2. Кәсіпорын пайдасы және оны бөлу. Рентабельділік көрсеткіші. Өнімді өткізуден түсетін табыс Табыс — кәсіпорын есеп шотына сатып алушыға жіберілген тауар үшін түскен ақша. Табыс мөлшері жіберілген өнім құнынан айрықшалану мүмкін. Оның факторлары: қоймадағы дайын өнім қалдықтары; жіберілген, бірақ төленбеген тауарлар;сатып алушыда жауапты сақтауда болатын тауарлар. Пайда — шаруашылық қызметтің нәтижесін сипаттайтын экономикалық категория. Кәсіпорын балансында көрсетілетін пайда баланстық деп аталады. Баланстық пайда үш элементтен тұрады: 1. Өнімді, қызметтерді өткізуден түскен пайда
Пс=Тс-сыз - ӨҚ
мұндағы Тс-сыз. — ҚҚС-сыз, акцизсіз өнімді өткізуден түсетін табыс; ӨҚ— өзіндік құн 2. Басқа сатулардан (мүлікті) түсетін пайда
мұндағы Тс — сатудан түскен табыс (ҚҚС-сыз); Мқк— мүліктің қалдық құны. 3. Өткізуден тыс табыстар мен шығындар. Өткізуден тыс табыстарға келесі жатады:
Басқа кәсіпорындар қызметіне қатысу үлесіне қарай алған табыстар;
Кәсіпорын төлейтін айып-ақылар, пенялар, айып-төлемдер;
Стихиялық аппаттан болған жоғалтулар
Ұрлаудан болған шығын;
Валюталық шоттар бойынша кәсіпорын үшін теріс кустық айырмалар және т.с.с.
Пайданы бөлу: Баланстық пайдадан салықтар және банк несиесі үшін төленетін пайыз алынады. Сонда таза пайда шығады. Осы таза пайданың құрамынан сақтық қор құрылады (акционерлік қоғамдарда 25 % жалпы Жарғылық капиталдан). Одан кейін арнайы қорлар құрылады (өндірісті дамыту қоры, тұтыну қоры, ерекше даму қоры). Сонымен қатар, пайдадан дивидендтер төленеді (акционерлік қоғамдарда). Кәсіпорында сондай-ақ, маржинальды табыс анықталады. Ол өткізуден түскен табыс пен өзгермелі шығындар арасындағы айырмаға тең. Оның көмегімен әр өнімнің жалпы кәсіпорын пайдасын құрастырудағы үлесін анықтауға мүмкіндік береді.