Салаларының бірі ауыл шаруашылығы



Pdf көрінісі
бет10/240
Дата03.06.2022
өлшемі1,04 Mb.
#36248
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   240
Аденокарцинома (грек. aden – без, karkіnoma — ісік) – 
аденокарцинома; безді мүшелерде (желінде, қарында 
т.б.) өрбитін қатерлі ісік
Аденома – аденома; бездерде безді эпителий ұлпасынан 
қалптасатын қатерсіз ісік.
Аденоматоз – аденоматоз; мүше ұлпаларының без 
тәрізді шоғырланып өсуі, мысалы, өкпе аденомато-
зы. Аденоидты Аденоидный (грек. aden – без; eіdos 
— түр) – аденоидты; түр сипаты мен құрылысы без-
ге немесе лимфоидты ұлпаға ұқсаған гистологиялық 
құрылым. 
Адецидуаты (грек. а — жоқ; лат. decіduus — түсіп қалу, 
бөліну) — адецидуаттар; буаздық кезеңінде, жатырдың 
ішкі кілегейлі қабығында (эндометрийінде) төл туғаннан 
соң арнайы бөлініп түсетін қабықша түзілмейтін жану-
арлар. Адецидуаттарға барлық тұяқты үй жануарлары 
жатады. 
Адинамия (грек. a – жоқ, dynamіa – күш) – адинамия, 
күшсіздік; организмнің (ашығу мен түрлі ауруларға 
байланысты) қозғалыс белсенділігінің төмендеуі, 
қозғалуға қабілетсіздік.


15
Адонизид – адонизид; угүлжапырақтан алынатын 
жүрек дәрісі. 
Адонис весений – угүлжапырақ (жүрек гликозидтері 
алынады).
Адреналин (лат. adrenalіnum; лат. ad – маңында, 
қасында; ren — бүйрек) – адреналин; бүйрекүсті 
безінің бозғылт затын құрайтын хромаффинді жа-
сушалар тобының адреноциттері бөлетін гормон. 
Адреналовая система – адреналдық жүйе; хромаф-
фин жасушалары топтарынан құралған ірілі—уақ 
құрылымдар жүйесі. 
Адренокортикотропный гормон – адренокор 
тико-
троптық гормон; бүйрекүсті безі қыртысты затының 
қызметін күшейтетін гипофиздің алдыңғы бөлігінің 
гормоны (АКТГ).
Адренэргическая нервная система — адренэргиялық 
жүйке жүйесі; вегетативтік жүйке жүйесінің 
жүйке түйіндерінен (ганглийлерінен) кейін 
орналасқан (постганглионды) симпатикалық жүйке 
талшықтарынан құралады. Олардың жүйке ұштары 
адреналин және норадреналин олигопептидті нейро-
гормондарын бөледі. 
Адсорбент – адсорбент, тұтқыш зат; өзімен жанасқан 
улы заттарды бойына сіңіріп, денеге дарытпай ұстап 
тұратын, суда ерімейтін, химиялық реакцияларға 
түспейтін қатты зат (белсендітілген көмір, тальк, ақ 
балшық т.б.).
Адсорбция (лат. adsorbtіa; ad — үсті, беті; sorbeo — сіңі-
ру, тұту) — адсорбция, тұту; қоймалжың жасу-
ша цитоплазмасының сыртқы бетіндегі коллоидты 
бөлшектер – мицеллдер кешенінің, беткейлік қуат тың 
(энергияның) әсерінен еріткіш (дисперстік) ор 
та 
дағы 
электролит иондарын не басқа ертінді құрамындағы
немесе газдардағы бөлшектік заттарды тұтып сіңіруі. 
Адъюванты – адъюванттар; вакцинаның әсерін 
күшейтетін қоспалар. 


16


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   240




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет