Президентiмiз саламатты өмiр салтын қалыптастыру, адамның өз денсаулығы үшiн ынтымақты жауапкершiлiгiн тәрбиелеу, әлеуметтiк мәнi бар аурулардың алдын алуға барынша назар аудару - денсаулық сақтау саласындағы және халықтың күнделiктi тұрмысындағы мемлекеттiк саясаттың ең басты бағыты болуы тиiс деп белгiледi. «Болашақтың iргесiн бiрге қалаймыз» атты Елбасы Жолдауының басымдықтары: саламатты өмiр салтына жағдай жасау, денсаулықты нығайту, халық денсаулығының әлеуетiн дамыту және дене мәдениетiн қалыптастыру, саламатты өмiр салтын қалыптастырудың кешендi, үздiксiз және тұрақты жүйесiн құру, саламатты өмiр салтын насихаттауға мемлекеттiк органдар мен ведомстволар, сондай-ақ үкiметтiк емес ұйымдарды тарту болып табылады. Менiң пiкiрiмше, бұл үшiн жұмыс орындарында, университеттер, мектептер мен балабақшаларда спортпен айналысуға жағдай жасалып, жұмыс күндерi дене жаттығуларынан басталуы қажет, өйткенi дене белсендiлiгi – салауатты өмiр салтының бiр көрiнiсi.

Барша азаматтардың денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтына бағытталған елбасының жолдауын – егемендіктің кілтін ұстар жастардың болашағына апаратын алтын сүрлеу десе болады. Бүгінде білім беру мекемелерінің алдында тұрған міндеттердің бірі – жас ұрпақтың салауатты өмір сүруге көзқарасын қалыптастыру, олардың денсаулығын сақтауға, қоршаған ортаны таза ұстауға және жоғары, сапалы білім алып, сол білімді келешектегі өмірінде пайдалана білуге тәрбиелеу. Адамның ақыл-ой интелектісін оның білімділік деңгейінен байқауға болады. Білім – ақыл-ойдың бастапқы түрткісі және негізгі құралы, әрі көрсеткіші болғандықтан, әрбір адам салауатты өмір сүру үшін біріншіден ақыл-ойын жетілдіру керек; екіншіден материалдық жағдайын түзеуі тиіс, ол үшін адал еңбек етуі қажет.