Салауатты өмір салты туралы жаңа көзқарас


Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы мемлекеттік негізгі бағдарламалар



бет4/10
Дата08.10.2022
өлшемі0,55 Mb.
#41891
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы мемлекеттік негізгі бағдарламалар

  •  Жастар назарындағы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасының басты арқауы үш бағытта қарастырылған және де екі кезеңді қамтиды. Аталған тұжырымдамамен таныса отырып, ел жастарының көңілінен шығатын көптеген мәселелерді кездестіреміз. Солардың бірі — қолжетімді баспанамен қамту жайы. Жастарды баспанамен қамту мәселесінің келер жылдан бастап қолға алынатындығына университеттің студенттер берік сеніммен қарайды. Қазір Мемлекет пен Үкімет жастардың алаңсыз білім алуына толық жағдайлар жасауда. Әсіресе, «Жұмыспен қамту — 2020» бағдарламасы әр жастың мамандық алуына толық жағдай туғызып отыр. Мемлекеттік қызмет саласына да барып жатқан жастардың саны қаншама?! Ел алдындағы сенімді адал атқару да жастарымыз үшін парыз болмақ. Қазір университетте білім алып жатқан 4 мыңнан астам студентке осы тұжырымдаманың мәні мен маңызы туралы кеңінен түсіндірілуде. Бұл бағыттағы шараларды университет жанынан құрылған «Мейірім» еріктілер клубы да ұйымдастыруда. Қазір клуб құрамында 300-ге жуық белсенді студенттерден құралған мүшесі бар.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы

  • «Дипломмен ауылға» бағдарламасы жастар үшін ең үлгілі жобалардың бірі .Саламатты қазақстанды нығайтудың бір көрінісі.2009 жылы қолға алынған «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 2012 жылы 20 891 мың жас жұмысқа орналасса, соның 5883 -ін оңтүстіктің жастары құрап отыр. Айта кетейік, бағдарламаға сәйкесінше жас мамандарға:
  • а) 124 632 теңге сомада біржолғы көтерме жәрдемақы төлеу;
  • ә) тұрғын үй сатып алуы үшін әлеуметтік қолдау — 2 187 984 теңге он бес жыл мерзімге 0,01% пайыздық мөлшер бойынша бюджеттік несие беру;
  • б) ауылдық елді мекендерде орналасқан әлеуметтік сала ұйымдарының қызметкерлеріне 25 пайыздан кем емес мөлшерде көтеріңкі лауазымдық жалақы (тарифтік ставкалар бойынша) тағайындау жағдайлары қарастырылған.

«Болашақ»бағдарламасы

  • «Болашақ» халықаралық стипендиясы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1993 жылы 5 қарашадағы № 1394 қаулысымен құрылды. Бағдарламаның құрылуына уақыт талабы ықпал етті. Мемлекетіміз тәуелсіздігін енді алып, экономикада еркін нарықтық қатынастар жолына, демократия және әлемдік қоғамдастыққа толық ену жолына шықты, бұл өмірге көптеген реформаларды әкелуді талап етті. Кез келген реформаны өткізу өздеріне берілген міндеттерді орындауға қабілетті білікті кадрлардың болуын талап етеді


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет