Сал-серілердің өзіндік ерекшеліктері мынада: олар өлең жазады, өз өлеңдеріне ән шығарады, сол әндерді өздері орындап, халық арасына таратады



бет1/3
Дата15.11.2023
өлшемі40,46 Kb.
#122999
  1   2   3



Сал-серілердің өзіндік ерекшеліктері мынада: олар өлең жазады, өз өлеңдеріне ән шығарады, сол әндерді өздері орындап, халық арасына таратады. 

ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр-дың арасында Біржан сал Қожағұлұлы, Ақан сері Қорамсаұлы, Мұхит Мералыұлы тәрізді бірқатар сал-серілер атағы кең жайылған болатын. Одан беріректе әйгілі Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы, Иманжүсіп Құтпанұлы, Балуан шолақ Баймырзаұлы, Әсет Найманбайұлы, Жаяу Мұса Байжанұлы сынды өнерпаздар өздеріне дейінгі сал-серілер дәстүрін жалғастыра түскен болатын. Олардың өз дәуірінің мазмұны мен сипаты сәйкес өзіндік ерекшеліктері, бұрынғы сал-серілерге ұқсайтын да, ұқсамайтын да сипаттары мол еді. Олар-дың шығармалары ерекше әсерлі болған, сол себепті де халық арасында кең тараған. 

Әрбір сал-серілердің көтерген мәслесі, қозғаған тақырыбы, көркем ойлау қабілеті өзгеге ұқсамайтын өрнектерімен ерекшеленеді. Олардың барынша ортақ бір мәселесі – өз шығармалары арқылы заман шындығын, қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікті, әділетсіздікті шыншылдықпен жырлау болды. Олар өздерінің айналасындағы жағдайды жіті көре білді, ойларын батыл айтып отырды. 

Өз дәуіріндегі әлеуметтік теңсіздік пен адамдар араындағы әділетсіз қарым-қатынасты, бай адамдардың әлсіздерге жасаған жамандығын жырлауға келгенде, Жаяу Мұса Байжанұлы ерекше жарқырап көрінді. Ол өз басынан өткен жайттарды негізге ала отырып, ағайынның алауыздығы, көре алмаушылық, өтірік пен өсек, бірлік пен татулықтың жоқтығы сияқты құбылыстарды батыл сынады. Сол үшін қуғынға да түсті, таяққа да жығылды. Бұл тақырып Ақан сері мен Біржан салдың шығармашылық мұра-сында молынан қамтылған болатын. Олар да таяқ жеп, қысы көрген. Ақан сері осындай қысымның кесірінен Құлагерінен айырылып, қарта йған шағын мұң-шермен өткізді. 

Сонымен бірге адам баласының өмірі, тіршілігі, көңіл-күйлері, жастық шақ пен махаббат сезімі жайындағы мәселелер де сал-серілердің назарынан сырт қалмады. Халқына әрі ақын, әрі әнші, әрі сазгер ретінде танылған, ұрпақтарына аса мол қолдырған сал-серілердің шығармашылығы әдебиетіміз бен мәдениетіміздің дамуына өлшеусіз үлес қосқан аса құдіретті құбылыстардың бірі болды. Сонымен қатар, олардың өзекті тақырыбы – туған елі, оған деген сүйіспешілігі, елдің бірлігі, бүтіндігі, тұтастығы. Ел басында күн туғанда қолдарына қару алып, жорыққа бірге аттанды, ру-тайпаларға басшылық етті, сұрапыл қанды майдан көріністерін жырға қосты. Шығармаларында ерлікті мадақтады, қаза болған батырларды жоқтап, ел қайғысымен бөлісті. 

Сал-серілік өнерді жоғары дәрежеге көтерген әнші, күйші, суырып салма ақындар серлік үрдісті қатаң сақтап, нағыз бесаспап өнер иісі бола білген. Сонымен қатар олар атақты шерген, сұңқар, лашын ұстаған құсбегі. Аттың өң жүйрігін таңдап мінген атбегі, он саусағынан өнері тамған теңдессіз шебер, керемет зергер де бола білген. Сал-серілерді халық әрқашан ардақ тұтып, оларды қайда болса да қуанышпен қарсы алып, өнерін аңыз етіп, мақтан тұтқан. Қазақ ұлтының мәдениеті тарихындағы XIX ғасыр ақын-әнші, сазгерлердің өзіндік "алтын ғасырына" айналып, қазақтың кәсіби өнері-әдебиетінің, поэзиясының, музыкасының шыңына шыққан кезі болды. 

Сөйтіп, XIXғ екінші жартысы-қазақтың ақындық өнерінің барынша өркендеген кезеңі болды. Осы кезде ақындық өнерге тән тұрақты жанарлар қалыптасты. Солардың ішінде, әсіресе, ақындардың өзін-өзі бейкелеуге арналған әндерін келтіруге болады. Оған мысал ретінде “Біржан сал”, “Ақын Әнші”, “Мұса”, “Мәди” “Сары”, “Әсет” өлеңдерін атауға болады. Олар мұндай әндерінде әрі ақын, бір жағынан өзін тыңдаушыларына таныстырып өткен, екіншіден, туған ел өмірі мен мәдениетінде алып отырған өз орнын жақсы түсініп, соны әнге қосады. Менім ойымша әр әнші-ақының өзіндік шығармашылық өнері дербес қалыптасады. Мысалы,әрбір ақындағы шешендіктің, суырып-салма өнердің, актерлік элементтердің болуы, тіпті, киген киімі, жүріс-тұрысы, өнерге деген көз қарасы, әнші, сал-серілерге ортақ нәрсе болды. Мұхтар Әуезов ақынның осындай орындаушылық жерлерін сипаттай келіп, оны “жалғыз актердің театры” деп айтқаны кездейсоқтық емес. 

Сері де – сол атақты әнші, күйші, ақын өнерпаз. Оның киім киісі сұлу да сыпайы. Осындай жердің сыртында ол сұлу сүйген, жүйрік баптап, құс салатын. Әрі аңшы, саятшы, әрі мерген, әрі палуан, шешен, шебер, қысқасы халық сөзімен айтқанда “сегіз қырлы, бір сырлы” аса биік азамат – қазақ әнші-ақындарының өлеңдеріндегі серілер дәл осындай. 

4. XIX ғасырдағы сал-серілік, әншілік дәстүр, әншілік жайлы академик Ахмет Жұбановтың ғылыми-теориялық тұжырымдары.


Ахмет Жұбанов сал-серілік дәстүрдің әлеуметтік және қоғамдық мәнін компартия идеологиясының құрсауынан қаймығып, ақиқатты тұрғыда ағынан жарылып жаза алмауының себептері бүгінгі тәуелсіз мемлекетімізде белгілі болды. Тоталитарлық басқару жүйесінде империя өзінің қарамағындағы (мейлі патшалық Ресей болсын, мейлі Кеңес мемлекеті болсын) бұратана халықтардың, кіші мемлекеттердің өнері, ғылымы, білімі көзге түсерлік дәрежеде дегенге ауызы бармады. Мұның өзі кейбір татымсыз «мұғалімнің» деңгей мөлшерінің шектеулілігіне байланысты өзінен озық шәкіртін тұқыртуымен бара-бар. Жоғарыда берілген ой-пайымдардан түбірлі тұрғыда қазақ елінің бұрынғы мәдениет саласындағы дәстүрлері мүлдем өзгерістерге ұшырауы да басқару саясатынан еді. Десек те, озықтық мәдениет түрлеріне, соның ішінде, сал-серілікке Ахмет Жұбановтың зерттеуінше Омбының генерел-губернаторы Тәттімбеттің бүгінгі ұғымда циркке тән қойылымын ерекше бағалағанын атап өткенін ескергеніміз дұрыс болмақ. Нақтылап айтсақ, жалпы генералдың берген бағасы мен Тәттімбеттің өнер тұғырының түзілімі төмендегідей болып келеді:
- Тыңдаушыларының назарына іліккен Тәттімбет, оларға тағы бір өнер көрсеткелі жолдасына атын көрсетіп, ымдады. Ол түсіне қойып, күйшінің жетегінде келген Бозжорғаны Тәттімбет құлын күнінен бастап баулып, оған көп нәрсе үйреткен-ді. Ауыл адамдарын таң қалдырған Бозжорғаның күйге билейтіні. Иесі күй тартып кеткенде Бозжорға оны айнала билей жөнеледі. Біресе аяңдап, біресе тездетіп жорғалап, тағы баяулап, музыканың ырғағынан тыс кетпеді. Нанымның кейбір кертартпа ағымына ұйыған ауыл адамдарына Тәттімбеттің бұл ісі бір шайтанмен байланысты адал дүние емес болып көрінсе, генералдың айналасы үшін бұл өнердің шыңы болып бағаланады.
- Генералдың айналасындағы топтан жай киімді бір адам бөлініп шықты да, Тәттімбеттің қасына келіп, тілмаш арқылы сөйлесіп кетті. Ол күйшіден өзінің орындайтын шығармаларын тағы қайталауын сұраса керек. Ол адам нотадан сауатты көрінеді. Тәттімбет күйлерін қайтадан орындап беруге және нотаға түсіруге келісім береді. Генерал болса, ол тек күйшінің қолын қысып риза болғанның белгісі деп өзінің жібек зонтигін сыйлайды.
Міне, бұл жолдардан Ахмет Жұбанов: «Тәттімбеттің тек күйшілігі ғана емес, бір жағынан ақын, шешен адам болған. Тәттімбет жасынан «сері» аталған» деп, бағалайды. Мұнымен бірге Ахмет Жұбанов алғаш рет «сері» деген ұғымға салиқалы баға беріп, ұғымдық мәнін анықтаған: «сері» шын мәнісінде тек әдемі киінуші, ала-құла ер-тұрманды ат мінуші, тек осылар арқылы көзге түсуші емес, - бір жағынан үлкен өнер иесі, «адамдарға жақсылық, жазба указсыз берген Құрметті өнерге еңбегі сіңген» деген атағы да бар деген. Бұл арада айта кететін бір нәрсе – Құрманғазы да, Сейтек те, Түркеш те, басқалары да әдемі киініп, әсем ат мінуден қашпас еді. Бірақ олардың Тәттімбеттей мүмкіншілігі болған да жоқ. Бұл жағынан, қазақтың халық композиторлары ішінде Дәулеткерей мен Тәттімбеттің өмір жолдары басқарақ», - деп түйін жасаған.
Алып қарасақ, серілік өнердің бүкіл бір ауылға, жалпы халыққа тамашалап, өздерінің көкейкесті мәселелерін бір сәт болса да ұмытып, бойы мен ойын сергітуге мүмкіндік бергені байқалады. Серіліктің ресми мектебі болмағанымен, олардың пір тұтқан ұстаздарының өнер тәрбиесін дарытуға мол ықыласының бар екені зерттеу үдерісінде аңғарылды. Мәселен, Тәттімбет әу басында домбыраны әкесі Қазанғаптың інісі Әліден үйренеді. Әлі асқан домбырашы болған деген лебіз біздерге де жеткен. Бұл орайда өнер қуған тұлғалардың шығармашылығы мен ғұмырнамасы жайлы аңыздар да ел ішінде кеңінен тарап отырған. Соның бәрі – Арқада белгілі «Бозайғыр» күйін орындауда Әліге ешкім жетпейтіні жайлы әңгіме. Әлі «Бозайғыр» күйін құдық басында отырып тартқан дейді. Күйдің дыбысын есіткен бір үйір жылқы өзінен өзі кісінеп, құдық басын әңкі-тәңкі қылады. Тек Әлі күйді тоқтатқан кезде жылқылар да кісінеуін тоқтатып, қайтадан астаудан су ішуге келеді. Сол құдық кейін «Әлі тартқан» атанып кетеді. Байқап отырсақ, серілік өнердің ауқымына цирк өнері де кіріп кеткен. Мұнымен бірге Тәттімбеттің серілік дәрежесінің өсуіне ұстазы Әлі көп еңбек сіңірген. Өнердің бұл педагогикалық тұсын әулет деңгейінде деп қабылдап, ресми ұстазы болмағанымен, қазақ еліндегі ұлттық нәрдің бір көрсеткіші ретінде атап өтуді орынды деп есептейміз. Серілер туралы педагогикалық дастандар дала сахарасында кең тараған. Соның бір мысалы, Тәттімбеттің Есіл бойын аралап жүріп бір үйге түсуі. Ол үйдің бойжеткені домбыра тартатын өнері бар екен. Ілулі тұрған домбыраны қолына алып Тәттімбет тарта жөнеледі, бір кезде сырттан бойжеткен кіріп келіп, домбыраны қолына алып, өзінше құлағын ретке келтіріп, бірнеше күй тартады.
Халық педагогикасы ол ер адамдар мен қыз балалардың өнер ордасында тең құқығының барлығымен ерекшеленді. Мұнымен бірге бұл заңдылық тек өнерлі адамдарды қарым-қатынасқа түсуімен жүзеге асады. Тарихымызда ондай мысалдар өте көп кездеседі. Мәселен, Біржан мен Сараның айтысқа түсуі және т.б.
Ахмет Жұбановтың зерттеуінде Тәттімбеттің «Былқылдақ» биінің шығу тарихы осы оқиғамен байланысты делінген. «Басында қызды балғын көрген Тәттімбет, оның күйге күймен жауап беруіне қарай, іштей сескенуге айналады. Қалай да қыз алдында еркектің абыройын сақтап қалудың не бір жолдарын ойлайды... Қыз қырқыншы күйді шалғаннан кейін, Тәттімбет етігін шешіп, бір күйді оң аяғының үлкен башпайымен орындайды. Қыз Тәттімбеттің істегенін істей алмайды. Өйткені ислам дінінің бұйыруы бойынша әйел адам қолдың ұшы болмаса, басқа ешбір денесін көрсетуге құқы жоқ». «Былқылдақ» күйі – қандай адамды да болмасын қиял құшағына баурап, көңілін ғарыш әлеміне ұмтылдырып, шарықтау сезіміне бөлеп, рухани тоят табуға қозғаушы күш. Өнер кеңістігі арқылы адамның рухани ләззат алуына асқан жігер беруі, серіппелі әуезбен орындалуы, күйдегі дыбыс көлемінің ауқымдығы, кей тұста шарықтау қарқынының төмендеуі әлемдік классика талабынан көрінеді деп пайым жасау артық болмас. Мұның өзі – білім беру мен тәрбиенің құралы. Біздің зерттеу еңбегіміздегі «білім мен тәрбие амалы» дегеніміздің өзі сырттан міндеттелетін амалдар емес, өнер кеңістігінің ішкі мүмкіндіктеріндегі құндылықтардың өзін амалдар тобына жатқызған орынды деп есептедік.
Кейінде «Былқылдақ» күйі – «Қыз Жібек» операсында Шара билеген бидің әуезіне айналып кеткен.
Тәрбие мен білім беру іс-әрекетінде әннің, өнердің алатын орны бөлек. Ән айту арқылы адам өзінің кейбір сезімінің кезеңдерін сыртқа шығарады. Негізінде өнер қуу үшін ән шырқалмаған. Серілік пен салдық дәстүрдің нысаны болып келетін ән алдын ала жасалған, құрылған жоспармен жүзеге аспайтыны белгілі. Олай болса, сал-серілік дәстүрдің басымдық көрсеткіші - оның жағдайға байланысты туатыны. Сал-серілік өнерін кеңестік дәуірде дәріптеу Ахмет Жұбановқа оңайға түспеген. Оның бір мысалы ретінде Тәттімбеттің серілік өнерінің оңтайлы тұстарын талдай отырып, қорытындысында былай деп бағамен тұжырымдайды:
- Түсіндіре кетуді тілейтін жай – «Былқылдақты» башпайымен тарту былай тұрсын екі қолдың саусақтарымен тартып шығуға да оңай түспейді;
- Домбыра тартуда аспапты басына қайтып қағу, артына ұстап отырып ойнау, домбыраның бетін тықылдатып шерту – бәрі де тек көзбен көріп, фокус ретінде ләззат алмаса, дыбыстық, музыкалық жақтарынан ешбір этикалық нәтиже бермейді.
- Еркек пен әйел айтысса да, домбыра тартылса да, үнемі еркекке ғана жеңдіретін, кешегі әйелді қорлаған заманның заңының денесінде қалған таңбаның айғағы.
Көріп отырғанымыздай, Ахмет Жұбанов сал-серілік дәстүрдің өзіне таптық дүниетаныммен баға беріп отыр. Біраз талдаулары оңтайлы болғанымен, зерттеушінің ең соңғы бөлімдерінде жоғарыда келтірілгендей ой-тұжырымдар ғалымның Кеңес үкіметінің саясатына алаңдап отыруы мен олардың кейбір талаптарын «қанағаттандыру» мүддесін байқай аламыз.
Егер А.Жұбановтың жоғарыда біз талдап өткен материалдары болмағанда, сал-серілер жайлы ғылыми негіз жасауымыз қиынға соғар еді. Кеңестік дәуірде таптық дүниетанымды қару ретінде пайдаланып, Тәттімбеттің салдық өнерін кейінгі ұрпаққа мәдени мұра ретінде алып қалғаны бүгінгі этномәдени тәлімнің мазмұны ретінде қолдануға толық мүмкіндігіміз бар

  1. Қазақ мәдениеті мен әдебиетінің аса көрнекті өкілдерінің шығармашылық мұрасы Е.Ысмайылов зерттеулерінде.

. Есмағамбет Ысмайыловтың жыршылық жайлы тұжырымдары қазақ тарихында жасаған айтулы жыршылардың шығармашылық сырларын ашатын айғақтар екендігі даусыз. Е. Ысмайылов жыршылық өнерді ақындық өнерге жетілудің бір сатысы деп қарастырады. «… Міне, осы əуестену, қызығу дəуірінде жас ақын естігенін түгел жаттайды, домбыраны тез үйреніп, əн-күйлерді тартатын болады…». Е. Ысмайылов ақындық пен жыршылықтың тұтасып келуі кең тараған құбылыс екенін көпшілік ақындардың шығармашылық ғұмырымен ашып, айқындай түседі. Сыр бойының белгілі ақындары «Ер Қосай», «Қарабек», «Лұқпан əкім», «Тақ Сүлеймен», «Лəйлі-Мəжнүн», «Мақпал қыз», «Таһир-Зухра» жырларын айтқан. 

  1. Ш.Керімовтың сал-серілер жайлы арнайы зерттеуі. М.Мағауин сал-серілік өнер туралы. I.Жақановтың сал-серілер шығармашылық мұрасын айқындаудағы еңбектері.


  1. Біржан сал (1831–1897). Біржан әндерінің туу тарихы. Сарамен айтысы төңірегіндегі қисындар.



  2. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет