Самал Жумина Орынбасарқызы Қаракөл жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасының мұғалімі Батыс Қазақстан облысы



бет5/6
Дата11.02.2023
өлшемі0,59 Mb.
#67024
1   2   3   4   5   6
ә/Жамбыл – патриот ақын.
Жамбыл жырларының негізгі тақырыптарының бірі- Отанды сүю.Ленинградты қорғаудың нағыз ауыр күндерінде шығарылған «Ленинградтық өренім» Ұлы Отан соғысы кезіндегі поэзияның ең таңдаулы туындыларының бірі болды. Өлең қаланы қорғаушыларға күш-қуат берді, оларды жеңіске жігерлендірді. «Жамбылдың «Ленинградтық өренім» деген жыры жарияланған кез Ленинград халінің аса бір ауыр шағы еді, - деп жазды ленинградтық ақын Александр Прокофьев. – Бұл шақта немістің қоршауында қалған Ленинградта азық өте аз болды... Үйлеріне кіретін су тоқтатылды, канализация істемеді, отын атымен болмады. Жау атқан снаряд пен бомбалардың салдарынан шынысы қирап, терезе біткен аңырайып ашық тұрды, электр жарығы да нашар жанды, тіпті қаладағы үйлердің көбінде жарық болған жоқ. Қалаға жаудың оғы үздіксіз жауып тұрды. Осындай халде Жамбылдың «Ленинградтық өренім» деген жыры газеттерде жарияланды. Халықтың рухын көтеруде ерекше күшті қызмет атқарған бұл жырды Ленинградтың радиосы күніне әлденеше рет оқыды. Жыр үлкен әріппен басылып, көшелерде плакат болып ілінді. Сол плакатты үймелесіп оқысып, көздерінен жастары сорғалаған талай адамдарды кездестірдім. Немістердің самолеттері төбеде ұшып, бомба тастап жүргенде тығылудың орнына Жамбылдың жыры басылған газетті алуға көшеде кезекте тұрған адамдарды талай көрдім».
Ленинград қаласын қорғаушыларға осындай рухани күш берген Жамбыл жырын зор бағалай келіп, Н. Тихонов: «Жамбыл Ленинградқа келіп, оны қорғаушылардың қатарына тұрды», - деп жазды. Жамбылдың майдандағы жауынгерлермен жазысқан хаттары да елімізді жаудан қорғауда үлкен саяси қызмет атқарды десе де болады. Ақынның ұлы Алғадай майданнан хат жолдап, өз бөлімшесінің атына өлеңмен сәлем жолдауын өтінген. «Сіздің өлеңіңіздің бізге көп жәрдемі тиеді екен», -деп жазған. Осы хаттардың бәріне Жамбыл өлеңмен жауап қайтарған. Жамбылдың соғыс тұсындағы өлеңдері дұшпанға қарсы күресте қуатты құрал болды./«Ленинградтық өренім »өлеңі жатқа оқылады./
б/Айтыстары.

1897 жылы Ұлы жүз албан елінің жайлауында Шәрипа деген қыздың ұзатылу тойы болады. Соған қырғыз-қазақтан көп қонақ шақырылады, жүздеген ақ үй тігіледі, ұлттық ойындар ойналады. Осы тойда сегіз қанатты екі үйді жалғастырып, Жетісу мен Ыстықкөлден жиналған даңқты ақындардың айтысын өткізеді. Бірінші, екінші күндері тоғыз ақын айтысады, соның барлығы Құлмамбеттен жеңіледі. Содан арнасынан асқан Құлмамбет «енді Жамбылды шақыртыңдар» деп үдеп, асқақтап кетеді.


Біреуді Жамбыл деген ел мақтайды,
Еркек қойдай құйрығын салмақтайды.
Ақын болса, қайда отыр ол немесі,
Болар-болмас немесін ардақтайды! – деп сөз бастайды Құлмамбет.
Құлмамбет- сесті ақын. Алдына келгенді бірден бүркітше бас салып, самұрық құстай аспанға іліп алып ұшады. Құлмамбет өзінен жеңілген тоғыз ақынды ақын деп атамайды, оларды кемсітіп, «өлеңші» деп мазақтайды. Жамбыл осы жолы Құлмамбетті жеңбесе, онда ақындықпен қоштасатыны рас еді. Ол кезде қазақ даласында айтыста жеңілгені- ақынның өлгені болып саналатын.
1937 жылы 22 қазанда «Лениншіл жаста» жарияланған, Жамбылдың өз айтуынан жазылып алынған өмірбаяндық мәліметте: «...Құлмамбет кілем төсеген алты қанат ақ үйде, ақсақалдардың ортасында отыр екен. Құлмамбеттің түрінде мақтаншақтық және өзіне-өзі сенгендік көрініп тұр. Мені көріп, ол күле бастады. Мұнысы маған қатты батты. Айтыс басталды. Құлмамбет өлеңінде өзінің билікті адамдармен жақындығын, достығын, құрметтейтіндігін айтып, мақтана бастады. Одан кейін өлеңді мен айттым. Сүйінбайдың ақылын еске түсірдім: өтірік айтып сатылмадым. Әлгі Құлмамбет санап өткен адамдардың аттарын атап, әрқайсысына халықтың аузында айтылып жүрген бағаларын бердім. Жаңағы өтірік мақталған адамдардың бәріне ұры, алдаушы, кісі өлтіргіш делінген атақтар берілді. Менің сөздерім әрі күлкі, әрі өткір болды. Сондықтан да айнала қоршаған жұрт бұған қатты күлді. Мен өлеңімді үдете түскен сайын айналадағы тыңдаушылар қатты ұнатты. Сөйтіп, мен Құлмамбетті жеңіп, Жетісудағы бірінші ақын болдым», - дейді.
Досмағанбет Талдықорған облысының Қаратал ауданында 1883 жылы туып, 1910 жылы 27 жасында қайтыс болған. Ол Түркістан, Бұқара қалаларында медреселерде оқыған, «Иманшарт», «Бәдуам», «Таки Ғажап» секілді кітаптарды жатқа білген. Досмағанбет пен Жамбылдың айтысының қысқаша тарихы мынадай: 1907 жылы қыста жалайыр елінің молда ақыны Досмағанбет Үйсіндегі нағашысы Көбісбайдікіне қонаққа келеді. Көбісбай:
- Жиенжан, өзіңді өлеңді жақсы айтатын ақын деп естимін, мына отырған кемпір-шал, қыз-бозбалаларға ән шырқап, көңілдерін көтерсең, - дейді. Досмағанбет көптің тілегін жерге тастамай, қолына домбырасын алып, шырқай жөнеледі. Осы кезде жолаушылап бара жатқан Жамбыл шырқалған әнді естіп, Көбісбайдың үйіне бұрылады. Әзілдеспесе жүре алмайтын Жамбыл келе Досмағанбетті қағыта сөйлейді:
- Көбеке, аузы-басы пияздай мына бала қай бала?
- Жиен бала, руы – жалайыр, оның ішінде балғалы деен ел болады, нағашыларына сәлем беремін деп келген беті еді, - дейді Көбісбай.
Сол күні түнде Жамбыл «Сүйінбай мен Жантайдың айтысын», Қабан, Қарқабат, Бұқар, Кемпірбай жыраулардың өлең-термелерін айтады.Ертеңіне түстен кейін Досмағанбетті айтысқа шақырып, сөзді Жамбыл бастайды. Досмағанбет те өлеңмен ұстаса кетеді. Жамбыл табиғаттың өзіне сыйлаған өлшеусіз ақындық күшін жақсы сезінеді, сондықтан Досмағанбетті елеусіз көреді. Оны қырғи, қаршығадан қорғалақтап, бұта-бұтаның арасында дірілдеп отыратын шымшық торғайларға теңейді. Досмағанбет те осал ақын емес. Ол Жамбылдың сөздерінен сескенбейді. Жамбылды сөзбен жасытып тастау үшін өзінің жастық, жалынды шақтарына мақтанады. Жамбылға: «Жасың алпысқа келді, дәуренің өтті, сондықтан ән де, өлең де сенен алыстап барады», - дейді. Жамбылды жеңу үшін талай айлаға барады. Досмағанбет Жамбылды қорламақ болып, қасақана оның ақындық дарынына, кеудесіндегі асыл бойтұмарына жармасады. Ондағы мақсаты – Жамбылды қайткенде ашуландыру. Кімде-кім айтыс үстінде қызарақтап, қатты ашуланса – онда жеңілуге бет алғаны. Мұндай сын сағаттарда Жамбыл сыр бермеген, сасқанын, абыржығанын ешуақытта аңғартпаған.
«Түс көріп жатып ақындармен айтысатын» тау қыраны Жамбылға қарсы келіп, бетпе-бет айтысқа щыққан Сарыбастың шын аты – Тілеулі. Ол өлең айтқанда жалаңбастанып, қызара бөртіп, құлағын бұрап, тау суындай тасқындап, екпіндетіп айтады екен. Сондықтан елі оны Сарыбас деп атап кеткен. Сарыбас өз сөзінің бағасын жақсы білетін: айтысқан адамын өткір тілмен сескендіріп, ықтырып әкететін асау ақын атанған. Ол Ұлы жүздің ішіндегі дулат тайпасының қасқарау руынан. Жамбыл Сарыбасты айтыста жеңген. Жеңгенде анау-мынау өлеңшіні жеңбеген, кәдуілгі азулы, жүйрік ақынды жеңгені белгілі. Сарыбас 1170 тармақты, Жамбыл 1710 тармақты өлеңді дем алмай, тоқтамай, ұзақ айтып тастаған. Бұл – ұлы суырып салмаларға ғана тән қасиет. Атақты ғалым Есмағамбет Ысмайылов «Ақындар» атты монографиясында Жамбылдан:
- Жәке, сіздің Сарыбаспен айтысыңыз қазақтың бұрынғы айтыстарына ұқсаңқырамайды, екі ақын да ұзақ жырлап, бір-бір қайырып, тоқтап отырады, мұның мәні қалай? – деп сұрағанда, Жамбыл:
- Мұны- желілі айтыс дейміз. Аты айтыс болғанымен, дастан ғой, - дейді.
Қазақ поэзиясында «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» деген сөз бар. Біздің қазақ ақындарыосыны шебер пайдаланған. Кешегі Бұқардың Абылай ханға, Махамбеттің Жәңгір ханға, Шернияз ақынның Баймағанбет сұлтанға, Сүйінбайдың Тезек төреге, Жанақ ақынның Рүстем төреге, Шөже ақынның Тұманбай мен Алшынбайға айтқаны – нағыз отты, жалынды, тіліп түсетін жырлар. Міне, Жамбыл осы дәстүрді берік сақтаған. Ойындағысын айтпай тұра алмаған Жамбыл «Екейдің қисық шалы» атанған
. Мұндай дәстүр өзінің ұстазы Сүйінбайдан қалған. Осының барлығы – Жамбылдың қазақ поэзиясына адалдығының белгісі. Жамбыл- қайталанбайтын тұлға.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет