Салбырова макпал токтарбеккызы



Pdf көрінісі
бет49/54
Дата25.01.2023
өлшемі3,18 Mb.
#62803
түріДиссертация
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54
Байланысты:
DISSER

Біріншіден, ол қазіргі заманға сай дизайны, компьютерлік оқыту 
құралдарына қойылатын эргономикалық және кинесиологиялық талптарға 
сәйкес келетіндіктен ақпаратты ұсыну үшін интербелсенді мультимедиалық 
және анимациялық құралдар қолданылған.
Екіншіден, білім алушылардың білімі мен іскерлік-дағдыларын тексеру, 
ӛзін-ӛзі бақылау арнайы бағдарламамен құрылған интербелсенді құралдар 
арқылы жүзеге асырылады.
Үшіншіден үш ӛлшемдегі 3Dmax бағдарламасымен құрылған шынайы 
уақыт жағдайында жұмыс істейтін табиғаттағы құбылыстар мен үрдістерді 
бақылайтын анимометр, барометр, гигрометр, термометр, флюгер сияқты
приборлар бар. Жеке компьютерде білім алушылар олардың жұмыс істеу 
қағидаларымен танысып ӛлшеу жұмыстарын жүргізу мүмкіндіктері бар.
Тӛртіншіден, күрделі электронды оқыту құралының сыйымдылығы 640 
Мбайттық стандартты CD-ROM оптикалық дискасына жеңіл жазылып жеке 
компьютерге орналастырып пайдалануға болады.
Электронды оқыту дегеніміз ол «барлық жағдайда да орындалушы» 
және «уақытында орындаушы», «мен үшін қолжетімді», және «тек мен үшін» 
тиімді [165]. Әзірленген электронды оқыту құралы теориялық материалдарды 
меңгеру және бекіту нақты оқу тапсырмаларын орындау үрдісінде жүзеге 
асады. Кӛп жағдайда жаңа білім дайын түрде берілмейді, тапсырма мазмұны 
әрдайым теориядан басым болады. Білім алушының геометриялық 
объектілерді қайта құру және түрлендіруі бойынша нақты іс-әрекеті 8-шы 
сыныптардағы география курсында біртіндеп жүйеленіп қорытындыланатын 
эмпирикалық материалдың жинақталуына негіз болады. 
2.4 
География пәнін оқытуда ақпаратты-коммуникациялық 
технологияларды қолдану әдісінің тиімділігін тексеру экспериментінің 
нәтижелері
Зерттеу жұмысымыздың мақсат-міндеттеріне сәйкес тәжірибелік-
эксперимент жұмысы 2015-2018 жылдар аралығын қамтыды. Зерттеу 
жұмысына жалпыға бірдей орта білім беретін 1 ауылдық және 2 қалалық
мектептердің 
мұғалімдері 
мен 
білім 
алушылары 
қатыстырылды. 
Экспериментке 105 білім алушы қатысты.
Зерттеудің маңызды кезеңі педагогикалық эксперимент болып 
табылады. Алға қойған міндеттерді түбегейлі шешу және қозғаған ғылыми 
болжамының дұрыстығын анықтау мақсатында эксперименттік жұмыстар 
Эксперимент жұмысы Алматы қаласының №33 мектеп-лицейі мен №19 орта 
мектепте және Алматы облысы Жамбыл ауданы, Қызыләскер ауылындағы 
Ә.Мәмиев атындағы орта мектепте ұйымдастырылды.
«8 сынып: География» электронды оқыту құралын пайдаланып оқыту 
әдістемесінің тиімділігін анықтау мақсатында үш кезеңнен тұратын (анықтау, 
іздену және қалыптастыру) эксперименттік жұмыстар жүргізілді. Жүргізілген 


98 
педагогикалық эксперименттік кезеңдері және негізгі міндеттері суретте 
берілген. 
Эксперименттік жұмыстың мақсаты: зерттеу жұмысының ғылыми 
болжамының дұрыстығын, «8 сынып: География» электронды оқыту 
құралының орта мектепте географияны оқыту әдістемесінің тиімділігін 
анықтау болып табылады. Зерттеп отырған мәселенің практикада қалай 
қабылданатындығымен, эксперименттің іске асқан мүмкіндіктері туралы 
айқын да нақты материалдарды алуды қамтамасыз ететін әр түрлі зерттеу 
тәсілдерінің қолданылуымен жүзе асырылады. Зерттеу әдісін анықтауда 
әңгімелесу, экспериментке қатысатын білім алушылар арасында сауалнама 
жүргізу, сондай-ақ іздену және қалыптастырушы эксперименттің барысын 
бақылауды пайдалануды жӛн кӛрдік. 
Жүргізілген эксперименттің міндеттеріне мыналар кірді: 
1) орта мектепте ақпараттық-коммуникациялық технологияларды 
пайдаланудың қазіргі жағдайын анықтау; 
2) білім беруде электрондық оқыту құралының алатын орны мен рӛлiн 
анықтау; 
3) зерттеу мәселесінің теориялық және практикалық жағдайына талдау 
жасау; 
4) географияны оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологиялар-
ды қолданудың электрондық оқыту құралын әзірлеу; 
5) тәжірибелік жұмыстардың компьютерлік үлгідеуі мен тренажер 
бағдарламасын әзірлеу 
6) ғылыми негіздерін компьютерлік үлгідеу кӛмегімен орта мектепте
оқытуға бағытталған әдістемені практикаға ендіру; 
7) ұсынылып отырған әдістің тиімділігін анықтау үшін: 
- электронды оқыту құралын пайдалану әдісінің сапасын анықтау 
мақсатында білім алушылар арасында сауалнама ӛткізу; 
- орта мектепте географияны оқытуда, практикалық жұмыстарды 
жүргізуде электронды оқыту құралын пайдалану; 
- әдісінің сапасын анықтау мақсатында білім алушылары арасында 
сауалнамалар жүргізу; 
- эксперименттік және бақылау топ білім алушыларының электронды 
оқыту құралын пайдалану бойынша алаған білім сапасын салыстыру;
- статистикалық, математикалық ӛңдеу. 
Анықтау эксперименті кезеңінде зерттелетін мәселенің нақты 
жағдайының деңгейін анықтау мақсатында география оқулықтарына, оқу-
әдістемелік құралдарға, географияны оқыту әдістемесі жүйесіндегі 
пәндердің, соның ішінде География 8 сыныпқа арналған бағдарламалар мен 
оқу-әдістемелік құралдарына талдау жасалды. 
Анықтау эксперименті барысында әртүрлi әдiстер пайдаланылды: 
зерттеу жұмыстары бойынша педагогикалық, әдістемелік еңбектер мен 
зерттеу тақырыбына байланысты авторефераттар, диссертациялық жұмыстар 


99 
талданды, географияны оқытудағы озық тәжірибелер зерттелінді, мектеп 
мұғалімдерімен әңгіме ӛткізілді.
Сонымен, анықтау эксперменті кезеңінде оқу-тәрбие үдерісінің нақты 
жағдайы мен даярлаудың бастапқы деңгейін анықтау үшін мына 
міндеттердің шешімі іздестірілді:
1) орта мектептерде «8 сынып: География» оқулығына электронды 
оқыту құралын қолданудың сапасын анықтау; 
2) орта мектептерде «8 сынып: География» оқулығына электронды 
оқыту құралын қолдану бойынша білім дәрежесін анықтау; 
3) орта мектеп білім алушыларының «8 сынып: География» оқулығына
электронды оқыту құралы мәселелері бойынша білім дәрежесін анықтау; 
4) «8 сынып: География» оқулығына электронды оқыту құралын 
қолданудың қиыншылықтарын анықтау; 
5) «8 сынып: География» оқулығына электронды оқыту құралын орта 
мектепте қолданудың әдістемелік негіздерін ұсыну үшін қажетті 
дидактикалық материалдарды дайындау. 
Бұл мәселелерді шешу барысында сауалнамалар жүргізу, әңгімелесу 
сияқты тәсілдер қолданылды. 
Анықтау эксперименті кезеңінде (2016-2017 оқу жылдары) зерттеу 
мәселесін талдау жұмыстары; «8 сынып: География» оқулыққа электронды 
оқыту құралы орта мектепте қолданудың қиыншылықтарын анықтау
туындаған қиыншылықтарды шешу жолдарын анықтау; мектептерде 
практикалық жұмыстарды жүргізуді жетілдіру жолдарын іздестіру; әдіскер 
ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын талдау; түрлі педагогикалық 
технологияларды қолдану арқылы «8 сынып: География» оқулыққа
электронды оқыту құралытың тиімді жолдарын қарастыру жұмыстары 
атқарылды (22-сурет). 
Эксперименттік жұмыстың бірінші кезеңі – анықтау эксперименті болып 
табылады. 2016-2017 жылдары анықтау эксперименті жүргізілді. 
Ол Алматы қаласының №33 мектеп-лицейі мен №19 орта мектеп және 
Алматы облысы Жамбыл ауданы, Қызыләскер ауылындағы Ә.Мәмиев 
атындағы орта мектепте ұйымдастырылды (қосымша А). 
«8 сынып: География» оқулыққа электронды оқыту құралы бойынша 
мектеп білім алушыларының білімін анықтау үшін тапсырмалар дайындалды. 
Анықтау эксперименті кезеңінде жүргізілген сауалнама, білім деңгейін 
анықтауға берілген тапсырмалар нәтижесінен мектеп білім алушыларының 
«8 
сынып: 
География» 
оқулыққа 
электронды 
оқыту 
құралықа 
қызығушылықтары мен білім деңгейлерінің тӛмен екендігі анықталып, 
практикалық жұмыстарды жүргізуде қиындыққа тап болатындығы 
анықталды. Осылайша бірінші кезеңдегі анықтау эксперименті зерттеу 
тақырыбының ӛзектілігін аша түсті (22 сұлба). 


100 
Сұлба 22 - Экспериментті ұйымдастыру жүйесі 
Жасалған қорытындылар нәтижесінде анықтау эксперименті кезеңінде
тӛмендегі міндеттерді алға тарттық: 
Екінші кезеңде іздену эксперименті (2017-2018 оқу жылдары) ӛткізілді. 
Іздену эксперименті кезеңіне тӛмендегідей міндеттер қойылды: 


101 
- «8 сынып: География» оқулыққа электрондық оқулығын орта мектепте 
оқытудың маңызын кӛрсету; 
- «8 сынып: География» оқулыққа электронды оқыту құралыты оқу 
үрдісіне енгізу; 
- «8 сынып: География» оқулыққа электронды оқыту құралытың 
практикалық жұмыстарының құрамын толықтыру; 
- «8 сынып: География» оқулыққа электронды оқыту құралыты орта 
мектепте оқытуда әдістемесінің тиімділігін эксперимент жүзінде дәлелдеу. 
Қалыпстастырушы эксперимент кезеңінде «8 сынып: География» 
оқулыққа электронды оқыту құралыты орта мектепте оқытуда әдістемесінің 
тиімділігіне бақылау жүргізілді. Мұнда атқарылған жұмыстар тӛмендегідей 
болды: бақылауға алынатын және эксперимент жүргізілетін топтарды 
таңдау; мектеп білім алушыларының ұсынып отырған әдістеме бойынша 
оқытуға дейінгі және одан кейінгі білім дәрежесін анықтау; «8 сынып: 
География» Алматы қаласының №33 мектеп-лицей, №19 орта мектепте және 
Алматы облысы Жамбыл ауданы, Қызыләскер ауылындағы Ә.Мәмиев 
атындағы орта мектепте «8 сынып: География» оқулыққа электрондық 
оқулығгы бойынша практикалық жұмыстарды электронды оқыту құралытың 
кӛмегімен ӛткізу. Қалыптастыру экспериментіне барлығы 105 білім алушы 
қатысты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет