СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
Астана, 2011
«Самұрық –
Қазына» ұлттық
әл-ауқат қоры
Қазақстан
халқы
Ассамблеясы
Әлеуметтік-
саяси зерттеулер
институты
УДК 316: 94 (574)
ББК 63.3 (5-қаз)-2
С 73
Ғылыми басылым Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы
Ғылыми-сараптамалық Кеңесімен баспаға ұсынылған
Редакциялық кеңестің төрағасы
Тоғжанов Е.Л., ҚХА төрағасының орынбасары
Редакциялық кеңес
Калашникова Н.П. саяси ғылымдарының докторы, ҚХА ҒСК ғалым хатшысы
Джунусова Ж.Х. саяси ғылымдарының докторы, профессор, ҚХА ҒСК мүшесі
Габдуллина К.Г. социология ғылымдарының докторы, профессор,
ҚХА ҒСК мүшесі
Садвакасова А.К. социология ғылымдарының докторы, ҚХА ҒСК мүшесі
Жобаның ғылыми кеңесшілері
Әбдіуақап Қара, тарих ғылымдарының докторы (Түркия, Стамбул),
Каюм Кесиджи, саяси ғылымдардың докторы (Германия, Мюнхен)
Жауапты редактор: Мажитова А.Б.
Әдеби редакторлар: Адыханова В.З., Қайыржанова С.М.
Жобаның жұмыс тобы: Калашникова Н.П., Кожирова С.Б., Калмыков С.К.,
Бекетаева Д.Р., Емишева Г.Б, Шалова Г.Т., Руднева Е.А., Жолдыбалина А.С.,
Ахметжанова Н.А., Мөлдір Байтөре, Оразалинова С.А., Асқарова Д.А.
С 73
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ /Б.И. Ракишеваның, А.А. Сарымның редак-
ция сымен/Әлеуметтік-саяси зерттеулер институты, ҚХА жанын дағы
Ғылыми-сараптамалық Кеңес. –Астана: - Баспа. – 2011 – 208 бет.
ISBN 978-601-06-1346-1
Бұл басылымда Қазақстан халқы Ассамблеясы және Самұрық-Қазына
ұлттық әл-ауқат қорының тапсырысымен өткізілген «Қазақ диаспорасы
арасында Алаш Орда философиясының қазіргі заманғы түсіндірмесі: жағдайы,
баға беру, сабақтары (әлеуметтік-тарихи талдау)» атты халықаралық жобаның
материалдары жарияланған. Басылымда Қазақстан, Түркия, Ресей, Қытай,
Германия, Австрия, Франция, АҚШ, Жапония ғалымдарының мақалалары
және сарапшылардың сұхбаттары ұсынылған. Сонымен бірге, ХХ ғасырдың
20-30 жылдары ашаршылықты көрген этникалық қазақтардың ұрпақтарымен
өткізілген сұхбаттар ұсынылады.
ISBN 978-601-06-1346-1
УДК 316: 94 (574)
ББК 63.3 (5- қаз)-2
©Ракишева Б.И., 2011
©Сарым А.А., 2011
©ИСПИ, 2011
©НЭС АНК, 2011
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
3
КІРІСПЕ СӨЗ
Оқырмандарға ұсынылып отырған кітап Қазақстан халқы
Ассамблеясы қамқорлығымен Әлеуметтік-саяси зерттеулер
институты жүргізген «Қазақ диаспорасы арасында Алаш Орда
философиясының қазіргі заманғы түсіндірмесі: жағдайы, баға
беру, сабақтары (әлеуметтік-тарихи талдау)» халықаралық
жобасының нәтижесі болып табылады. Бұл Қазақстан халқы
Ассамблеясының жобасы «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат
қоры мен «Қазақстан халқы Ассамблеясының қоры» Қоғамдық
қорының қолдауымен іске асырылды, әзірлеген Қазақстан
халқы
Ассамблеясының
Ғылыми-сарапшылық
кеңесінің
зерттеушілері мен ғалымдары.
Қазіргі Қазақстан аумағы белсенді көші-қон өңірлеріне
жатады. Даму процестеріне ықпал еткен ірі тарихи оқиғалар –
столыпиндік аграрлық реформа, Бірінші дүниежүзілік соғыс,
1916 жылғы көтеріліс, Азамат соғысы, 1921-1922 жылдардағы
ашаршылық, ұжымдастыру мен кулактарды жою, жаппай
қуғын-сүргін мен жер аудару, жұт, тың және тыңайған жерлерді
игеру – Қазақстанның этностық бейнесін түбегейлі өзгертті.
Негізгі көш-қон толқыны ХХ ғасырдың 30-50 жылдарына
тура келді, шамамен 3 млн. этностық топтар өкілдері –
немістер, поляктар, еврейлер, шешендер, ингуштар, балкарлар,
қырым татарлары, түрік-месхетиндер, қалмақтар, қарашайлар,
кәрістер және т.б. халықтар Қазақстанға мәжбүрлеп жер
аударылды.
Бұл зерттеу тақырыбын Қазақстан халқы Ассамблеясының
зерттеушілері «Тарихтан тағылым - өткенге тағзым» (2010 ж.)
халықаралық
жобасы
аясындағы
«1930-1950
жылдары
халықтарды Қазақстанға жер аудару: ортақ тарих» атты
халықаралық әлеуметтік зерттеуде көтерді. Жобаға Қазақстан,
Ресей
Федерациясы,
Армения,
Беларусь,
Қырғызстан,
Тәжікстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Молдова, АҚШ, Германия,
Польша, Түркия, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея мамандары
атсалысты. Жоба қорытындысы бойынша түсірілген деректі
фильм «Хабар» республикалық телеарнасы арқылы 2010
жылғы 31 мамырда Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу
күнінде көрсетілді. Фильмнің тұсаукесері 20 қазанда Стамбулда
4
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
– Стамбул университетінің Евразия институтында және 30
қазанда Мәскеуде – ГУЛАГ тарихы мұражайында, Ресейдегі
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнінде өткізілді.
Бұл зерттеуді жүргізу барысында жобаны «Ауызша тарих» (Oral
history) әдістемесі базасында жұттың куәгері болған этностық
қазақтар арасында сауалдама жүргізу арқылы жалғастыру
идеясы туды. «Ұлы жұт» уақыты, немесе оны «өлім жұты»,
«даланың жұты», «голощекин жұты» деп те атаған, көптеген
адамдардың өмірін қиды. Қазақстан тарихындағы бұл уақыт
кезеңі аз зерттелген және қарама-қайшы түсініктемелерге бай.
Осы кезеңдегі басты мәселелердің бірі – қазақ этносының сан
жағынан азаюы (ашаршылық кезінде қаза болған және басқа
елдерге қоныс аударған). Өкінішке орай, ғылыми әдебиетте қаза
болғандар саны, осы оқиғаның салдарлары туралы, бұл тарихи
фактінің қазақ этносының одан әрі дамуына ықпалы туралы
нақты деректер жоқ. Қазіргі қазақ диаспорасының бір бөлігі сол
жылдары басқа елдерге көшіп кетуге мәжбүр болған рулардың
ұрпақтары болып табылады.
Қазақстандықтардың
бұқаралық
санасында
қазіргі
Қазақстаннан тыс жерде тұратын қазақтар тарихына қатысты
біршама ақтаңдақтар бар. Бұл фактор Әлеуметтік-саяси
зерттеулер институты жүзеге асырған «Қазақстандықтардың
қазақ
диаспорасына
қатынасы:
жай-күйі,
бағасы,
перспективалары»
1
атты әлеуметтік зерттеу кезінде бағаланды.
Зерттеу нәтижелері зерттеу жобасының қазіргі қазақтардың
шетелдегі қазақ диаспорасының өмір сүру тарихын білуі,
шашырап қоныстануы туралы мәліметтерінде ақтаңдақ
беттердің көптігі туралы гипотезаларының бірін растады.
Жүргізілген сауалнама мәліметтері бойынша қазақстандық
респонденттердің, қазақстандық этностар топтары өкілдерінің
32,8% қазақ диаспорасының үлкен бөлігінің Қазақстанмен
шекарада өздерінің ата қоныстарында тұрып жатқаны туралы
білген жоқпыз деп жауап берген. Сонымен бірге 40% этностық
1 Бұл
зерттеу
Қазақстанның
барлық
облыстарын,
сондай-ақ
республикалық маңыздағы Астана мен Алматы қалаларын қамтыды.
Сауалдама тұрғылықты жерінде сұхбат әдісімен жүргізілді, іріктеме
Қазақстанның ересек халқын (18 жастан жоғары) жынысы, жасы, ұлты
білім деңгейі, сондай-ақ тұратын жеріндегі елді мекендер түрі бойынша
репрезентациялайды. Респонденттерді іріктеу кездейсоқ жолмен,
маршруттық әдістемені пайдалана отырып жасалды. Сауалдамаға
қатысушылардың жалпы саны 1500 респондентті құраған.
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
5
қазақтардың республикада тұратындар санының жартысынан
көбі (5 миллиондай) Қазақстаннан тыс жерде тұрып жатқаны
туралы білмеген.
Бұл фактілер туралы республикада сауалнамаға қатысқан
қазақтар шамалы ғана артық біледі: 29,4% – диаспораның
мөлшері туралы және 35% – шетелде тұратын қазақтардың
жалпы саны туралы. Қандай да бір ахуалға әртүрлі берілген
бағалар бұқаралық санада кей кездері теріс пікірлерді
тудырады. Сондықтан халықты кең хабардар ету, жақсыны
насихаттау, қазақстандық қоғамның өмір сүру жүйесінде
қазақ диаспорасына сауатты орын беру, оны түсіну мен одан
әрі интеграциялану үшін мүмкін болатын барлық кедергілерді
жояды.
Жобаның мақсаты – қазіргі Қазақстаннан тыс жерде
тұратын қазақтар арасында Алаш феноменінің қазіргі
оқылымын зерделеу. Алаш тәуелсіздік идеясы ретінде бүгінде
әлемнің 45 елінде тұрып жатқан 5 миллиондай қазақтың
сақталуының
негізгі
факторларының
біріне
айналды.
Тәуелсіздік - жалпыхалықтық идея ретінде күн тәртібінен
түскен жоқ, бұл идеяны әртүрлі уақытта Оспан Батыр, Мұстафа
Шоқай және алашордалықтар алға сүйреді. Кейінірек бұл
идеяны 1986 жылғы желтоқсанда қазақ жастары алаңға алып
шықты.
«Алаш» термині деп біз нақ идеяны, тәуелсіздік идеясын,
этносты сақтау идеясын, қазақтардың этностық тұтастығы
идеясын түсінеміз. Тарихи «Алаш» термині кейіннен «қазақ»
этнонимін алған көне рулар үшін ортақ атау болғаны белгілі.
«Алаш» көптеген онжылдықтар бойында отанынан тыс тұрып
жатқан қазақтарды байланыстыратын өзіндік желі болды.
Процеске тікелей қатысушылардан өткенді шолатын
ақпаратты жинау бірегей тарихи ақпаратты жинақтауға
мүмкіндік берді. Зерттеу барысында қазақ диаспорасының,
Батыс Еуропадағы (Мюнхен, Вена, Париж) және АҚШ-тағы
(Нью-Йорк) қазақ мәдени орталықтарының өкілдерімен сұхбат
жүргізілді. Жоба барысында қазақтардың сақталған көшпелі
мәдениетінің әдет-ғұрыптарын бақылау мақсатында тікелей куә
болуға мүмкіндік беретін Үрімшіге (Қытай, ШҰАА), ол жақтағы
қазақ ауылдарына экспедиция ұйымдастырылды. Қазіргі кезде
түрлі дерек көздеріне сәйкес, Қытайдың Синьцзян – Ұйғыр
6
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
автономиялық округінде тұратын қазақ диаспорасы шамамен
2 млн. жетті. Тығыз орналасқан қазақ ауылдарында сақталып
қалған қазақ мәдениетін байқауға болады – жергілікті
халықтың тілінде, әдет-ғұрыптарында, дәстүрлерінде, өзара
қарым-қатынастар жүйесінде қазақ түпнұсқалығы сақталған.
Түрік
Республикасында
қазақ
диаспорасы
ХХ
ғ.
ортасында орнықты. Бұл елдің мемлекеттік саясаты ел
аумағында қазақ диаспорасына қалыптасуға, әлеуметтік-
коммуникативті ортада бейімделуге және әрі қарай екі елдің
өзара қарым-қатынастарында оңтайлы тетіктерінің бірі болуға
мүмкіндік берді. Олардың көші-қон жолы 1930-1940 жж. Алтай
округінің Шыңжан-Ұйғыр автономиялық ауданынан (ШҰАА)
басталып, Үндістан, Пәкістан, Сауд Арабиясы арқылы өтті.
Бүгінгі таңда Түрік Республикасында 20000 астам этникалық
қазақтар тұрады. Түркия мигранттарды тарихи және мәдени
түп-тамырларының ортақтығының, тілдің түркілік негізі
және мұсылман діні арқылы қызықтырады. Қазіргі кезде
қазақтар Стамбулда, Анкарада, Измирде және Түркияның
басқа да аймақтарында тұрады. Бүгінгі күнде Зейтинбурну,
Гюнешли (Қазақкент) ауданында этникалық қазақтардың
отбасылары ықшамдана қоныстанған. Түркияға Ауғанстанда
тұрған қазақтар да көшіп келген, сонымен қатар, зерттеу
барысында 1930 жылдардағы жұттың куәгері болғандар мен
олардың ұрпақтары табылды. ХХ ғ. 30-жылдарында орын
алған оқиғаларды ұмытпаған қазақтардың ұрпақтарымен
сұхбаттардың стенограммасын осы басылымның беттерінен
табуға болады.
Тәуелсіздік идеясының көрнекті өкілі, қазақ саяси
қайраткері Әлихан Бөкейхановтың бастамасымен құрылған
Алаш Орда партиясының негізгі идеясы -Ресей құрамында
автономия деңгейінде қазақтарды тәуелсіздікке жеткізу болды.
«Алаш» партиясы өзінің бағдарламасының негізі ретінде 1918
ж. қазақ даласын жеке мемлекет деп жариялады. Партия
құрамында Ахмет Байтұрсынов, Мұстафа Шоқай, Міржақып
Дулатов, Мұхаметжан Тынышпаев, Смағұл Сәдуақасов, Мағжан
Жұмабаев, Ғазымхан Кенесарин және басқа да 583 жуық адам
(алашордалық) қызмет етті.
Мұстафа Шоқай Алаш Орданың көрнекті өкілдерінің
бірі ғана емес, сондай-ақ оның идеялық жетелеушісі болды.
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
7
Қазіргі қазақ диаспорасы үшін ол ұлттық батырлардың
бірі, көшбасшысы болып табылады. Мұстафа Шоқайдың
есімі Отанынан шет жерде тұрып жатқан этникалық
қазақтарға шоғырлануға ықпал етті және этностың сақталу
факторларының біріне айналды. Осыған байланысты біздің
ізденістерімізде нақты М.Шоқайдың тұлғалық бет-бейнесіне
басты мән берілді.
Батыс Еуропа елдері бойынша экспедиция кезінде
Парижде, Ножанда Мұстафа Шоқай әйелі Мариямен
бірге тұрған екі үй табылды. Ал Берлинде М.Шоқайдың
мазары табылды. Мазар орналасқан аумақтағы түрік мешіті
қызметкерлерінің айтуы бойынша, бұл жер бүкіл әлем
қазақтарының зиярат ететін орны.
Ұлы Отан соғысы тарихының ақтаңдақ беттерінің
бірі фашистерге тұтқынға түскен мұсылман солдаттардың
Түркістан легионын құру үрдісі. Олардың тағдыры қайғылы
әрі күрделі. Зерттеу барысында қазақ диаспорасы өкілдерінің
көмектері арқылы осы адамдар жерленген мазар табылды. Бұл
кітапта алғаш рет аталған жауынгерлер құлпытастарының
суреттері ұсынылған.
Аталған басылымда әлемнің түрлі елдерінен зерттеліп
отырған мәселеге қандай да бір деңгейде байланысты
ғалымдармен, сарапшылармен сұхбаттар мен мақалалар
ұсынылған. Жұмыс барысында зерттеу нәтижесі бойынша
түсірілген
фильмның
қатысушылары
болған
танымал
Алаш Орда феноменін зерттеушілерден кеңестер алынды.
Міржақып Дулатов шығармашылығын зерттеуші, Хоккайдо
Университетінің (Жапония, Хоккайдо) Славяндық зерттеулер
орталығының ғылыми қызметкері, профессор Уямо Томохико
мен Сакария университенің профессоры Муса Ташделеннің
(Түркия, Стамбул) көрсеткен көмектерін айта кеткіміз келеді.
Зерттеуді дайындауда негізгі көмекті, сонымен қатар, кеңестік
қолдауды қазақ диаспорасының ғалымдары көрсетті, олардың
ішінде:
Шыңжан гуманитарлық ғылымдар академиясының ғылыми
қызметкері, профессор Шадман Ахметұлы (ҚХР, ШҰАА,
Үрімші),
Дінтану институты директорының орынбасары, PhD,
профессор Мұрат Хейният, (ҚХР, ШҰАА, Үрімші),
8
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
Шыңжан Ғылым академиясының зерттеу журналының бас
редакторы, профессор Ясин Құмарұлы, (ҚХР, ШҰАА, Үрімші),
Тарих ғылымдарының докторы, шоқайтанушы, профессор
Әбдіуақап
Қара, (Мимар Синан Университеті, Түркия,
Стамбул),
Еуропадағы Қазақ қоғамдары федерациясы төрағасы,
саяси ғылымдарының докторы, профессор Каюм Кесиджи,
(Германия, Мюнхен).
Зерттеу нәтижелері «Сөнбесін от алауы» атты ғылыми
деректі фильм түрінде ұсынылды. Аталған фильмде жоба
аясындағы экспедиция кезінде жинақталған қазақ тарихының
өткені мен бүгініне қатысты сирек кадрлар пайдаланылған.
Материалдар қатары оқырмандарға ұсынылып отырған
кітаптың негізгі бөлігіне орналастырылған. Ол отандық
тарихнаманы, диаспоралық және көші-қондық саясатты,
этносаралық
қатынастар
саласын
және
қазақтардың
толеранттық мәдениетін зерттеуде пайдалы болуы мүмкін.
Кітапта отандық және шетелдік ғалымдар мен қоғам
қайраткерлерінің сұхбаттары мен материалдары пайдаланылды,
оларға көрсеткен көмектері үшін ризашылығымызды білдіреміз,
олардың қатарында:
Мұрат Әуезов, Мұхтар Әуезов қорының директоры
(Қазақстан, Алматы),
Бейбіт Қойшыбаев, жазушы, «Әділет» Қазақстандық
тарихи-ағарту қоры директорының орынбасары (Қазақстан,
Алматы),
Дихан
Қамзабекұлы,
филология
ғылымдарының
докторы, профессор, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық
университетінің проректоры (Қазақстан, Астана),
Намазалы
Омашев, филология ғылымдарының док-
торы, профессор, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық
университетінің журналистика және саясаттану факультетінің
деканы, Журналистика проблемаларын зерделеу орталығының
директоры (Қазақстан, Астана),
Муса
Ташдилен,
тарих
ғылымдарының
докторы,
профессор (Сакария университеті, Түркия, Стамбул),
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
9
Уямо Томохико, тарих ғылымдарының докторы, профес сор
(Славяндық зерттеулер орталығы, Жапония, Хоккайдо),
Ирина Октябрьская, Тарих ғылымдарының докторы,
профессор, Ресей ғылым академиясы Сібір бөлімшесі
Археология және этнография институты этнография бөлімінің
меңгерушісі (Ресей Федерациясы, Новосибирск),
Қызырхан Шолпан, Венадағы қазақ диаспорасы мәдени
орталығының жетекшісі (Австрия, Вена),
Әлия Алхан, Қазақстан мәдени орталығының жетекшісі
(АҚШ, Нью-Йорк).
Басылымда жұттың куәгері болған, басынан өткерген
отбасылары жұт кезінде отбасымен Қазақстаннан Ауғанстанға
көшіп кеткен Талик Оңғарұлы (84 жаста) және Юсуф
Жанайдарұлының (76 жаста) сұхбаттары берілген. Қазір олар
Стамбулда өмір сүріп жатыр. Қазақстанда мұндай сұхбат
Бекмади Ахат Бекмадиұлымен (88 жаста) жүргізілді.
Қазақстан
Республикасының
Герман
Федеративтік
Республикасындағы
елшілігіне,
жеке
түрде
-
Нұрлан
Онжановқа,
Әлемнің әр түрлі елдеріндегі қазақ диаспорасы өкілдері:
Атаман Енгинге (Түркия, Стамбул),
Гаффар Кесиджиге (Түркия, Стамбул),
Төлеухан Кеңесханұлына (Қытай, Үрімші),
Әбдірахман Уналанға (Германия, Мюнхен),
Айтер Гокайға (Франция, Париж) көрсеткен көмектері
үшін алғыс білдіреміз.
Зерттеу барысында біздің достарымыз бен әріптестеріміз:
Кенан Куюджуклу (Түркия, Стамбул),
Хаяти Тюфекчиоглу (Түркия, Стамбул) үлкен көмек
көрсетті.
Жобаны жүзеге асыруда көрсеткені көмектері үшін:
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне,
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі
Консулдық бөліміне, жеке түрде – Зәуреш Қабдуалинаға,
10
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республи-
касындағы елшілігіне, жеке түрде – Ұлықбек Әбуалиге,
Қазақстан
Республикасының
Үрімші
қаласындағы
(ҚХР) төлқұжат-виза қызметіне, жеке түрде – Қайыржан
Сарсебаевқа, Төлеген Бұрханға, Жалғас Мұратовқа,
Қазақстан
Республикасының
Герман
Федеративтік
Республикасындағы елшілігіне, жеке түрде – Нұрлан
Онжановқа,
Қазақстан
Республикасының
АҚШ-тағы
елшілігіне
(Вашингтон), жеке – Ерлан Ыдырысовқа,
Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы тұрақты
өкілділігіне (Нью-Йорк), жеке түрде – Бірғаным Әйтімоваға,
Қытай
Халық
Республикасының
Қазақстан
Республикасындағы елшілігіне,
Герман
Федеративтік
Республикасының
Қазақстан
Республикасындағы елшілігіне,
Герман
Федеративтік
Республикасының
Қазақстан
Республикасындағы бас консулдығына,
Еуропалық қазақтар қауымдастықтары федерациясына
(Германия, Мюнхен),
Стамбул қаласы Зейтунбурну ауданының мэриясына алғыс
айтамыз.
Авторлар ұжымы материалдарды дайындаудағы көмегі,
кеңестік қолдауы және мұрағат материалдарын іріктеуге
қолқабысы үшін Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық
университетінің проректоры, белгілі Алаш Орда зерттеушісі
Дихан Қамзабекұлына ризашылығын білдіреді.
Ұсынған мұрағат материалдары үшін:
Қазақстан
Республикасы
Байланыс
және
ақпарат
министрлігі Ақпарат және мұрағаттар комитетінің Орталық
мемлекеттік кинофотоқұжаттар мен дыбысжазба мұрағатына
(Алматы қаласы),
Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының
«Алжир» мұражайлық-мемориалдық кешеніне (Астана қаласы),
Астана қаласының Мемлекеттік мұрағатына алғыс
айтамыз.
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
11
Фильмді жасау кезінде Дихан Қамзабекұлының, Ботагөз
Рақышеваның жеке мұрағаттарының материалдары, сондай-ақ
«Азаттық радиосы» сайтының материалдары пайдаланылды.
«Самұрық-Қазына»
ҰӘҚ
мен
«Қазақстан
халқы
Ассамблеясының қоры» қоғамдық қорына алғысымызды
айтамыз.
Жобамен жұмыс істегендер:
Ботагөз Рақышева – жобаның жетекшісі, әлеуметтану
ғылымдарының кандидаты,
Айдос Сарым – жобаның қос жетекшісі, саясаттанушы,
Әбдіуақап Қара – жобаның ғылыми консультанты, тарих
ғылымдарының докторы, шоқайтанушы (Түркия, Стамбул),
Каюм Кесиджи – жобаның ғылыми консультанты,
саяси ғылымдарының докторы, Қазақ диаспорасын зерделеу
орталығының жетекшісі, Еуропа қазақтары қауымдастықтары
федерациясының төрағасы (Германия, Мюнхен),
Наталья
Калашникова
–
саяси
ғылымдарының
докторы, Қазақстан халық Ассамблеясының ҰСК ғалым
хатшысы, Қазақстан халық Ассамблеясының хатшылығының
консультанты,
Светлана Кожирова – саяси ғылымдарының докторы,
профессор,
Л.Н.
Гумилев
атындағы
Еуразия
ұлттық
университетінің
Еуразиялық
зерттеулер
кафедрасының
меңгерушісі
Айгүл Сәдуақасова – әлеуметтану ғылымдарының
докторы Институттың ғылыми қызметкерлері:
Сергей
Калмыков
–
философия
ғылымдарының
кандидаты,
Дамиля Бекетаева – әлеуметтану магистрі,
Гүлден Емишева – әлеуметтану магистрі,
Гүлден Шалова – әлеуметтану бакалавры,
Айнұр Мәжитова – әлеуметтану бакалавры,
Евгения Руднева – әлеуметтану магистрі,
Алуа Жолдыбалина – доктор Ph.D (саясаттану докторы),
Найля Ахметжанова – агрономия магистрі,
Әлеуметтанушылар:
Достарыңызбен бөлісу: |