132-1 бап. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті қарау және бекіту 1. Кеңес аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есебін есепті қаржы жылы үшін кеңес отырысында мәслихаттан аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы ұсынымдарды және облыстың Тексеру комиссиясының есебін алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде қарайды. 2. Жылдық есепті кеңес қараған кезде: 1) әкімнің не оны алмастыратын адамның бюджеттің атқарылуы туралы және жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламаларының іске асырылуы туралы баяндамасы; 2) аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты депутатының мәслихат сессиясында облыстың Тексеру комиссиясымен талқылау қорытындысы бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы есепке ұсынымдар туралы, оның ішінде бейне-концертц байланыс немесе өзге де байланыс құралдары арқылы баяндамасы; 3) әкімнің не оны алмастыратын адамның бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы баяндамалары; 4) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы есеп бойынша қорытындысымен кеңес төрағасының баяндамасы. 3. Кеңес қарағаннан кейін аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есеп кеңес отырысында бекітіледі.
Негіздемелер салыстырмалы кестенің 3 позициясында келтірілген.
«Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы
8-баптың бірінші бөлігі
8-бап. Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың көлiк саласындағы өкiлеттiгi
Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың көлiк саласындағы өкiлеттiгi "Қазақстан Республикасында жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және басқа да Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады.…
8-бап. Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың көлiк саласындағы өкiлеттiгi
Жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, кеңестің көлік саласындағы өкілеттіктері Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
…
Негіздемелер салыстырмалы кестенің 3-позициясында келтірілген.
Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жеке жобасын әзірлеуге байланысты Қазақстан Республикасының қолданыстағы» «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының атауына өзгерістер енгізіледі.