Салауатты өмір салты туралы жаңа көзқарас


Үш тілді дамыту бағдарламасы



бет5/10
Дата08.10.2022
өлшемі0,55 Mb.
#41891
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Үш тілді дамыту бағдарламасы

  • «Елбасының «Үш тұғырлы тіл» жобасы ел болашағын баянды етуден туған, алысты көздеген мақсат. Осы жобаны түсіндіруде және іске асыруда түрлі жансақтықтарға жол беріп алып жатамыз. «Үш тұғырлы тіл» - қазақ, орыс, ағылшын тілдерін қатар қойып, жарыстыру емес. Керісінше, бұл әр тілді өзіне лайықты орнымен қажетіне қарай лайықты пайдалану деген сөз. Мұнда мемлекеттік тілдің орны тіпті бөлек. Оған ешкімнің таласы жоқ. Үш тұғырлы тілді желеу етіп, мемлекеттік тілді ығыстыру мүлде дұрыс емес» - дейді. 2.1. Қазақстанды бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде тануы керек. Олар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қарым-қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономиканы ойдағыдай түсіну тілі. Дәлірек айтқанда, үштұғырлы тіл идеясын мынадай әрі қарапайым, әрі түсінікті формуламен көрсетуге болады: мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз және ағылшын тілін үйренеміз. Үштұғырлы тіл идеясын дамыту үшін мемлекет тарапынан еліміздің әр азаматына көптеген жағдайлар жасалынған. 

Болашақ бағдарламасы

  • Стипендиаттарды неғұрлым сапалы даярлауды қамтамасыз ету үшін серіктестер тізімі сапалы түрде қайта қаралып, шетелдік жоғары оқу орындарына талаптар күшейтілді. 2012 жылы ұсынылатын жоғары оқу орындарының саны Times Higher Education, QS World University Ranking Academic Ranking of World әлемдік рейтингілерінде ең жоғарғы деңгейдегі қуатты ғылыми базасы мен зерттеу университеттері бар 200-ге дейінгі жетекші ғылыми орталықтарға қысқартылды. Қазақстандық экономика үшін өзекті бағыттар бойынша әзірлемелер жасалып жатқан ғылыми-зерттеу орталықтары мен зертханалардың базасы құрылды.осы ігі істердің барлығы салауатты Қазақстанның дамуын көрсетеді.

«100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы

  • «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша ашылып жатқан ауруханалар мен емханалардың Қазақстан халқы тұрғындарына үлкен жағдай жасап жатқанын атап көрсетті. Мамандардың айтуынша, 2009 жылы ана мен бала өлімі, алдыңғы жылға қарағанда, 0,4-0,5 пайызға төмендеген.
  • К.Кәрімова ханым, ағымдағы жыл бойы Жолдау жүктеген міндеттер бойынша жұмыс істейтінін айтты. «Елбасы айтқан салауатты өмір салты - біздің тұрақты қызметіміз. Біз барлық 16 бағдарламаны, оның ішінде «Темекіге қарсы», «Қоршаған орта», «Дұрыс тамақтану және салмақты азайту» және т.б. бағдарламаларын жалғастырамыз» дейді Г.Кәрімова.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет