Салыстырмалы кесте



бет15/40
Дата03.08.2023
өлшемі184,3 Kb.
#105026
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   40
Байланысты:
19d8d57f524a3f91e188c7536407ca01 original.188725

2-5) алып тастау;


Жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңестерінің таратылуына және қалаларда қалалық өзін-өзі басқару кеңесінің құрылуына байланысты сәйкес келтіру.


Пункт 3
статьи 6

6-бап. Мәслихаттардың құзыретi

3. Аудандық мәслихаттардың құзыретіне сонымен бірге тиісті ауданның аумағында орналасқан қалалар, кенттер мен ауылдар салудың бас жоспарларын бекіту, аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кент пен ауыл әкімінің атқарылған жұмысы туралы есебін қарау және аудан әкіміне тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс әкімін тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс енгізу жатады.


6-бап. Мәслихаттардың құзыретi

3. Аудандық мәслихаттардың құзыретіне сондай-ақ тиісті ауданның аумағында орналасқан қалаларды, кенттер мен ауылдарды салудың бас жоспарларын бекіту, аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кент пен ауыл әкімінің атқарған жұмысы туралы есепті қарау жатады.


Жаңа жергілікті өзін-өзі басқару органының құрылуына байланысты бұл функцияны кеңеске беру ұсынылады.


6-баптың
4-1-тармағы

6-бап. Мәслихаттардың құзыретi

4-1. Жоқ.


6-бап. Мәслихаттардың құзыретi

4-1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының төрағасы мен мүшелеріне тәртіптік жаза қолдану.


«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 8-тармағына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығымен бекітілген мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларына сәйкес келтіру мақсатында.


11-баптың
6-тармағы

11-бап. Мәслихат сессиясын өткiзу тәртiбi

6. Мәслихат сессиялары, әдетте, ашық сипатта болады. Жабық сессиялар өткiзуге, егер қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшiлiгi осы үшiн дауыс берсе, мәслихат хатшысының немесе мәслихат сессиясына қатысып отырған депутаттар санының үштен бiрiнiң ұсынысы бойынша қабылданатын мәслихат шешiмiмен жол беріледi.


11-бап. Мәслихат сессиясын өткiзу тәртiбi

6. Мәслихат сессиялары, әдетте, ашық сипатта болады, оған міндетті түрде бұқаралық ақпарат құралдары шақырылады.
Мәслихат хатшысының немесе мәслихат сессиясына қатысып отырған депутаттар санының үштен бірінің ұсынысы бойынша қабылданатын мәслихат шешімі бойынша, егер қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшілігі осы үшін дауыс берсе, жабық сессиялар өткізуге жол беріледі.


Мәслихат депутаттарының ұсыныстары аясында ашықтық мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарын мәслихаттың ашық сессияларына міндетті шақыруды енгізу ұсынылады.


15-баптың
1-1-тармағы

15-бап. Мәслихаттың тұрақты комиссиялары жұмысының және қаулылар қабылдауының тәртiбi




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет