Сал-серілердің өзіндік ерекшеліктері мынада: олар өлең жазады, өз өлеңдеріне ән шығарады, сол әндерді өздері орындап, халық арасына таратады



бет2/3
Дата15.11.2023
өлшемі40,46 Kb.
#122999
1   2   3
Біржан сал. ХІХ ғасырдағы қазақ халқы мәдениеті тарихынан елеулі орын
алатын ірі ақындардың бірі- Біржан сал Қожағұлұлы.

  • 23
    Біржан поэзиясының асыл арнасы қазақ халқының бай ауыз әдебиетінде,


    музыкалық фольклоры қазынасында жатыр. Жасынан ел аралап ділмар
    шешендермен кездесіп, сөз сымбаттарын үйреніп, шешендік дәстүрлерін
    игереді. Төкпе ақындар өнеріне де жетік болып, талай айтыстарға қатысады.
    Олардың табан асты өлең шығару әдістерін, сергек қабілеттерін
    меңгереді.Әсіресе, Шөже мен Орынбай сияқты төселген төкпе ақындармен
    дидарласулары әсерсіз болмаса керек. Біржан творчествосының дұрыс бағвт
    ұстауына оның ұлы Абаймен кездесуін зерттеушілер жоғары бағалайды. Бұл
    ретте, біз, Ахмет Жұбановтың пікірін құптаймыз. Ол былай деп жазған
    болатын:
    «Біржанның шығармашылық өмірінде үлкен бір оқиға оның Абай аулына
    баруы. Баста өзінің әдеттегі ән саяхаты есебінде барғанымен, поэзия алыбы
    Абайдың әсері Біржанға күшті болады. Өлең шығарудағы жаңалығы сияқты ән
    шығармашылығында да бұрынғы ата-баба салып кеткен қара жолмен ғана жүре
    бермей, тыңна із салған данышпан, ән еркесіБіржанның үлкен талант екенін
    танып,оған тиісті баға береді. Әншінің халық шаруашылығын бабына келтіріп
    орындауымен қатар, өзінің шығарған әндерінің терең мазмұнына таң қалады.
    Оған шейінгі болмаған ән үрдісінің бар екенін, дарынды орындаушының өзі
    сезбейтін нақыштар енгізуін, ел аралау арқылы көптеген ән дәстүрлерінен
    сусындағанын қызықтайды. Біржан айлап жатып, өнердің шын бағалаушысы
    Абайдың өзінің және өзінің айналасындағы талантты поэзия мен әнді қуған
    жастарының сынын есітеді. Әсіресе, Абай біржанның басына біткен
    композиторлық, ақындық, асқан орындаушылықтың басқа қонған бақыт екенін
    айтады. Осы бақытты өнімді пайдалану үшін үлкен еңбек керек екенін
    түсіндіреді. Абайдың аулында болу, өлең мен әннің салтанатының қайнаған
    базарын аралау Біржан үшін үлкен табыс болды. Әрбір күшті дарынға тән нәрсе
    – іздену, үйрену, жетілу, сыннан сүрінбей өту болса керек. Біржан бұл сапарын
    ізсіз қалдырмайды. «мен көрдім ұзын қайың құлағанын» деген Абайдың
    өлеңіне ән шығарады.
    Біржан – ақын, лирик. Бірақ оның, сөз кестесіне толы төгілген
    лирикаларын жаныңды жайдырататын жайдары асқақ үнді әндерінен бөліп
    қарау мүмкін емес.Біржан өлеңді көбіне ән үшін, әнді өлең үшін шығарған.
    Сондықтан олар бірге қайнап, бірігіп кеткен туындылар. Ғашықтық
    лирикаларындағы нәзік сезім дүниелерін ол асқан ақындық шабытпен жүрек
    тебіренте жырлап береді. Жастар жүрегінің қылын шертіп, іштегі жасырын
    сырларын ақтара ашады. Махаббат күйігіне душар болғандар мінезі, олардың
    эмоциялық
    сезім
    серпіндері
    қоғамдық-әлеуметтік
    шындықтарға
    байланыстырылып, биік идеялық сатыға көтеріледі. Осылайша, ақын
    лирикалары ақиқат өмірден туып, әлеуметтік қорытынды жасайды.
    Адамгершілік ақылдар ұсынады. Қазақ жастарының өмірге көзқарасын
    дамытқандай ой тастап, кейбір мағынасыз өмір кешетіндерге наразылық
    білдіреді. Жас шақтың қоғамға, елге пейдалы істерге, өнімді еңбекке, өнер- 
    білім ізденгіш талапкерлікке толы болуды қалайды. Болашақ үміт артар
    келешек ұрпақтың шұғылданар берекелі істерін нұсқап, жатпай-тұрмай,
    қарекеи қылуға ел кезіпжер танып, мүмкін болса сайран салып, дүниенің төрт

