65
жануарларда), өнімділігі және т.б.
белгілері жағынан
өздерінің ат-енелерімен салыстырғанда әлдеқайда
басым болатын будандардың бірінші ұрпағына тән
қасиет.
Гетеротермные животные – гетеротермді (жылы қанды)
жануарлар.
Гетеротрофные организмы – гетеротрофты организм-
дер; даяр органикалық заттармен қоректенетін орга-
низмдер.
Гетерохроматин (heterochromatіnum; грек. heteros —
басқа, өзге, бөгде; chroma — хромосомалар заты) —
гетерохроматин; хроматиндер жинақталып,
тығыз
орналасқан хромосомалардың түзіліс процестеріне
енжарлы (белсенді емес) бөліктері. Хроматиндер де-
зоксирибонуклеин қышқылдары (ДНҚ) мен гистон-
дардан (негіздік нәруыздардан) тұрады.
Гиалиновый (грек. hyalіnos — мөлдір, шыны тәрізді)
– гиалинді;
шыны тәрізді мөлдір, көрінетін
құрылымдар болмайтын зат (гиалинді шеміршек –
жасушааралық заты біркелкі мөлдір шеміршек).
Гиалиноз – гиалиноз; нәруыздың дистрофия түрі.
Гиалоплазма (грек. hyalіnos — мөлдір, шыны тәрізді;
plasmos — плазма) –
гиалоплазма; жануарлар жасу-
шалары цитоплазмасының органеллалар (тұрақты
кездесетін құрылымдар – жасушаның тым ұсақ
мүшелері) мен қосындылар (тұрақсыз құрылымдар)
орналасатын біркелкі қоймалжың заты,
жасуша
цитоплазмасының негізгі заты.
Гиалуронидаза – гиалуронидаза; гиалурон қышқылы
гидролизін катализдейтін фермент (сперматозоид
акросомасында, жылан мен ара уларында,
ауру ту-
дырушы бактериялар қабықшаларында болады). Ги-
алуронидаза жануарлар ұлпаларының өткізгіштік
қасиетін күшейтіп, түрлі белсенді заттардың
ұлпаларға енуіне мүмкіндік тудырады. Ол ветерина-
рияда кеңінен қолданылады.