Салыстырмалы кесте


«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы



бет38/40
Дата03.08.2023
өлшемі184,3 Kb.
#105026
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
Байланысты:
19d8d57f524a3f91e188c7536407ca01 original.188725

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы


12 баптың
3 тармағы



12-бап. Орталық мемлекеттік органдар аппараттары және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдері аппараттары басшыларының өкілеттіктері

3. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдері аппараттары басшыларының өкілеттіктері «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленеді.

12-бап. Орталық мемлекеттік органдар аппараттары және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдері аппараттары басшыларының өкілеттіктері

3. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдері аппараттары басшыларының өкілеттіктері «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы»Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленеді.

Негіздемелер салыстырмалы кестенің 74 позициясында келтірілген.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы


16-бабының
1-тармағының
1-1) тармақшасы

16-бап. Уәкілетті органның құзыреті Уәкілетті орган:
...
1-1) жоқ;
....

16-бап. Уәкілетті органның құзыреті Уәкілетті орган:
...
1-1) жергілікті өзін-өзі басқару органдары үшін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекітеді;

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне жергілікті өзін-өзі басқару органдарының сатып алуы, оның ішінде сатып алу процесін оңайлату бөлігінде оның деңгейінде реттелетін (нақтыланатын) заңға тәуелді актіні шығару үшін құзырет беру мақсатында.
Бұл тапсырма Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 29 наурыздағы № 847 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы "жаңа Қазақстан: жаңарту және жаңғырту жолы" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 30-тармағында айтылған.


39-бабы
3-тармағының 42) тармақшасы

39-бап. Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру негіздері
3. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
...
42) егер аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының осындай біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жылдық көлемі құндық мәнде республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің үш мың еселенген мөлшерінен аспаса, біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;
...

39-бап. Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру негіздері
3. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
...
42) егер аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының осындай біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жылдық көлемі құндық мәнде республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспаса, біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;
...

Негіздемелер салыстырмалы кестенің 177 позициясында келтірілген.


41 баптың
6 тармағы

41-бап. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру
...
6. Осы баптың 1-тармағының талабы олар туралы мәліметтер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қамтитын мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға, сондай-ақ осы Заңның 39-бабы 3-тармағының 4), 9), 17), 18), 20), 21), 23), 26), 31), 32), 35), 40) және 41) тармақшалар негізінде жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.

41-бап. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру
...
6. Осы баптың 1-тармағының талабы олар туралы мәліметтер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қамтитын мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға, сондай-ақ осы Заңның 39-бабы 3-тармағының 4), 9), 17), 18), 20), 21), 23), 26), 31), 32), 35), 40), 41) және 42) тармақшалар негізінде жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауын іске асыру мақсатында жергілікті өзін-өзі басқару органдары үшін мемлекеттік сатып алудың оңайлатылған тәртібін қолдану көзделеді.
Бұл ретте, тәртіп жергілікті өзін-өзі басқару органдары үшін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларымен реттелетін болады.
Осыған байланысты, шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден шарт жасасудың көрсетілген негіздемесінің төмендетілген шегін ескере отырып, Заңның 41-бабы 1-тармағының талабын таратпау ұсынылады.


50-1 бап



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет