Самал Жумина Орынбасарқызы
Қаракөл жалпы орта білім беретін
мектеп-балабақшасының мұғалімі
Батыс Қазақстан облысы
Қаратөбе ауданы
Ақтай-сай ауылы
Тақырыбы: Жыр дүлдүлі Жамбыл/Ж.Жабаев өмірі,шығармашылығы/
Мақсаты: білімділік–Ж. Жабаевтың өмір жолы, ақындық қызметі,шығармашылығынан мәлімет беру. Ақынның суырыпсалмалық қыры, айтыс өнеріндегі өзіндік өрнегін таныту,толғауларын үлгі ету;
дамытушылық – оқушыларды өзіндік ізденіс жұмыстарына баулу,ой-өрісін, рухани жан дүниесін байыту,еркін сөйлеу дағдыларын жетілдіру,
тәрбиелік – жыр дүлдүлі атанған Ж.Жабаевтың ұлы тұлғасын дәріптеу, «ХХ ғасырдың Гомері»атанған, өмірі мен шығармашылығымен екі ғасырды тұтастырған ұлы жырауды құрметтеуге,елін сүюге тәрбиелеу.
Түрі: ғылыми-практикалық конференция. сабақ.
Әдісі:зерттеу, ізденіс.
Пәнаралық байланыс: тарих,театр.
Көрнекілігі:Ж. Жабаев портреті, түрлі фотосуреттер,кітаптар көрмесі, «Аңыз адам»журналы№08-2011жыл,Ж.Жабаев жыр жинағы I, II том «Жазушы»баспасы т.б.
Барысы:
Жоспар:
«Жасымнан атым аян Жамбыл едім»
Жамбылдың шыққан ортасы.
II . «Шежіре»Жамбыл өмірінің хронологиясы.
III . «Жамбылдың маржан жырлары»/ Шығармашылығының кезеңдері/
IY. «Өлшеусіз ақындық күш»
а/Сатиралық өлеңдері.
ә/Патриот ақын.
б/Айтыстары.
в/Шығармашылық өрлеу жылдары.
г/Лиро-эпостық жырларды өзіндік мазмұнмен жырлауы.
Y. «Жүз жасаған емен»Естеліктер.
YI. Қорытынды.
Мұғалімнің кіріспе сөзі: Қазақтың халық поэзиясының алыбы Жамбыл Жабайұлының есімі бүгінде дүние жүзіне мәлім. Ғасыр жасап екі заманның бірдей куәсі болған ақын өз тағдырын туған халқымен тұтастырып, оның бар өмірін биік мұратын, мұң-мүддесін жырына арқау етті, дәстүрлі қазақ жырын жаңа дәуірдің талап-тілектеріне орайластыра, жаңарта, жасарта білді.Асқақ үнді алып ақын,жырау, суырып салма айтыскер Ж.Жабаев 170 жасқа толып отыр. Ол халық поэзиясы мен жазба әдебиетінің арасындағы көпір сияқты болды. Жамбыл шығармашылығының 75 жылдығы тойланып жатқан күндерде Данияның аса көрнекті жазушысы Мартин Андерсен-Нексенің ақынға жолдаған сәлемінде: «Сіз көшпенділердің өмірінен осы заманғы адамның, еркін азаматтың өміріне мыңдаған жылғы мәдениеттің көпірін салдыңыз», - деп жазуы жай айтыла салған сөз емес. Ол қазақтың суырып салып айтушылығы мен тапқырлығын бүгінгі заманға жеткізіп, шыңдаған, жетілдірген Жамбылдың ақындық өнері халық поэзиясының осы заманғы биік үлгісі екенін көріп, мойындағандықтан айтқан. Ал орыс жазушысы Л. Соболев осы пікірді «Жамбылдың халықтың ақындық дәстүрлерін сақтаушы ретіндегі зор таланты, оның айқын дүниетанымы қазақ әдебиетінің екі бағытын: бұрынғы ауызша поэзия мен қазіргі кәсіби поэзияны біртұтас етіп біріктіреді» деген оймен қорытты. Атақты адамдардың барлығы оған осындай бағаны текке бермеген. Олар Жамбылдың халық поэзиясының шын мағынасындағы алыбы екендігіне көзі жетіп барып айтқан. Жамбыл – шешендігімен, алғырлығымен, бүкілхалықтық эпосты, қазақ поэзиясының образдық құрылымын терең білетіндігімен ерекшеленген адам.
/Жоспармен таныстыру, 10-сынып оқушыларына ізденіс тапсырмалар берілген/
Достарыңызбен бөлісу: |