Салькеева, А. К. и др



бет9/23
Дата14.10.2022
өлшемі0,62 Mb.
#43035
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23
Байланысты:
оптика, онлайн библиотека

Когеренттік уақыты – бір айналымның орташа ұзақтығы .
Когеренттіктің ұзындығы (айналым ұзындығы). уақытында вакуумдегі толқын ара қашықтығына жайылуын когеренттіктің ұзындығы (немесе айналым ұзындығы) деп атаймыз.
Уақытша когеренттік. Толқын неғұрлым монохроматтыққа жақын болса, (и ) соғұрлым көп болады. Кеңістіктің бір ғана нүктесінде орындалатын, толқынның монохроматтылық дәрежесін анықтайтын тербелістің когеренттігі уақытша когеренттік деп аталады.
Жазықтықтағы толқындардың когеренттік қасиеттерін сипаттау үшін уақытша когеренттік пен бірге олардың таралу бағыттарына перпендикуляр кеңістіктік когеренттік деген ұғым енгізіледі. Өлшемі мен өзара орналасуы интерференцияны(жарықтың монохроматтылығының қажетті дәрежесінде) бақылауға мүмкіндік беретін екі көз кеңістікті-когерентті деп аталады. Интерференция байқалатын толқынның көлденең бағытта жайылуының максимал ара қашықтығы когеренттік радиусы ( немесе кеңістіктік когеренттік ұзындығы) деп аталады. Осылай, кеңістіктік - когеренттік когеренттік радиусымен анықталады.
Когеренттік радиусы
rког.= λ/φ,
бұнда λ – жарық толқынының ұзындығы, φ – көздің бұрыштық өлшемі.
Жарық интерференциясын бақылау әдістері
Жарық интерференциясын алу үшін когерентті жарық шоғын алу керек, ол үшін әр түрлі тәсілдерді қолданамыз.Кейбір әдістерді қарап шығайық.
1.Юнг әдісі

8 - сурет
Жарық көзі өте қатты жарықтанған саңылау, одан жарық толқыны бірдей қашықтықта орналасқан жіңішке S1 және S2 когеренттік көз болып саңылауға түседі. Интерференциалық көрініс ( ВС облысы ) S1 және S2 біршама арақашықтықта паралель орналасқан (Э) экранында бақыланады.
2. Френельдің бипризмасы

9-сурет
Френельдің бипризмасы сыну бұрышы аз, табандары қосылған бірдей екі призмадан түрады. S көзінен шыққан жарық - екі призмада да сынып, бипризманың арғы жағынанда S1 және S2 жорамал көздерден шыққандай болып жарық сәулелері таралады. S1 және S2 көздері когерентті болып табылады. Экранның бетінде (штрихталған аймақ ) когерентті толқындар беттесіп интерференция бақыланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет