«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы
|
1-баптың 11) тармақшасы
|
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
…
11) мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау интернет-порталы – мемлекеттік органдардың қызметін бағалау туралы ақпаратты, стратегиялық жоспарлардың және аумақтарды дамыту бағдарламаларының мақсатты индикаторларына қол жеткізу туралы есептерді орналастыруды, сондай-ақ мемлекеттік органдар қызметін жария талқылауды қамтамасыз ететін ақпараттандыру объектісі;
…
|
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
…
11) мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалаудың интернет-порталы-мемлекеттік органдардың қызметін бағалау туралы ақпаратты, мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың даму жоспарларының нысаналы индикаторларына қол жеткізу туралы есептерді орналастыруды, сондай-ақ мемлекеттік органдардың қызметін жария талқылауды қамтамасыз ететін "электрондық үкімет" веб-порталының құрамдасы;
…
|
Негіздемелер салыстырмалы кестенің 58 позициясында келтірілген.
|
|
11-баптың
4-тармағының екінші бөлігінің 8) тармақшасы
|
11-бап. Сұрау салу бойынша ақпарат беру
…
4. Ақпарат пайдаланушы өзі келіп немесе телефон арқылы ауызша сұрау салып өтініш жасай алады.
Ауызша сұрау салуға мынадай ақпарат бойынша жауап беріледі:
…
8) жергілікті қоғамдастық жиынын, жергілікті қоғамдастық жиналысын шақыру уақыты, орны және талқыланатын мәселелер;
|
11-бап. Сұрау салу бойынша ақпарат беру
…
4. Ақпарат пайдаланушы өзі келіп немесе телефон арқылы ауызша сұрау салып өтініш жасай алады.
Ауызша сұрау салуға мынадай ақпарат бойынша жауап беріледі:
…
8) жергілікті қоғамдастық жиынын, кеңес, қалалық өзін-өзі басқару кеңесінің отырыстарын шақыру уақыты, орны және талқыланатын мәселелер;
|
Негіздемелер салыстырмалы кестенің 3 позициясында келтірілген.
|
|
16-баптың
3-тармағы
4) тармақшасының үшінші абзацы
|
16-бап. Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру
…
|