Салькеева, А. К. и др



бет3/23
Дата14.10.2022
өлшемі0,62 Mb.
#43035
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
оптика, онлайн библиотека

Линзаның оптикалық күші




(10)

формуласымен есептеледі.
f – фокус аралығы. N=n/n1 – сынудың салыстырмалы көрсеткіші (n және n1- сәйкесінше линзаның және қоршаған ортаның абсолют көрсеткіші).
R1 және R2 – жазықтықтардың қисықтық радиустары.(R>0 дөңес жазықтық үшін, R<0 ойыс жазықтық үшін)
a және b – оптикалық центрдің сәйкесінше затқа және оның бейнесіне дейін арақашықтығы. Оптикалық күштің өлшем бірлігі- 1 дптр(диоптрия). Фокус аралығы 1 м-ге тең линзаның оптикалық күші: 1дптр=1/м.
Заттың бейнесінің линзадағы тізіуі келесі сәулелердің көмегімен жүзеге асады:
1) Линзаның бас оптикалық осі арқылы өтетін және өз бағытын өзгертпейтін сәулелер;
2) Бас оптикалық оське параллель орналасатын және сынғаннан кейін линзаның екінші фокусы арқылы өтетін сәулелер;
3) Бірінші фокус арқылы өтіп, сынғаннан кейін ол линзадан оның бас оптикалық осіне параллель болып шыгатын сәулелер(немесе олардың жалғасы);
§ 1.2 Фотометрия негізі
Фотометрия – жарық және оның көзінің интенсивтілігін өлшеумен айналысатын оптика бөлімі. Фотометрияда келесі өлшемдер қолданылады:
1) Энергетиклық – оптикалық сәулеленудің энергетикалық параметрлерін сипаттайды.
2) Жарықтық – жарықтың физиологиялық әрекеттерін сипаттайды және көзге немесе басқа да сәулеленуді қабылдағыштарға әрекетімен бағаланады.
Нүктелік жарық көзі - өлшемдері өте аз және барлық бағыттарда бірдей сәуле шығаратын жарық көзі. Жер бетінен бақылағандағы жұлдыз немесе бірнеше ондаған метрден бақылағандағы электр лампочкасын нүктелік жарық көзі ретінде қарастыруға болады. Мұндай жарық көзінен шығатын жарық толқынының шебі сфералық болады. Егер заттың беті өзіне түсетін жарықты түгелдей шағылыстырса, онда бұл бет абсолют ақ бет деп аталады (шағылу коэффиценті (ρ=1 ) Өзіне түсетін жарық толығымен жұтылатын бет (ρ=0) абсолют қара бет деп аталады.
Жарықтың кеңістікте таралуы туралы тапсырмаларды денелік бұрыш туралы ұғым енгізілген. Денелік бұрыш деп конустық жазықтықпен шектелген кеңістіктің бөлігін айтамыз. Денелік бұрыш сфера бетінде (денелік бұрыш төбесінде центрі О болатын) конуспен қиылған бөлігінің ауданының оның радиусына қатынасымен анықталады, яғни




(11)


6-сурет
Денелік бұрыштың өлшем бірлігі стерадиан (ср) болып табылады.
1 ср – төбесі сфера центрінде орналасқан, сфера бетінде қабырғасы r болатын квадраттың ауданына тең аудан сызатын денелік бұрыш.
Ең үлкен денелік бұрыш 4π стер-ға тең (сфералық беттің толық ауданы 4π r2). Осыдан, жарық көзінің айналасындағы кеңістікті қамтитын денелік бұрыш 4π стер-ға тең болады.
ω = 4 πr2/r2 = 4 π.
Суреттен көріп отырғанымыздай О бақылау нүктесінен жүргізілген r радиуспен α бұрыш жасайтын n нормаль векторы бар dS ауданы денелік бұрыштан көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет