сондықтан Ақан сері – қазақтың дана ақыны, ірі әншісі, ұлы сезімді жан
иесі, ақын ұлы болумен бірге өршіл мінез, еркіндікті аңсаған еркін ой сезімінің
асқар алып символын берген ардагер батыр ұлы.
Ақан сері өз заманындағы атақты ақын, әнші серілердің бәрімен жолдас
болған. Ақан сері поэзиясын стилін музыкасындай лирикалы сұлу келеді.
Ақанның музыкасы мен лирикаларының айрықша жарқын, сұлу келетіндігі тек
Ақанның серілік өміріне байланысты шығарыла салған емес, ол ұлы ақынның
эстетикалық көзқарастарына, дүниені көркемдік жолмен тану ойларына тығыз
байланысты. Ақан айналадағы өзгеріп, қиылып жатқан дүниені, жаратылыс
әлемнің, адамдар өмірін –бәрін мәңгі сұлулық бейне деп түсінеді, сұлу емес
нәрселер, жан иесі Ақан үшін ешбір мағынасы, қасиеті жоқ. Дүниеге тек
сұлулықтан тұрады деп біледі. Таза сұлулықты ардақтаушылар- искусствоны
әлеумет өмірінен алыстатады, олар таза ойдың, таза сөздің, таза қиялдың
сұлулығына, қиял романтизм жолына беріледі. Бірақ Ақан серінің сұлулықты
ардақтай жырлаған мотиві әлеумет өміріне жат емес, қайта халықтың
эстетикалық сезімін өсіріп құлпырты отыратын, Ақан сүйген сұлулықты халық
құмарлана қарсы алып отыратын сұлу өнер. Олай болса Ақан дүниені сұлулық
жолымен танып жырлауы искусствоның сұлулық қасиетін ұлы классик
22
ақындарша терең мағынада түсінгендігін, өз өнерін теориялық жағынан
ойланып, меңгеріп алғандығын көрсетеді.
Өмірі сұлулыққа бөлініп, Көкшенің мұнартқан тауларында, орманды
сайларында, мөлдіреген әдемі көлдерінде ерке өскен Арқаның асқақ әншісі
Ақанды халық еркелетіп «сері» деп кеткен Оның өмірі шын мағынасында сұлу
ертегідей, адам ойын өзіне еріксіз тартатын, шытырман, ғажайып өмір болған.
Ақан серінің махаббат, сұлулық бейне мергендік, серілік-салт, сұлу әйел,
достық жырларында жазған өлеңдері қазақтық лирикалы поэзиясының бір
шұрайлы саласын береді. Сонымен қатар Ақанның серілік өмірімен
байланысты шығарған көптеген өлең- жырлары, сұлу әндері әндері сері
жігіттердің, ел жастарының аса сүйіп айтатын өлең әндерәне айналып кетеді.
(«Сұлу қызға», «Торыны талға байлап мінген қандай», «Ақ көйлек», «Ақ иық
пен ақ түлкі», «Гауһар жақұт», т.б.)
Ақан « Ақ көйлек» дейтін өлеңінің бірінде ғашық жарының сипатын шебер
суреттейді: «Ертегін ақ көйлектің алтындаған
Ажарын ақ жаңбырдай жалтылдаған
Сексен қыз серуенге шықса – дағы,
Ішінде сен қоңыр қаз қаңқылдаған
Қамалап қанша дұспан келсе-дағы
Қалқажан айтар сөзін тартынбаған
Болғанда сен аққу құс көлде жүрген
Лашын құс не болады талпынбаған,
Көз салып жалаң қызға не қылайын,
Кигіздей уқаланып қарпылмаған...»
«Сексен қыз» ішінде болсаң да сен бәрінен артық ойындағы сұлу аққуын,
сүйкімді қоңыр қазым деп шын махаббат сырын білдіреді. Міне бұл
өлеңдердегі Ақанның шеберлігі тек ғашықтықтан туған ішкі сезімді сұлу
сипаттауда ғана емес, мұнда Ақан серінің үлкен ақынтық өнері ерекше көзге
түседі. Сонымен қатар Ақан өз заманның жауыздық дүние, балық,мансап, дәлет
адамды аздырады, адастырады, әділдік, туралы іздеген адам бұл дүниеден
қайғылы болып өтеді, деп өз өмірінен әсер береді:
«Дүние адастырар қуғаннан соң
Шырмайды қол-аяғын буғаннан соң,
Дүние аз көпшілік фани жалған
Басыңнан қайғы кетпес туғаннан соң
Бұл дүние жұртты алдаған бейне базар,
Әр адам өз әлінше базарлайды».
Жынды есінен танды деп байлардың, күншіл жуандардың өсек қылған адамы
ұлы сезімді жан иесі Ақан міне осындай зор мағыналы, саналы терең ойлы
өлеңдер жазды. Сөйтіп Ақан жалғыз серілік, махаббат, сұлулық, жегіттік
өңірдің жыршысы немесе қайғы-зардың жыршысы ғана емес, ол сонымен бірге
әлеуметтік өмірдің жыршысы. Бұл жағынан Ақан зор заман ағымдарының
мотивін береді.
5.Әсет, Мұхит, Балуан Шолак, Үкілі Ыбырай, Майра, Мәди, Иманжүсіп әндері. Өмірбаян деректері. Сал-серілер, әнші ақындардың XIX ғасыр әдебиет тарихындағы орны.
Достарыңызбен бөлісу: |