  • 24
    бұрышын түгел шарлап білуге шақырады. Мысалы, «Сырғақты» - деген


    өлеңінде ақын ең алдымен өмірдің мағынасын түсіне білуді керек қылады:  
    Бозбала, саған айтар өсиетім,
    Жақын жүр әлпештеген ардақтыға.
    Жанып тұрған жас өмір – ал қызл гүл,
    Сипаттауға қызығын жетпейді тіл,
    Жауқазын желбіреген жастық шақта
    Өмірдің мағынасына түсіне біл.
    Бұл жолдардағы «жақын жүр әлпештеген ардақтыға» - дегенді біреудің
    масайратып өсірген ерке – шолжаңын меңзеп отыр деп теріс түсінбеу керек.
    Жақсы тәлім алып өскен, ел ардақтыларын айтып отыр. Өмір мағынасын
    бозбала шақтан-ақ түсініп, адамгершіл мақсаттар үшін талап қылуға
    дағдыланса екен деген ізгі міндеттер жүктейді.
    «Айтбай», «Қаламқас», «Алтын балдақ», «Ақ серкеш», «Керкеніп»,
    «Бірлән», «Орынтай», «Мақпал», «Ғашық жыр», «Ғашығым», «Қалқама»,
    «Ақжроғажан», т.б. арнау өлеңдері ақынның бойындағы өмірі өшпес жастық
    жалынының жарқын бейнелері достық пен махаббат сезімдерінің айнадай ашық
    көрінісиері. Жоғарыда аталған Біржан шығармалары – ғашықтар сырын
    тереңне толғайтын үлкен ақындық тебіреністің туындылары.
    Біржанның ақындық құдіретін жете танытқан оның айтыстары. Әсіресе,
    Сара ақынмен айтысы. ХІХ ғасырдағы қазақ ақындары айтыстары ішінде бұл
    айтыстың алатын орны ерекше. Өзінің идеялық мазмұны жағынан да,
    көркемдік, образдық сипаттарымен де сол нағыз әдеби шығарма дәрекесінде
    танылып, жоғары бағаланып келеді. Айтысқа түскен екі саңлақ өздерінің
    тапқырлықтарын,
    шешендіктерін,
    мәдениеттіліктерін,
    көркем
    тілге
    шеберліктерін толық танытқан. 
    Біржан салдың мұрасын бізге әкеліп жеткізген әншілер, ақындар орасан
    көп, олардың өзі ел аузында аңыз бола бастаған. Біржан салдың әндерін
    айтушылар: Құлтұма, Ақан сері, Соқыр Қапаш, (Атбасар), Жарылғапберді,
    Балуан-Шолақ, Жаяу Мұса, Естай, Ғазиз әнші. Совет дәуіріндегі Біржан туралы
    әдебиет те өте бай. Оны келістіре зерттеушілер А.В. Затаевич, А. Жубанов,
    Б.Ерзакович тағы басқалар. 
    Біржан айтып таратқан әлеуметтік өлең-жырларын оннан бірі ғана
    сақталып бізге жеткен.
    Шешеннің сөз шығады таңдайынан,
    Жұмақтың бізге мекен қандайынан?
    Бар болып байлар кімді асырайды
    Әркімнің жазған алла маңдайынан,- деген өлеңінде ақын байлардың
    пейілінің тарлығын шенейді. Ойын-сауық думанға әсем көрініс жүріс- 
    тұрыстарға, махаббаттық драмаға, көңіл-күйінің құпия сырларына толы өмірлік
    құбылыстарды шебер жырлап, алуан түрлі әсем әншілік, лирикалық сарын
    күйлер жасау Біржан ақындығының биік бір асуы болып табылады. «Көкек»,
    «Бурылтай», «Алтын балдақ», «Ләлім шырақ», «Жамбас сипар», «Телқоңыр»,
    «Көлбай-Жаңбай», «Айтбай», т.б ән, өлеңдері, Сарамен айтысы Біржан 
    поэзиясының мықты бір саласы.

  • 25
    Біржанның лирикасы халық өлеңдерімен тамырлас, халық өлеңдерінің


    әсемділік, лирикалық сарын күйлерінен туып дамыған. «Жамбас сипар»- 
    жастық дәуренді аңсаған әсем де ерке әннің бірі. Жастық пен кәрілікті
    салыстырған ақынға әрине «Серттен тайған», «Келін, балаға жақпас» кәрілік
    шақтан гөрі есерлік пен ел кезіп, сұлулармен сырлас болған романтикалық өмір
    қызықты. Біржанның лирикаларында ғашықтық, махаббаттық сарын елеулі
    орын алады. Тіпті «Ләйлім шырақ», «Көлбай-Жаңбай» сияқты әзіл – қалжын
    аралас өлеңнің негізгі сарыны жоқтауда емес (кейбіреулері солай түсіндіреді).
    «Ақтентек», «Көкек», «Алтын балдақ, «Ғашық жар» т.б. өлеңдерде жастық,
    махаббат, достық сезім күйлерін шертеді.
    «Телқоңыр», «Бурылтай», «Ақсеркем» тағы басқа ән-өлеңдерімен
    айтысында жүйрік жорға, сұлу аттардың көркем тұлғасы елеулі орын алады.
    Сұлу ән , сұлу жыр, сұлу ат ер жігіттің зор мән берген мақтаны саналған.
    Біржанның топты жарған майталман жүйрік ақындығы мен алты қырдан даусы
    асқан әншілік өнерін жас қауымға зор мақтан, үлгі етіп ұсынады. 
    Біржанның, Ақанның, Мұсаның поэзиясын айтқанда олардың ақындығын
    бастан- аяқ мінсіз деуге болмайды. Олардың қай-қайсысын алсақ та өмір
    шындығын, махаббатты, байларды, достықты өздерінің жырларына қосып
    отырған.

    4. Ақан сері (1843–1913). «Сырымбет», «Қара торғай», «Үш тоты», т.б. ән-өлеңдері. Ақанның сезім жырларының көркемдік мәні. Өлеңдеріндегі әлеуметтік үн.




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет