223
Специфический запах — өзіне тән иіс.
Спиндлера метод – Спиндлер әдісі; топырақты
гельминтоовоскопиялық зерттеуге арналған әдіс.
Спинной мозг (medulla spіnalіs; лат. medulla — ми,
spіnalіs – арқа) — жұлын; жануарлар организмі
омыртқа өзегінде орналасқан орталық жүйке
жүйесінің мүшесі. Ол орналасу орнына қарай мойын,
көкірек, бел және құйымшақ бөлімдеріне бөлінеді.
Спиннолопаточная область (холка) – шоқтық.
Спинномозговой канал – жұлын өзегі.
Спинномозговая анестезия, спинальная анестезия –
жұлын анестезиясы.
Спинномозговая жидкость – жұлын сұйығы.
Спинномозговые нервы (nervі spіnales; лат. nervus –
жүйке, spіnalіs s. medulla spіnalіs — жұлын) – жұлын
жүйкелері; олар жұлынның жоғарғы сезімтал
жүйке түбіршіктері мен төменгі қозғалтқыш жүйке
түбіршіктерінің қосылуынан пайда болған. Жұлын
жүйкелері – қызметі жағынан
аралас жүйкелерге
жатады.
Спинномозговые узлы (ganglіon spіnale; лат. ganglіon
— түйін, spіnalіs — жұлын) — жұлын түйіндері;
жұлынның жоғарғы түбіршігі бойында орналасқан,
сезімтал нейроциттерден құралған түйіндер (гангли-
ондар).
Достарыңызбен бөлісу: