СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
161
Гродековте
бар
мәліметтер
бойынша,
Сырдария
табындарының ұрандары – «серке» және «тостаған», ал ел
арасынан жинаған мәліметтер бойынша, батыс табындарының
ұраны – «алаш». Бұл арадағы «тостаған» да, «алаш» та
күнге () байланысты. Ел арасынан жинаған мәліметтер мен
Тынышбаев келтірген табын руының төрт тармағының бірі –
Жаманкерей.
Табындардың таңба белгілері әр түрлі. Жалпы ру таңбасы
«тостаған»; сонымен бірге табындарда тағы да «шөміш»
(шөмішті табын тармағында) және «әліп» таңбалары бар.
Бұндағы «тостаған» мен «шөміш» күнге () байланысты. Ал,
«әліп» іс жүзінде «көсеу» таңбасы.
Қаңлы таңбасы: ︱және
☼ – нұры шашыраған күн.
Қаңлының тағы бір таңбасы шылбыр. Осы көсеу де, шылбыр да
керейттердің (керейт пен керей бір) таңбасында да бар.
Бұл арада тек от (нұр) пен от көсейтін көсеу таңбалары
мен осылардан туындаған таңбалардан ғана мысал алдық, басқа
қазақ руларында күн таңбасынан туындаған ру таңбаларының
молдығы белгілі.
Тарихта ру-тайпалардың саны да, олардың таңбаларының
түрі де көп болғаны белгілі. Осыған қарамастан кестедегі
қазақтың 50 тайпасының таңбасының 30-ы яғни 60 пайызының
от пен күнге байланыстылығы байқалады. Бұл белгілі
мағынадан қазақтың арғы аталарының мүлде көп бөлігінің
от пен күнге (тәңірге) табынған бір түқымнан тарағандығын
әйгілейді. Салыстырмалы түрде Махмұт Қашқаридің «Түрік
Сөздігінде» көрсеткен Оғыз тайпаларының 21 ру таңбаларында
от пен күнге қатысты ру таңбасы байқалмайды. Рашид-
ад-диннің
«Жылнамалар
жинағында»
көрсеткен
Оғыз
тайпаларының таңбаларының 24 таңбасында таңбасына жуық
екі таңба ғана бар. «Шыңғызнама дәптерінде» Шыңғысхан
бектер мен билерге бөліп берген делінген 15 таңбаның ішінде
байырғы от пен күн таңбасынан туындаған деп қарауға
болатын
(қият таңбасы), ɤ (гираят би), ɣ (Жұрматы би)
үш таңба жолығады. Қият руы тарихта керейдің құрамында
болған. Ал Грият бидің Керей би екендігі белгілі. Бұл қазақ
ұлтының ойдан-қырдан құралған қырық құрау құрама ұлт
емес, этникалық негізі бекем, төркіндес туысқан тайпалардан
құралған ұлт екендігін дәлелдейді.
162
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
Бұлардан тыс біз және Y, y, T сияқты көптеген таңбалар-
дың +
немесе
×-ны өзгертуден (байырғы заманда рулар өсіп-
өніп тармақталған сайын тыңнан қалыптасқан ру өз таңбасын
бұрынғы ру-тайпа таңбасының жалпы бейнесін сақтап,
Шәкәрім айтқанындай оның бір сызығына сәл өзгеріс жасау
арқылы жасап отырған) пайда болғандығын байқаймыз. Оның
үстіне бұндай +
немесе
× дан өзгеріп пайда болған Y, y, T, т.б.
таңбалар жоғарыдағы біз салыстырған таңбалардың арасында
жолықпайды.
Ру-тайпалардың
туыстығын
ру
таңбаларына
сай
айыруға болатындығының бір жанды мысалын жоғарыда
айтқанымыздай, сонау осыдан 3000 жылдың арғы жағындағы
қытайдың орта жазығында қағанат құрған Шаң әулетінің
астанасы Ин көне жұртын қазғанда айқын байқалған
(Шаңдарды қазіргі ұғымдағы қытайлар деп қарауға болмайды,
олардың көп бөлігі терістік көшпелілерінен, шаруашылық,
тұрмыс тәсілінде де мал шаруашылығы басты орында тұрған.
Қытайдың орта жазығында одан кейін де жүржіттер, манжулер,
түріктер, моңғұлдар сияқты ұлттар құрған терістіктегі
көшпелілердің әкмияті аз болмағаны белгілі).
Осыдан бұрынғы жарияланған «Күн таңбала күн елі»
атты мақаламда «күн» сөзі мен «күн таңбасынының» тегін
аршу арқыры, тұтас қазақ ру-тайпаларының аты (Алаш, албан,
арғын, керей, қаңлы, дулат, т.б.) мен таңбаларының күннен
(,+) таралып, түбі бір арна, бір түйінге жинақталатындығы
баяндалады. Қазақ ру-тайпаларының ұлт болып ұйысуының
кездейсоқ құбылыс еместігі, оның әлмисақтан бір тұлға,
бір тума екендігі, қазақтың тегі Алаш деген айтылымның
дұрыстығын, алаштың да, арғынның да, албанның да, дулаттын
да, керейдің де, қаңлының да (тағы басқа рулар) аты да, таңбасы
да, тегі де бір тектес екендігіне алғашқы дәлел іздеген едік.
«Алаш» барлық ноғай-қазақтың, тіпті өзбектің де ұраны
делініп жүр. «Алаш» дегенде, Алаша ханның аты деген ұғым
бойынша, ынтымағымыз осы ұранның мағынасынан шығады.
Алаша ханның ұрпақтарымыз, бәріміз ру-руға бөлініп кеткен
болсақ та, түбінде бір кісінің нәсіліміз, Алаша ханның еліміз
деген мағына айтылады (Тауарих хамса).
«Алаш алаш болғанда, ала тай ат болғанда, таңбасыз ат,
енсіз қой болғанда, ...» деген жыр жолдары қазақтың арғы
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
163
атасының алаштан басталатындығын, ол кезде (алаш кезінде)
елдің руға, ұлысқа бөлінбегендігін, малында ала-құла ен-таңба
болмағандығын, тек аты, ұраны, таңбасы (алаш – от, нұр яғни
,+. Бұл бұрын айтылып жүрген көзқарас) түгел алаш болған
бір ғана ел екендігін ұғындырады. «Алты алаш» деп күн мен
оттың (нұрдың) атын өзіне ат, симулын (көрінісін) таңба қылған
қазақтың ең ұйтқы тайпаларына немесе қазақтан да кең
этникалық төркіндестікке қаратылған.
Сөздің түйіні – қазақ руларының аты мен таңбасының
мүлде көбі күн мен отқа (нұрға) байланысты. Ол ойдан-қырдан
құралған құрамалар емес, әлмисақтан күнге, отқа (нұрға)
табынған, күн мен отты (нұрды) нышан еткен күн елінің,
Алаштың (алаш – от, нұр яғни ,+) ұрпағы.
Қазақты немесе қазақтың таяу заманға дейінгі төркіндес
руларын бір-бірінен бөле қарау көзқарастарының барлығы
жетесіз танымның туындысы.
164
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
Алия Алханмен сұхбат
Қазақстан мәдени орталығының жетекшісі (PhD)
(Нью-Йорк, АҚШ)
ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ҚАЗАҚТАР ТУРАЛЫ ОЙЛАР
Бізге әлемнің түрлі елдерінде қазақ диаспорасының
қалай тұрып жатқаны қызықты. Өзіңіз туралы, қазақ
диаспорасы туралы айтып беріңізші.
Біздің диаспорамыз туралы ақпарат жинау – бұл тамаша
ой. Мен аңғарған қызықты фактілердің бірі - қазақтар саны
жағынан емес, жер шары бойынша бытырап орналасуы
жағынан әлемдегі 3-ші ұлт болып табылады. Мұнда мен
Түркиядан, Қытайдан келген адамдармен кездестім, олардың
білімдерінде,
мағлұматтарында
көптеген
ортақтық
пен
бірнеше айырмашылықтар бар. Диаспора туралы ақпарат
жинау идеясының өзі өте маңызды және өте қызықты.
Бұл елде 20 жыл тұра, мен бұл мәселемен айналысатын
адамдармен кездеспедім. Бұл жұмыста қызықты аспектілер
өте көп: мәдениеттің сақталуы, басқа мәдениеттердің ықпалы
және т.б. Міне, Канадада диаспора үлкен емес, АҚШ-та 20
мыңға жуық қазақ тұрады. Маған көшіп кеткен қазақтардың
өмірінен әсерлі оқиғалар естуге тура келді. Мысалы, мен ХХ
ғасырдың 20-30 жылдары өңірде большевиктер пайда болған
кезде Қазақстаннан қашқан түрік қазақтарының отбасымен
кездестім. Олар адамдардың Қытайға Құлжа жолы арқылы
өтіп жатқанын айтты. Қытайда өмір сүру оларға ұнаған жоқ,
ол жерде тек белгіленген жерде ғана өмір сүру керек болды,
бір жерден екінші жерге көшуге болмайды, заңдары басқаша,
бұрынғы социализм кезіндегідей адамдар белгілі бір өмір
сүру мекеніне бекітілген. Адамдардың бір бөлігі Қытайдың
батысында Синь-Цзян ауданын мекендеп калды. Ол жерде сол
аумақта тұрып жатқан жергілікті қазақтар болды. Дегенмен,
көбі одан әрі қарай көшіп кетуге, бақытын басқа өңірлерден
іздеуге шешім қабылдады. Осылайша, қазақтардың бір бөлігі
Жапония жаққа қарай, екінші бөлігі – Үндістанға, және
одан әрі қарай кетті. Олар сол кезеңдегі билікпен керіспеу
үшін түнделетіп кетті. Жол үстінде 80 мың адам қаза тапты.
Мен мұнда кездестіргендердің ішінде дене бітімі мықты
және бойлылары жоғары болды, мүмкін олардың арасында
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
165
денсаулығы мықтылар тірі қалған шығар. Үндістанға көшкен
бөлігі Үндістанға дейін жетіп, ол жерде 15 жылдай қоныстанған.
Үндістаннан кейін олардың біраз бөлігі Түркияға көшіп кеткен.
Түркияда сол жаққа көшіп барған қазақтар білім алуға ерекше
мүмкіншіліктері болмаған, университеттерде оқи алмаған, ал
Қытайда қалған кейбіреулері солай болса да, білім алған.
Қазақтарда сауаттылыққа деген көзқарасы әрқашан өте
жоғары болған, біз әрқашан білімді адамдарды құрметтейміз,
бұл туралы танымал ғалым Семенов-Тяньшанский ХХ
ғ.басында Қазақстан аумағын аралап өткен кезде өзінің
патшаға есеп беруінде жазған болатын. Сонымен қатар, оған
Орта Азия елдерінің ішінде қазақтар қатты ұнағанын жазды,
олардың білімге деген құрметімен қоса, ол қазақтар өздерінің
парасаттылығымен ерекшеленетінін және қазақ әйелінің
қоғамда теңдікке ие екенін көрсетті.
Менің туысқандарымның атасы 40 жыл ішінде Кеңес
өкіметі кезеңінің өзінде «Жазушы» баспасының директоры
болған. Ол ірі ғалым, аудармашы, әдебиетші болған, кітаптар
басып шығарған, қазақша да, орысша да көп еңбектер жазған.
Ол Батыс Германияда 100 мыңға жуық қазақтар тұратынын
айтты. Егер де сіздерде олар туралы мәлімет жинауға
мүмкіндіктеріңіз болса, бұл өте қызық болар еді.
Ол Солтүстік Америкаға дейін жеткен қазақтар туралы
мәліметтер жинақтаған, оның пікірінше, ол жақта Солтүстік
және Оңтүстік Дакотада 100 мыңға жуық қазақтар тұрады.
Бұл елді және елдің дәстүрлерін біле отырып, менің ойымша,
олар мүмкін өздерінің ата-бабаларын ұмытып қалған шығар.
Себебі мұнда тіпті иммигранттардың балалары өздерінің
тамырларынан екінші ұрпақта айрылады және өздерінің негізін,
дәстүрлерін қатты жоғалтады.
Өздерінің
балаларын
қазақша
сөйлеуге
үйреткен
отбасылар бар. Бізде де диаспорада балалары қазақша және
ағылшынша сөйлейтін адамдар көп. Орыс тілін олар білмейді,
себебі олар осында туылған немесе көп уақыттан бері осында
тұрады.
Сіз Қазақстаннан шет аумақтарда тұратын этникалық
қазақтарды зерттеп жүрген зерттеушілермен кездестіңіз бе?
Жоқ, әйтсе де, мен шетелге көшіп кеткен барлық
қазақтардан олардың қандай рудан екенін сұрап жүрдім, себебі
166
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
біздің туысқандарымыз мысалы, Құлжа жолы арқылы кеткен,
және біз оларды кейін ешқашан көрмедік. Менің көптеген
туысқандарым, оған қоса менің атам да бай адамдар болған.
Атам алдымен туысқандарымызға көшуге көмектесті,
кейін артынан өзі талпынды. Егер де олар барлығы қалса,
оларға бай отбасылардың мүшесі ретінде түрмеге қамалу қаупі
төніп тұрды. Менің атамның мүлігі бірнеше ондаған арбаларға
сыйғызылды. Таулар арқылы кетіп жатты, көзімен көргенде бұл
керуеннің басынан аяғы көрінбейтін, яғни олар соншалықты
бай болған: оларда алтын ыдыстар да, кітаптар да, көптеген
материалдар, шұғалар, кілемдер, жылқылар, қойлар, қап-қап
астық және тағы басқалар болған. Жалпы, мұндай оқиғалар
көптеген адамдардың отбасыларында бар шығар, және бұл
оқиғалар өте қызық, бірақ ол туралы бәрі біле бермейді. Барлық
осы ақпаратты жинақтап, жазу керек еді. Менің атамды бірінші
асуда тұтқынға алды, ол өте мейірімді адам болған, барлық
туысқандарға көмектесіп, өзі сол себепті уақытында көшіп
кетуге үлгермеді. Оны ұстаған кезде Самарадағы түрмеге
отырғызған. Бір жарым жылдан кейін оған амнистия беріп,
жақсы тәртібі үшін босатқан. Олар аз болғандай Самарадан
босатылған қазақтар тобы және олар жаяу Қазақстанға жүрген.
Оларға сол кезде жолға тек бір бөлке нан және олар жемейтін
доңыз майын берген, оларды бөлшектеп сатып, сол ақшаға
жолға билет сатып алған. Бірақ ақша жетпеді, оларға жолда
түсіп қалып, келесі жол жүруге ақша табуға тура келді және
тағы солай. Үйге қайтып келе жатқан жолда ол қайтыс болды.
Тірі қалмады.
Сіздің Отаныңыз қай жер болып есептеледі?
Қазақстанда.
Мүмкін Қытайда шығар? Шығыс Түркістан аумағында?
Жоқ, көптеген туысқандар Қытайға көшіп кетті, ал
біздің отбасымыз Қазақстанда қалды. Қытайға көптеген
қазақтар кеткен, негізінен мұнда семейлік қытай қазақтарын
кездестіресің. Бірақ Қытайға барлық аумақтардан көптеген
қазақтар кетіп жатты.
Жалпы, орта ғасырларда барлық халықтар балаларының
денсаулықтары жақсы болу үшін балаларын алыс жерлерде
орналасқан мекендерден келін әперуге тырысқан. Сол
себепті негізінен барлық қазақтардың бойында әр түрлі
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
167
жүздердің қаны бар. ХVII ғасырда Қазақстанды отарлаған
кезде келімсектер қазақтарды топтарға бөлуге тырысты.
Сол кезде «бөліп ал да, билей бер» империялық саясаты
жүргізілді. Сол кезеңнің патшалық мұрағатының мәліметтері
бойынша көптеген заңдар осы туралы айтады. Халықта көп
қиыншылықтар болды, қазақтардың жері тартып алынды,
халық кедейленді, жүздер арасында қарсыластық үшін
жерлер құрылды. Бірақ шын мәнісінде, көшпенділер мәдениеті
бойынша, өзіңізге белгілі, XII ғасырдан XVII ғасырға дейін
дерлік Ресейге қосылу кезінде Қазақстан аумағын мекендеген
барлық халықтар бір тілде сөйлеген, барлығы бір-бірін түсінген,
бұл бір мәдениет болған еді. Шаманизм, медитациямен,
шипагерлік қасиеттермен, әсіресе көп жағдайда музыка арқылы
емделетін әдемі наным, сол кездің өнерінде және музыкалық
мәдениетінде көрініс тапқан тенгриизм тәрізді діни наным-
сенімдер көп болды. Егер де барлығы біздің халқымыздың
тарихын және мәдениетін білген болса, ол барлық қазақтарды
өзі-ақ біріктіріп тұрғанын көретін еді деп ойлаймын. Олар
әрине, бөлінуге берілмейтін еді. Бізде шын мәнісінде қазақтар
арасындағы мұндай кедергілер «бөліп ал да, билей берді»
саясаты үшін «келімсектер» алып келгенге дейін болған жоқ.
Ал егер сол кезеңнің немесе басқа жүздің адамдары қу және
т.б. дейтін болса, мен өзімнің өмірімдегі тәжірибеден айтайын,
мен барлық жүздің адамдарымен кездестім, сондай-ақ, біздің
халық зерек және өмірге икемделе алатынын айту керек, бірде-
біреуі қалмай барлық жүздің ішінде қазақтар арасында біреуі
екіншісінен гөрі қу деп ойламаймын.
Жалпы біздің халқымыз өзінің әлеуметтік құрылымын,
әдемі
көшпенділердің
жерін
жоғалтты,
бірақ
қазіргі
Қазақстандағыдай соншама халыққа көрші болуға мүмкіндік
берген қазақтардың парасаттылығы, олардың кең пейілділігі
жалпыға мәлім, және бұл қазақтардың бейбіт халық, ешқашан
ойланып, өзінің тарихын оқуға, өз халқының бірлігін, тірі қалған
әрбір адамның құндылығын түсінуге, бір-бірін қорғауға, басқа
елдер мен дәстүрлерден жаңа келген қазақтармен қосылудың
қиын бастамасын жеңе алуға кеш емес екендігі туралы айтады.
Қазақстанның оңтүстігінде қазақ халқының құрылуына
дейін қалыптасқан көне рулар мекендеді. Қазіргі қазақтардың
рулары кейін пайда болды. Сонымен қатар, оңтүстікте пошта,
168
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
акведуктер дамыған, сауда жолдары оңтүстіктің көптеген
қалалары арқылы өтті. Мысалы, Жетісу – жеті өзеннің орны,
Қазақстанның оңтүстігі арқылы өтетін бүкіл әлемнен келе
жатқан керуендердің демалыс орны. Ол жерде жолаушыға
қажетті су, көлеңкелі ағаштар болды. Олар Қытайға жібек
үшін және дәмдеуіштер үшін Жібек жолы арқылы барған.
Қазақстанның батысынан, немесе солтүстігінен немесе
орталығынан адамдар егер де бұл тауарларға иеленгісі келсе,
олар да оңтүстікке келген. Ол кезеңдерде ешкім сен анау
өңірденсің, біз басқамыз, сендер ондайсыңдар, біз мынадаймыз
деп айтпаған. Ондай болған жоқ. Егер Қазақстанның
батысындағы немесе орталығындағы қазақтар тауарларды
рубльмен алғысы келсе, онда олар солтүстікке қарай барған.
Ол жақта Архангельскте, Калугада және т.б. көп қазақтар да
тұрады. Оңтүстікте, мысалы, Алматыда, Алматы облысында
қазақтар өздері саудамен айналыспаған. Қазір, шынында
Шымкент өңірінде саудамен айналысатын қазақтар бар, бұл
дәлірегі олардың сауда дәстүрі болып саналатын өзбектермен
көршілес тұруымен байланысты, мысалы, өзбектер баласы
бірінші рет шелпек сатса, тойлайды.
Қазақстанның оңтүстігі біздің халқымыздың ақсақалдар
билігін алға тартты, себебі бұрын онда ақшалай белгілер мен
тауарлар алмасу, басқа халықтармен, шетелден келушілермен
қарым-қатынас жасау тәжірибесі мен мемлекеттікке жақын
өзара қарым-қатынас құрылымы қалыптасты. Бұл тарих
бойынша, басқа аудандарға қарағанда ертерек болды. Кейін
барлығы теңестірілді, және де әрине бізде бұл мәселе бойынша
ешқандай өзара соғыс болмау қажет. Көп жағдайда ол жоқ
та шығар, себебі қазіргі қазақтар отбасыларының өзінде екі-
үш жүз өкілдері бар. Қазақтар тұтастай алғанда, әрқашан
бейбіт халық болған, тарих көрсетіп отырғандай, олар қазір де
көптеген басқа халықтармен бірге бейбіт пен келісімде өмір
сүріп жатыр.
Енді АҚШ-та, Нью-Йоркте тұратын қазақтар туралы
айтып беріңізші.
Нью-Йоркте 10 мыңға жуық қазақтар тұрады. Ал
жалпы Америка бойынша қазір шамамен 20 мың, бірақ шын
мәнісінде, бұл адамдармен қоса, өздерінің жеке жағдайларына
байланысты келіп-кетіп жататын адамдар көп. Мүмкін, бұл алыс
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
169
өңірлерге баратын көшпенділердің мәдениеті шығар. Әдетте
біздің адамдар еш жерде тіркелмеуге тырысады.
Бекіп қалу үшін бе?
Иә, әйтсе де, көбісі сонымен қатар, азырақ жұмыс істеп,
ақша тауып үйлеріне, Қазақстанға кетіп жатыр. Бұл елдің
азаматтығын әдейі қабылдамайтындар, әйтсе де қабылдауға
мүмкіндігі болса да, олар Қазақстанның азаматтары болып
қалғысы келеді. Міне, мәселен, сіздің телефон шалатын
мекеніңіз немесе телефоныңыз бар болса, ол жерден көшіп
кеткендігі, ал басқа мекен-жайды табу мүмкін емес екені
аңғарылады. Біздің халқымыз шын мәнінде өз еркімен өмір
сүреді, «қазақтар – өте тәуелсіз халық» деп айтқандай. Егер
де оларға қандай да бір үлкен қазақстандық концерт ұнаса,
онда олар бәрі келеді. Бірде бізде Нью-Йоркте концертке мыңға
жуық адам келді. Және бұл 2005 жыл еді, Америкада тұрып
жатқаныма он бес жыл болған еді. Ал сосын әртістер жиі келіп
тұратын болды, қазір халықта сондай қатты аңсау жоқ. Бірақ
сол концертті мен ешқашан ұмытпаймын, сахнаға дирижер
А.Жайымов және ұлттық костюмде Құрманғазы атындағы
оркестр шыққан кезде американдық қазақтар концерт тыңдады
және көздеріне жас алды. Сол кезде бәрінде сондай қатты аңсау
болатын.
Мен Стамбулда сондай концертте болдым. Ол жерде
зал толы болатын. Тұратын жер болмады, адамдар көздеріне
жас алды. АҚШ-тағы қазақтар кімдер? Түркиядан көшіп
барғандар ма?
Негізінен мұнда қазақстандық қазақтар. Мен, міне, 20 жыл
бұрын көшіп келдім. Біз Нью-Йоркте көп емеспіз, 4 мыңға жуық
қана, менің айтып отырғаным, қазақстандық қазақтар. Бұл егер
де тек қазақтарды ғана санасақ. Мұнда біз әрине бөлінбейміз,
мысалы біз Наурызды немесе басқа да мейрамдарды тойлайтын
болсақ, онда Қазақстанда тұрған барлық халықтар келеді,
білетініміздей, барлығы Қазақстанды Отаны деп біледі,
бұрын онда тұрғандардың барлығы да, мысалы Қазақстан
немістері немесе кәрістер және тағы басқалар. Осы ұлттардың
барлығында өздерінің орталықтары бар. Мысалға, Нью-
Йоркте украиндықтардың 100 жылдық Мәдениет Институты,
орыстардың 200 жылдық Достық Үйі бар, ал қазақтарда ештеңе
жоқ. Біздің ұйым 2004 жылы этникалық қазақтардың күшімен
170
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
құрылған болатын. Канаданың Торонто қаласында Ғазиз
Нұғмановтың жетекшілігіндегі Қазақтар қауымдастығы бар,
оған дейін Род-Айленд штатында Байдаралиндер отбасы «Қазақ
ауылын» ашты, сосын Техаста «Шаңырақ» пайда болды. Оқуға
келген студенттер күшімен түрлі колледждерде студенттік
интернационалдық орталықтар бар. Олардың барлығы Наурыз,
кездесулер, фильм көрсетілімдерін және басқаларын өткізеді.
Сонымен қатар, Сан-Францискода Silk Road House ұйымы бар,
өзінің кеңсесінде музыкатанушы Алма Құнанбай жұмыс істейді.
Бізде Бостонда диаспорада профессорлар, журналистер және
басқа қалаларда да ғалымдар бар. Бостонда физик-ғалымдар,
тартымды интеллектуалды адамдар өте көп. Мен Канадада
математиктерді, қазақ тарихынан қызықты дүниелер білетін
кәсіби тарихшыларды кездестірдім, бірақ, өкінішке орай, біздің
жастарымыздың тарихты оқуға қызығушылықтары жоқ, ал
мұнда таңғаларлық ресурстар бар, мысалы осы жерде батыс
елдерінен Орталық Азия аумағы арқылы Қытайға, Лаосқа және
Вьетнамға жол жүрген орта ғасырлардағы жолаушылардың
кітаптарының жинағы сатылады. Олар біздің өлкелерімізді,
адамдарды және олардың дәстүрлерін сипаттайды.
Марко Поло сияқтылар ма?
Иә, Марко Поло тәрізділер, мысалы ХІХ ғасырда ағылшын
дипломаты Бурнаби, ХІV ғасырда итальяндық монах фриар
Одорик және басқалар. Олар сол кезеңнің жерлері мен елдерін
өте қызықты сипаттайды, өздерінің көзқарастарына сәйкес,
бұл түпнұсқа ақпараттың көздері және онда біздің шынайы
мәдениетіміз бейнеленген. Олар өз кезеңінің білімді адамдары
еді, олардың осы арқылы саясат жасау ниеті болған жоқ,
олар тек қана өздерінің бақылауларын суреттеген, бұл біздің
халқымыздың тарихы үшін өте маңызды.
Менің атамның патшалық мұрағатқа қолжетімділік
мүмкіндігі болғанына менің жолым болды және ол тапсырыс
берген ақпараттарды алып үлгермеген кезде ол көп заттарды
бізге тапсырған еді. Мәселен, кеңестік кезеңде көшірмесін
алып, оны кейін Алматыға жіберу. Мен сондай энтуазиастардың
бірі болдым, мен кітаптарды және бұл мәліметтерді оқыдым.
Онда қазақтардың 1916 жылғы көтерілісі сипатталған. Патша
билігі Қазақстандағы орыс қоныстанушыларына қаратылған
жарлық шығарған, егер де сендер қазақтарды жұмысқа
|