«Сала экономикасы және өндірісті ұйымдастыру»


Өзіндік құн және оның құрылымы



бет23/60
Дата15.06.2023
өлшемі288,26 Kb.
#101622
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   60
Байланысты:
«Сала экономикасы және өндірісті ұйымдастыру»

1. Өзіндік құн және оның құрылымы
Өнімді өңдіру процесінде шикізат, материалдар, отын, энергия, еңбек ақы және т.с.с шығындар жұмсалады. Олардың жалпы сомасы өнідіріс шығындарын құрайды (өнімнің өзіндік құнын).
Өзіндік құн – өнім өңдіруге жіне өткізуге кеткен барлық шығындар. Жалпы алғанда өзіндік құнның құрамы келесі түрде көрсетіледі:
ӨҚ = М + А + ЕА
мұндағы М – материалдық шығындар, А – амортизация, ЕА – еңбек ақы.
Өзіндік құн бағаның бір бөлігі ретінде қарастырылады:
Б = ӨҚ + П + ҚҚС
Өзіндік құнды төмендету арқылы қоғамның таза табысы, кәсіпорын пайдасы өседі. Әртүрлі кәсіпорындарда шығарылатын бірдей өнімнің өзіндік құны әртүрлі болуы мүмкін. Жоғары болған өзіндік құн кәсіпорында өндірісі процесі нашар ұйымдастырылғанын көрсетеді, басқалармен салыстырғанда.
Өзіндік құн келесі мақсаттарда қолданылады:

  • Бағаны анықтау үшін

  • Кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттау үшін

  • Менеджерлер оперативті шешім қабылдау үшін

Өзіндік құнды барлық өнім бойынша, жеке оның түрлері, процестері, бөлшектері, бөлімшелер мен цехтер бойынша анықтауға болады.
Өндіріске кеткен шығындарды белгілі бір белгілерге қарай бөлуге болады. Шығындардың негізгі тобына келесі шығындар кіреді:
— экономикалық элемент бойынша (экономикалық мағынасына қарай) барлық шығындар экономикалық біріңғайлығы бар жеке топтарға жинақталады (олардың пайда болу орнына және мақсатына тәуелсіз. Олардың негізгі түрлері:

  • Материалдық шығындар – шикізат пен материалдардың қайтарылатын қалдық құнын алып тастағандағы құны.

  • Еңбек ақы.

  • Еңбек ақыдан жасалынатын әлеуметтік төлемдер-зейнетақы қорына, жұмыс бастылық қорына, әлеуметтік сақтандыру қорына, медициналық сақтандыру қорына.

  • амортизация.

  • Басқа шығындар – жөндеуге кеткен, несие пайыздарын төлеу, айыпақылар, жарнама және т.с.с.

— шығын баптары бойынша: Шығын баптары деп бір немесе бірнеше экономикалық элементі бар шығындарды айтады. Калькуляция баптары шығындардың мақсатын және пайда болу орнын есебке алады. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау деп өнім бірлігіне кеткен шығындарды анықтау процесін атайды.
Негізгі шығындар өнім өңдірумен тікелей байланысты болады, ал үстеме және мерзім шығындары бөлімшелерге, жалпы өндіріске қызмет көрсету және басқару шығындарын сипаттайды.
Егер шығын бапына бір шығын элементі кірсе оны қарапайым деп атайды, егер бірнеше элемент кірсе, оны кешенді бап деп атайды.
Шығындарды сондай-ақ, тура және жанама деп бөлуге болады, егер шығын нақты өнім шығарумен байланысты болса, оны тура деп атайды, егер ол бірнеше өнімге қатысты болса, оны жанама деп атайды.
Шығындар калькуляциясы төмендегі кестеде көрсетілген
Калькуляция шығындарының баптары.

№ п.п.

Баптар

Шығындар

Шығын түрі

1.

Шикізат пен негізгі материалдар

негізгі

қарапайым, тура

2.

Қайтарылатын қалдықтар құны

негізгі

қарапайым, тура

3.

Жартылай фабрикаттар, көмекші материалдар

негізгі

қарапайым, тура

4.

Техн.мақсаттағы отын және энергия

негізгі

қарапайым, тура

5.

Өндір.жұмысш негізгі еңбек ақысы

негізгі

қарапайым, тура

6.

Өндір.жұмысш.қосымша еңбек ақысы

негізгі

қарапайым, тура

7.

Әлеуметтік төлемдер

негізгі

қарапайым, тура

8.

Жаңа өнімді даярлау және игеру шығыны

негізгі

кешенді, тура

9.

Жабдықты күту және пайд.шығындары

негізгі

кешенді, жанама

10.

Басқа үстеме шығындар

үстеме

кешенді, жанама

Өндірістік өзіндік құн = 1 – 10 сомасы

11.

Мерзім шығындары

үстеме

кешенді, жанама

Толық өзіндік құн = Өндірістік өзіндік құн +11

Шетелде шығындарды өндіріс көлемінің өзгеруіне қарай тұрақты және өзгермелі деп бөледі. Шартты тұрақты шығындар өндіріс көлемінің өзгеруіне тәуелсіз болады, ал өзгермелі шығындар оған тура пропорционалды өзгереді.
Шығындардың тұрақты және өзгермелі болуы белгілі бір релеванттық облыста ғана болады. Релеванттық облысы – шығындар біріңғай заңдылыққа бағынатын облыс шектері.
Әр кәсіпорын үшін (әсіресе жаңа) қай уақыттан бастап ол пайда алады деген сұраққа жауап табу өте маңызды болады. Сатудың шекті көлемі – бұл кәсіпорын табыстары оның шығындарына тең болатын өндіріс көлемі. Осы шекті көлемді анықтау формулалары келесі:
– өнім бірлігінің бағасы. – сатулардың шекті көлемі.
­­ – тұрақты шығындар. – өзгермелі шығындар, өнім бірлігіне саналған.

Өзіндік құнды төмендету әртүрлі факторларға тәуелді болады. Ең негізгілерге келесіні жатқызуға болады:



  1. өнім өңдіруді өсіру (тұрақты шығындар бойынша түсетін үнем арқылы).


B1 – өсіруге дейінгі өнім көлемі;
B2 – өнім шығарудың жаңа мөлшері.

  1. Материал сыйымдылығын азайту (шикізат пен материалдар бойынша үнем болады).

  2. өнім өңдіру өсімін еңбек ақы өсімінен жоғары етіп жасау (еңбек ақы бойынша үнем болады).

  3. Жаңа техниканы енгізу арқылы, өндірісті механикаландыру және автоматтандыру.


С1 – шараға дейінгі өнім бірлігінің өзіндік құны.
С2 – шарадан кейінгі өнім бірлігінің өзіндік құны.
В2 – шарадан кейін шығарылатын өнім көлемі.

  1. өнімнің қор сыйымдылығын азайту арқылы (амортизация бойынша үнем болады).

  2. Қалдықтарды және жоғалтуларды азайту шараларын енгізу.

Іс жүзінде өзіндік құнның келесі көрсеткіщтері қолданылады:

  1. Өндіріс шығындарының сметасы.

  2. Өнім бірлігінің және тауарлық өнімнің өзіндік құны.

  3. Өзіндік құнды төмендету көрсеткіштері.

  4. Тауарлық өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы шығындар.


Кәсіпорында өзіндік құнды жоспарлау процесінде келесі шаралар жүргізіледі:

  1. Өндірістік бағдарламаны орындауға қажет барлық шығындар көрсетілетін өндіріс шығындарының сметасы құрастырылады. Көбінесе, сметаны жалпы кәсіпорын бойынша емес, жеке цехтер, бөлімшелер бойынша құрастырылады, одан кейін нәтижелер қосылады.

  2. Жеке өнім түрлерінің өзіндік құнын калькуляциялайды (жеке тапсырыстар, секциялар, партиялар және т.с.с. бойынша). Біріңғай өнім шығаратын көмекші цехтарда (эл. энергия, көлік қызметтері және т.с.с.), калькуляция объектісі ретінде шығарылатын өнімнің бірлігі алынады (кВт./сағ, т. Және т.с.с).

Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау келесі әдістермен жүзеге асырылады:

  • нормативтіік – материалдық және еңбек нормативтерін қолдануға негізделген.

  • кезеңді – жаппай өндірістерде қолданылады, мұнда өнім бірнеше өңдеу кезеңдерінен өтуге тиіс. Соңғы өнім оны бірнеше кезеңдерде өңдеудің нәтижесі ретінде болады.

  • Тапсырыс бойынша- қайталанбайтын өнім бірліктерін шығаратын кәсіпорындарда қолданылады.

  • Операция бойынша – егер тауарлардың жалпы және жеке сипаттамалары бар болса, қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет