208
С
Сабина – дәрі арша (өсімдік).
Сабур – сабур, көпжылдық өсімдік, іш жүргізгіш, өт
айдағыш дәрі.
Сагиттальная (лат. sagіtta — жебе)
плоскость – омыртқа
жотасының бойымен жүргізіліп, денені тең екі
бөлікке бөлетін орталық жазықтық.
Сакральная анестезия — құйымшақтық анесте-
зия; жұлынның құйымшақ бөлімі арқылы
жансыздандырудың бір түрі.
Салициловая кислота — салицил қышқылы; ыстық
басқыш, ауруды бәсеңдеткіш, ревматизмге, қабынуға
қарсы қолданылатын дәрі.
Салициловые препараты – салицил дәрі—дәрмектері.
Салол – салол; микробтарды жоятын дәрі.
Сальмонеллез (паратиф) – сальмонеллез, қылау.
Сальная железа (glandulae sebaceae; лат. glandula —
без, sebum – май) — май безі; құрылысы қарапайым,
тарамдалған көпіршікше тері безі. Ол тері эпидермисі
мен тері түктерін майлап тұратын майлы бөлінді (се-
крет) бөледі.
Сальник (лат. omentum — шарбы)
– шарбы, іш майы
жиналатын қосқабатты ішперде (сірлі қабық) бөлігі.
Қарынның кіші иіні мен бауыр арасындағы ішперде
бөлігін
кіші шарбы, ал қарынның үлкен иінінен
шығатын бөлігін
үлкен шарбы – деп атайды.
Сальпингит – сальпингит; жатыр түтігінің (жұмыртқа
жолының) қабынуы.
Самец – еркек жануар (айғыр, бұқа, қошқар, қабан,
төбет т.б.).
Достарыңызбен бөлісу: