«Самұрық-Энерго»АҚ
Директорлар кеңесінің
шешімімен бекітілген
Хаттама№ ___51____
«11»_
қазан__ 2011ж.
«САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО» АКЦИОНЕРЛІК
ҚОҒАМЫНЫҢ ІСКЕРЛІК ЭТИКА КОДЕКСІ
Астана қ.
1
«Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының Іскерлік этика кодексі
МАЗМҰНЫ
Кодекс
м
иссиясы .................................................................................................. 3
Біздің пайымдауымыз ........................................................................................ 3
1
Жалпы ережелер .............................................................................................. 4
2
Іскерлік этиканың құндылықтары, қағидаттары және нормалары ............ 4
3
Іскерлік қарым-қатынастардың этикалық нормалары ................................ 5
4
Қоғамның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің міндеттері ........ 6
5
Мінез-құлық ережелері ................................................................................... 7
6
Омбудсменинституты .................................................................................... 11
7
Қорытынды .................................................................................................... 12
8
Қосымшалар ................................................................................................... 13
2
«Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының Іскерлік этика кодексі
КОДЕКСМИССИЯСЫ
Іскерлік этика кодексі Қоғам дамуын және мүдделі тұлғалармен тиімді
әрекеттестікті этикалық нормалар мен Қазақстан Республикасы
заңнамаларының нормаларын ұстану негізінде басқару құралы болып
табылады.
БІЗДІҢ ҰСТАНЫМЫМЫЗ
Қоғамның Іскерлік этика кодексі корпоративтік басқару процесінің
тиімділігін арттыруға және мүдделі тұлғалармен табысты іс-қимыл жасауға
септігін тигізеді.
3
«Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының Іскерлік этика кодексі
1
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1
«Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Қоғам)
осы Іскерлік этика кодексі (бұдан әрі - Кодекс) Қазақстан Республикасының
қолданыстағы заңнамаларының ережелеріне, Қоғамның ішкі құжаттарына,
оның ішінде Корпоративтік басқару кодексіне сәйкес әзірленген және
Қоғамның барлық қызметкерлері басшылыққа алатын ережелер мен
қағидаттар жиынтығы ретінде ұсынылады.
1.2
Қоғамның корпоративтік мәдениетін дамыту және іскерлік
қатынастың озық тәжірибесін қолдана отырып, мүдделі тұлғалармен тиімді
әрекеттестікке септігін тигізу осы Кодекстің мақсаты болып табылады.
1.3
Кодексте мынадай ұғымдар мен терминдер қолданылады:
Акционерлер- акциялардың меншік иесі болып табылатын тұлғалар;
Корпоративтік
мәдениет–Қоғамның
өзіндік
құндылықтары,
қағидаттары, мінез-құлық және қарым-қатынас нормалары;
Корпоративтік хатшы–Қоғамның Директорлар кеңесі тағайындайтын
және Қоғамның Директорлар кеңесіне есеп беретін қызметкер;
Қызметкер–Қоғаммен еңбек қатынастарында болатын және еңбек
келісімшарты бойынша тікелей жұмыс жасайтын тұлға;
Лауазымды тұлғалар–Директорлар кеңесінің мүшелері, Қоғамның
Басқарма мүшелері;
Мүдделі тұлға–заңнамада және Қоғам Жарғысында көрсетілген
құқықтарының жүзеге асырылуы Қоғам қызметімен байланысты болатын
тұлға;
Мүдделер қақтығысы–Қоғам қызметкерінің немесе лауазымды
тұлғаларының жеке мүддесі оның өзінің лауазымдық міндеттерін мүлтіксіз
орындауына әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін болатын жағдай;
Омбудсмен –Қоғамда іскерлік этиканы енгізуге, сақтауға және
түсіндіруге ықпал ететін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының
заңнамалары мен Қоғамның ішкі нормативтік құжаттары нормаларының
бұзылғанын анықтайтын тұлға;
Іскерлік этика –Қоғам, оның лауазымды тұлғалары және
қызметкерлері өз қызметтерінде басшылыққа алатын этикалық қағидаттар
мен іскерлік мінез-құлық нормаларының жиынтығы.
1.4
Қоғам лауазымды тұлғалармен, қызметкерлермен және мүдделі
тұлғалармен қарым-қатынаста Қоғамның лауазымды тұлғалары мен
қызметкерлері кездесетін стратегиялық маңызды жағдайларда да, күнделікті
жағдайда да іскерлік шешімдер қабылдау үшін осы Кодексті ұстанады және
оның ережелерін сақтайды.
2
ІСКЕРЛІК ЭТИКАНЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ЖӘНЕ
4
«Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының Іскерлік этика кодексі
ҚАҒИДАТТАРЫ
2.1
Қоғам мынадай іскерлік этикақағидаттарын басшылыққа алады:
-
кәсіби біліктілік;
-
отансүйгіштік;
-
ашықтық;
-
тәртіптілік;
-
жауаптылық;
-
адалдық;
-
әділеттілік;
-
ар-ұят.
2.2
Қоғам барлық мүдделі тұлғалар жоғарыда көрсетілген іскерлік
этика қағидаттарын сақтайды деп есептейді.
2.3
Қоғамның этикалық нормалары мынадай:
-
Қоғамның лауазымды тұлғаларымен
қызметкерлерімен, акционерлермен,
-
мемлекеттік органдармен,
-
еншілес және тәуелді ұйымдармен,
-
іскерлік серіктестермен және қоғамдастықпеніскерлік қарым-
қатынастардыңнегізгі салаларын реттейді.
2.4
Қоғам қызметі Қоғам және барлық мүдделі тұлғалардың іскерлік
этика мен мінез-құлық ережелері талаптарын сақтауына сәйкес құрылған
қарым-қатынастарға негізделген. Өзара міндеттемелерді орындау– нақты
жұмыстың қажетті шарты.
3
ІСКЕРЛІК ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ЭТИКАЛЫҚ
НОРМАЛАРЫ
3.1
Қоғамның лауазымды тұлғалары және қызметкерлері
3.1.1
Қоғам өзіне мынадай міндеттерді қабылдайды:
-
адам құқықтарын сақтау мен сыйлауды қамтамасыз ету;
-
мүдделі тұлғалармен өзінің барлық қатынастары өзара тиімді болуына
ұмтылу;
-
нәсілдік, діни, ұлттық, жыныстық, жас, саяси және басқа да белгілер
бойынша кемсітушіліктерге жол бермеу; кадрларды іріктеу мен көтеруді
кәсіби қабілеттерін, білімі мен дағдыларын есепке ала отырып, біліктілік
талаптарына сәйкестігі негізінде жүзеге асыру;
-
Қоғам қызметкерлеріне біліктілік деңгейіне, орындайтын
жұмысының күрделілігі мен сапасына, жұмысының тиімділігін бағалау
нәтижелеріне сәйкес еңбегі үшін сыйақы төлеуді қамтамасыз ету;
-
қызметкерлерді оқыту және кәсіби дамыту бағдарламаларына сәйкес
өз бетінше білім алуға және кәсіби біліктілігін дамытуға ұмтылатын
қызметкерлердің кәсіби біліктіліктерін көтеруіне тең жағдайлар жасау;
-
қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметкерлер еңбегінің қауіпсіздігі
5
«Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының Іскерлік этика кодексі
мен қорғалуын қамтамасыз ету үшін барлық шараны қабылдау, өз
қызметкерлері үшін сау және қауіпсіз еңбек жағдайларын үнемі жақсартуды
көздеу;
-
заңнамада және Қоғамның ішкі құжаттарында бекітілген шектердегі
құпия ақпаратты жарияламауды қамтамасыз ету;
-
қақтығыстар туындаған жағдайда Қоғамның лауазымды тұлғалары мен
қызметкерлері арасында ашық және өзара сенімді диалог жүргізу үшін
-
жағдайлар жасау;
-
қызметкерлердің Қоғам үшін тиімді әсер ететін бастамашылық
идеялары мен ұсыныстарын бағалау және ынталандыру;
-
жекелеген лауазымды тұлғалар мен қызметкерлерге құқықтық
негізден тыс қандай да бір жеңілдіктердің ұсынылуына жол бермеу,
барлығына тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету;
-
шешім қабылдаушы лауазымды тұлғадан кез келген қызметкерге дейін
шешім қабылдау процесінің кез келген кезеңінде мүдделер қақтығысының
пайда болуына әкеліп соқтырмайтын жауапкершілік жүктеу.
3.2
Акционерлер
3.2.1
Акционерлердің мүддесі әзірленуі мен жүзеге асырылуы үшін
Қоғам жауапты болатын Қоғамның Даму стратегиясының түпнегізі болып
табылады.
3.2.2
Акционерлермен
қарым-қатынас
жүйесі
Қазақстан
Республикасының заңнамаларына, Қоғамның Жарғысына, Корпоративтік
басқару кодексіне және өзге да ішкі құжаттарына сәйкес ашықтық, есеп
берушілік және жауаптылық қағидаттарына негізделген. Қоғам
Акционерлермен қарым-қатынаста рәсімдерді бұлжытпай ұстанады.
3.2.3
Қоғам және Акционерлер арасындағы ақпарат алмасу
заңнамамен, Қоғамның Жарғысымен және ішкі құжаттарымен реттеледі.
3.3
Мемлекеттік органдар
3.3.1
Қоғам мемлекеттік органдармен қарым-қатынасын Қазақстан
Республикасы
заңнамаларыныңталаптарына,
Қоғам
Жарғысына,
Корпоративтік басқару кодексіне және өзге де ішкі құжаттарға сәйкес
тараптардың тәуелсіздігі негізінде жүзеге асырады.
3.3.2
Қоғам мемлекеттік органдар тарапынан да, Қоғамның лауазымды
тұлғалары мен қызметкерлері тарапынан да сыбайлас жемқорлық және басқа
да заңға қарсы әрекеттерге жол берілмеуі үшін барлық күшін жұмсайды.
3.4
Еншілес және тәуелді ұйымдар
3.4.1
Қоғам еншілес және тәуелді ұйымдармен қарым-қатынасын
Қазақстан Республикасы заңнамаларыныңталаптарына, Қоғам Жарғысына,
Корпоративтік басқару кодексіне және өзге де ішкі құжаттарға, еншілес және
тәуелді ұйымдардың Жарғыларына сәйкес жүзеге асырады.
3.4.2
Еншілес және тәуелді ұйымдар бизнесті жүргізудіңөзіндік
ерекшеліктерін есепке алатын, бірақ осы Кодексте көрсетілген іскерлік этика
қағидаттарына қайшы келмейтін жеке Іскерлік этика кодекстерін
қабылдайды.
6
«Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының Іскерлік этика кодексі
3.5
Іскерлік серіктестер
3.5.1
Қоғам іскерлік серіктестермен өзара пайда көру, ашықтық және
өздеріне қабылдаған мінддетемелер үшін толық жауаптылық қағидаттары
бойынша заңдылық, адалдық және тиімділік қағидаттарына құрылған
келісімшарттарға сәйкес жұмыс жасайды.
3.5.2
Қоғам
іскерлік
серіктестермен
жасалған
шарттардың/келісімдердің шарттарын сақтайды және оларға қатысты өз
міндеттерін орындайды.
3.5.3
Қоғам Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалары
мен ішкіқұжаттарының талаптарына сәйкес тауар жеткізушілерді, жұмыс
пен қызмет ұсынушыларды таңдайды, таңдау ең жақсы бағаға, сапаға және
іскерлік беделі жақсы тауар жеткізу, жұмыс пен қызмет ұсыну жағдайына
басымдық беруге негізделеді.
3.5.4
Қоғам өз қызметінде іскерлік серіктестерге негізсіз жеңілдіктер
мен артықшылықтар ұсынылуына жол бермейді.
3.6
Қоғамдастық
3.6.1
Қоғам өзінің қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілігін
сезінеді және әлеуметтік жауаптылықты енгізу жөніндегі қағидаттарды
ұстанады.
3.6.2
Қоғам әлеуметтік маңызды мәселелердің шешілуіне жағымды
ықпал етуге ұмтылады.
3.6.3
Қоғамдық қатынастарды жетілдіру, қоршаған ортаны жақсарту
және өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қоғам ұйымдармен
(қоғамдық,
мемлекеттік
емес
және
басқа)
дұрыс
қарым-
қатынасорнатуғаұмтылады.
3.6.4
Қоғам беделі күмән тудыратын заңды және жеке тұлғалармен
ынтымақтастық жасаудан бас тарту міндеттемесін алады.
3.6.5
Қоғам экология мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі
бастамаларды қолдайды.
4
ҚОҒАМНЫҢ
ЛАУАЗЫМДЫ
ТҰЛҒАДАРЫ
МЕН
ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ МІНДЕТТЕРІ
4.1
Қоғамның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері мыналарға:
-
Мемлекеттің рәміздері – Елтаңба, Ту, Әнұранға құрметпен қарауға;
-
корпоративтіксимволикаға құрметпен қарауға;
-
жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға,
мемлекеттік тілге және басқа тілдерге, халықтардың салт-дәстүрлеріне
құрметпен қарауға;
-
шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына,
жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге қатысына, нанымына,
7
«Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының Іскерлік этика кодексі
тұрғылықты жеріне немесе кез келген өзге жағдайларына қарамастан,
адам
мен азаматтың ар-намысын сыйлауға;
-
сыпайы және ұстамды болуға;
-
немқұрайдылық және дөрекілікпен келіспеуге;
-
қызметкердің құзыретіне кіретін болса, әріптестерге қолдау мен
көмек көрсетуге;
-
толық дәрежеде көрсетілмесе де, кез келген көмекке алғыс білдіруге;
-
өзгенің пікірін мұқият тыңдауға;
-
сөз бен істің бірлігін қамтамасыз етуге, берілген уәдені орындауға;
-
өз қателіктерін жасырмауға (мойындауға)міндетті.
4.2
Қоғамның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері Кодекске
қатысты өздеріне мынадай:
-
осы Кодексте бекітілген іскерлік этика мен мінез-құлық
ережелерінің талаптарын мұқият зерттеу, түсіну және адал
орындау.Келіскен жағдайда Қоғамның лауазымды тұлғалары мен
қызметкерлері тиісті «Растау» формасын (1-қосымша ) толтыруы және
Жадынаманы (2-қосымша ) басшылыққа алуы тиіс;
-
өз лауазымдық қызметтері мен міндеттерін адал, кәсіби, тиімді және
-
қалтқысыз орындауы;
-
мәртебесі мен лауазымына қарамастан, өзіне қабылдаған міндеттер
үшін жауапкершілік алуға;
-
Кодекс талаптары бұзылған жағдайда 5.2-тармағының ережелерін
басшылыққа алуға;
-
іскерлік этика қағидаттары мен мінез-құлық ережелерін бұзу
мәселелері бойынша тергеу жүргізуге көмек көрсету;
- 5.1-
тармақта көрсетілген ақпараттық қауіпсіздік талаптары мен
рәсімдерді сақтауға.
4.3
Қоғамның лауазымды тұлғалары міндетті:
-
Кодекс талаптарына сәйкес келетін басқару шешімдерін қабылдауға;
-
Кодекс талаптарын сақтауға қатысты жеке үлгі көрсетуге;
-
Қарамағындағылар арасында корпоративтік сезім қалыптастыруға,
ұжымды Қоғамның жалпы миссиясын, құндылықтары мен қағидаттарын
ұстанатын командаға біріктіруге уақыт бөлуге;
-
Қарамағындағыларға кеңес беруге, ақыл айтуға қатыстыміндеттерді
қабылдайды.
4.4
Қоғамның лауазымды тұлғаларының міндеттері:
-
шешімдер қабылдау ашықтық және бейтараптық қағидаттарына
негізделуі тиіс;
-
уақытылы, құпиялық нормаларын бұзбай және Акционерлердің
шешімдері мен Қоғамның ішкі құжаттарын есепке ала отырып,бір-біріне
ақпарат беру;
-
Қоғам қызметкерлері іскерлік этика талаптары мен мінез-
8
«Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының Іскерлік этика кодексі
құлықережелерініңсақталмауынақатыстыалаңдаушылықтарынеркінбілдіреті
нмінез-құлықмәдениетін қалыптастыру.
4.5
Қоғамның лауазымды тұлғаларына іскерлік этика талаптары мен
мінез-құлықережелерініңбұзылуымен байланысты жағдайлардың алдын алу,
анықтау және шешу жүйесін құруға қатысты жауапкершілік жүктеледі.
5
МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРІ
5.1
Ақпараттың құпиялығы
5.1.1
Қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес құпия деп танылған ақпарат
Қоғамның құпия ақпараты ретінде анықталады.
5.1.2
Қоғамның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері ақпараттың
құпиялығына қатысты Қоғамның ішкі құжаттарымен міндетті түрде танысу
рәсімінен өтеді.
5.1.3
Қоғамның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері білетін
құпия сипаттағы кез келген мәлімет жасырын сақталуы тиіс және Қазақстан
Республикасының заңнамаларында тікелей басқа жағдай қарастырылмаса,
ерекше жауаптылықпен өңделуі қажет.
5.1.4
Қоғам қызметкерлері құпия ақпаратқа қолы жетпейтін өзге
қызметкерлердің, сондай-ақ Қоғамнан тыс үшінші тұлғалардың құпия
ақпаратты рұқсатсыз алуы мен жариялауына, ақпараттың жоғалуына немесе
жойылуына жол бермеуі тиіс.
5.1.5
Лауазымды тұлғалар мен қызметкерлер Қоғамның қауіпсіздік
және құпия ақпаратпен жұмыс тәртібіне қатысты Қоғамның ішкі
құжаттарында көрсетілген ережелер мен рәсімдерді сақтауы тиіс. Ақпарат
құпиялығын сақтау ережелерінің немесе жүйелер мен қондырғылар
қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы туралы мәлімет алған жағдайда
қызметкер бұл факт туралы жедел түрде басшыға хабарлауы қажет.
5.2
Мүдделер қақтығысы
5.2.1
Мүдделер қақтығысына жол бермеу Қоғамның, оның
қызметкерлері мен Акционерлерінің мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету
үшін маңызды шарт болып есептеледі. Қоғамның барлық қызметкерлері
мүдделер қақтығысынан еркін, ашық, уақытылы және оңтайлы шешімдер
қабылдануы үшін жауапкершілік алады.
5.2.2
Қоғамның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері мүдделер
қақтығысына жол бермеу мақсатында мыналарға:
-
мүдделер қақтығысына немесе қақтығыстың пайда болуына алып
келетін қандай да бір әрекеттер мен қатынастарға жол бермеуге;
-
отбасы мүшелері басқаратын немесе оларға тиесілі заңды тұлғаларға
артқшылықтар беруден бас тартуға;
-
Қоғаммен байланысты мәмілелер, келісімдер мен жобалардағы немесе
Қоғамның ішкі құжаттарында көрсетілген тәртіптегі өзге мәселелермен
9
«Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының Іскерлік этика кодексі
байланысты кез келген коммерциялық немесе басқа да мүдделердің алға
қойылуы (тікелей немесе жанама түрде) туралы жедел хабар беруге;
-
басқа ұйымдарда жұмыс жасау және/немесе лауазым атқару туралы,
тұрақты (негізгі) жұмыс (қызмет, кәсіпкерлік қызмет және т.б.) орнының
өзгеруі туралы уақытылы хабар беруге;
-
«Самұрық-Энерго» АҚ тобына кірмейтін сырт ұйымда жұмыс жасауға
немесе Директорлар кеңесі мүшелігіне келісім бермес бұрын Директорлар
кеңесі/Басқарма/Қоғамның Басқарма төрағасынан белгіленген тәртіп
бойынша құзыретіне сәйкес тиісті рұқсат алуға;
-
мүдделі мәселелер шешімі бойынша талқылауға, дауыс беруге
қатыспауға, бұл туралы уақытылы хабар беруге;
-
Қоғамның мүлкіне дұрыс қарауға, оны тиімді пайдалануға, Қоғамның
зияткерлік меншігін, құралдарын, байланысын (корпоративтік пошта мен
компьютерлік бағдарламаларды қоса алғанда) және басқа қорларды жеке
мақсат үшін пайдаланбауғаміндетті.
5.2.3
Іскерлік этика мәселелеріне қатысты ұсыныстар тиісті түрде
қаралмаса және/немесе талқылау нәтижесінде жауап/оң шешім табылмаса,
оны Омбудсменге жіберуге болады. Қоғам жұмыс орнындағы мұндай
жағдайды шешу кезінде тексерілген фактілер мен шынайы ақпараттарды
басшылыққа алады.
5.3
Сыбайлас жемқорлық пен басқа да құқыққа қайшы әрекеттер
5.3.1
Қоғам мүдделі тұлғалар тарапынан да, Қоғамның лауазымды
тұлғалары мен қызметкерлері тарапынан да негізсіз пайда көру мен
артықшылықтар алу немесе сақтап қалу мақсатындағы жемқорлық және
басқа да құқыққа қайшы әрекеттерге жол бермеуге бар күшін салады.
5.3.2
Қоғамда басшылық лауазымдарда жұмыс жасайтын лауазымды
тұлғаларға сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша тікелей міндет
жүктеледі. Қоғам қызметкерлері қандай да бір сыбайлас жемқорлық фактісі
бойынша құқық бұзушылық жасаса, бұл қызметкердің әрекеті үшін
жауапкершілікқызметкердің өзіне ғана емес, оның басшысына да жүктеледі.
5.3.3
Қоғам қызметкерлері өздеріне белгілі болған сыбайлас
жемқорлық фактілерін басшылықтың назарына жеткізуі тиіс.
5.3.4
Қоғамның еншілес және тәуелді ұйымдарындағы басшылық,
негізгі лауазымдарға тағайындаулар еншілес және тәуелді ұйымдардың
Жарғыларына, Қоғам Басқармасының шешімдеріне сәйкес белгіленген
тәртіпте, сондай-ақ Кадрлық даму жөніндегі комитет ұсыныстарын есепке
ала отырып, жүзеге асырылады.
5.3.5
Қоғам мүдделі тұлғалардан осы іскерлік этика нормалары мен
мінез-құлық ережелерінің сақталуын талап етеді.
5.3.6
Мыналарға:
-
өзінің қызметтік міндеттерін орындағаны үшін жеке тұлғалардан, өзіне
тиісті қызметтерді орындамайтын ұйымдардан ақша, қызмет көрсету және
басқа да түрдегі сыйақы алуға;
-
өз қызметін орындаумен байланысты жұмыс бойынша тәуелді
10
«Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының Іскерлік этика кодексі
адамдардан сыпайылық пен қонақжайлықтың жалпы қабылданған
нормаларына сәйкес немесе хаттамалық және өзге де ресми іс-шаралар
өткізу
кезінде нышандық сипаттағы көңіл білдіру белгілері, нышандық
кәдесыйлардан басқа сыйлықтар немесе қызмет көрсетуді қабылдауғатыйым
салынады;
Ақша, қызмет және басқа түрдегі жоғарыда көрсетілген сыйақылардың
кез келген түрін алу жемқорлық сипаттағы әрекет ретінде қаралады.
5.4
Корпоративтік мәдениет
5.4.1
Қоғамның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері Іскерлік
этика кодексінің талаптарын түсіне, әріптестерімен іскерлік этика
қағидаттары саласындағы білімдерімен бөлісе, іскерлік этика талаптарын
сақтай және тәртіп бұзушылықтың алдын ала отырып, Қоғамның
корпоративтік мәдениетін дамытуға үлес қосуы тиіс.
5.4.2
Қоғамның
лауазымды
тұлғалары
мен
қызметкерлері
корпоративтік сезім қалыптастырып, Кодекс талаптарының орындалуын
мынадай тәсілдер арқылы сақтауға міндетті:
-
қарамағындағылармен жеке кездесулер өткізу;
-
өз жүріс-тұрысын қызметкерлер үшін үлгі ретінде көрсету;
-
Кодекс талаптарын сақтау жұмыс орнындағы тиімділіктің міндетті
факторы екенін барлығының түсінуін қамтамасыз ету.
5.4.3
Қоғамның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері өз қызметтік
міндеттерін орындау кезінде киімдегі ресми стиль үлгісін сақтауы тиіс.
5.4.4
Қоғамның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері келісімдер
жүргізу кезінде сыпайы, мәдениетті сөйлеуге міндетті.
5.4.5
Қоғамның барлық қызметкерлері ойын-сауық/спорттық іс-
шараларға қатыса алады, қызметкерлер арасында корпоративтік сезімді
көтеру мақсатындағы осындай іс-шараларды өткізу жөнінде ұсыныстар
енгізе алады.
5.4.6
Қоғамның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері Қоғамның
құжат айналымы жөніндегі ережелерін сақтауға, барлық құжатты ретте
ұстауға міндетті. Қоғамның барлық қызметкері өз жұмыс орнын таза,
жинақы ұстауы тиіс.
5.5
Қауіпсіздік, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны сақтау
5.5.1
Қоғам қауіпсіздік, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны
сақтауережелерін осы саладағы заңнама талаптарына сәйкес ұстанады.
5.5.2
Қоғам өз қызметкерлері үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын
қамтамасыз етеді және өз қызметін осы саладағы заңнама талаптарына
сәйкес жүргізеді. Қоғамның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері
техника қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы стандарттарды
мүлтіксіз сақтауы тиіс.
5.5.3
Қоғам қоршаған ортаны қорғау қағидаттарын ұстанады және
өндірістің қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерін төмендетуге, энергия
11
«Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының Іскерлік этика кодексі
үнемдеуші технологияларды енгізуге өзге компанияларды ынталандырады.
Қоғам осы мақсатпен инвестициялық шешімдер қабылдау немесе
жеткізушілермен келісімшарттар жасасу кезінде аталған факторларды есепке
алуы мүмкін.
5.5.4
Қоғамның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері өз
әрекеттерін қоршаған ортаға әсер тұрғысынан бағалауы тиіс, мысалы,
энергияны үнемдеуге, қағаз тасымалдаушыларды пайдалануды азайтуы
қажет.
5.6
Қоғамдастықпен байланыс
5.6.1
Қоғам бұқаралық ақпарат құралдарымен және қоғамдастықпен
байланыс кезінде жоғары этикалық стандарттардың сақталуын қадағалайды.
Қоғам жалған ақпараттың таралуына, басшы қызметкерлердің көпшілік
алдында
сөйлеген
сөздерінде,
өзінің
жарнамалық-ақпараттық
материалдарында және қоғамдастықпен байланысты өзге де іс-шараларда
фактілерді жасыруға және/немесе бұрмалауға жол бермейді.
5.6.2
Көпшілік алдында сөйлеуге, Интернетті қоса алғанда, бұқаралық
ақпарат құралдарында Қоғамдағы оқиғаларды түсіндіруге немесе Қоғам
атынан қандай да бір хабар таратуға тек Қоғамның уәкілетті лауазымды
тұлғалары мен қызметкерлері ғана құқылы.
5.6.3
Қоғам атынан сөйлеген кезде қызметкерлер кәсіби мінез-
құлықтың жалпы қабылданған нормаларын сақтауға, тек шынайы ақпаратты
ғана таратуға, құпия ақпараттың жариялануына жол бермеуге міндетті.
5.6.4
Қоғамның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері қызмет
мәселелері мен жалпы Қоғам қызметі туралы өз пікірлерін, егер ол:
-
Қоғам қызметінің негізгі бағыттарына сәйкес келмесе;
-
қызметтік ақпаратты ашатын болса;
-
Қоғамның лауазымды тұлғаларына қатысты этикадан тыс мазмұнда
болсажария түрде мәлімдеуіне болмайды.
5.7
Бақылау шаралары
5.7.1
Қоғамның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері Кодекс
талаптарын қатаң ұстануы және Кодекс талаптарын қандай да бір
бұзушылықтар туралы хабарлауға міндетті. Лауазымды тұлғалар мен
қызметкерлер құқықтарының бұзылуына әкелетін кез келген жағдай
Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары мен Қоғамның ішкі
құжаттарына сәйкес қаралуы тиіс.
5.7.2
Қоғамның лауазымды тұлғалары Қоғамның стратегиялық
мақсаттарына қол жеткізу үшін іскерлік этиканың негізгі құндылықтары мен
қағидаттарын есепке ала отырып, іскерлік шешімдер қабылдайды және
алдарына қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін толық жауапкершілік
алады.
5.7.3
Қоғамның Омбудсмені іскерлік этика талаптарының бұзылуымен
байланысты мәселелер бойынша құзыретіне сәйкес мына тәсілдер арқылы
шара қабылдауы тиіс:
12
«Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының Іскерлік этика кодексі
-
жағдайды түзету мен кемшіліктерді жою бойынша уақытылы
шараларды жүргізу;
-
заңнамаға сәйкес бекітілген тәртіптік сипаттағы шараларды жүзеге
асыру/ұсыну;
-
қажетті мәліметтерді ұсына отырып, қоғамның тиісті құрылымдық
бөлімшелерімен/органдарымен кеңестер жүргізу.
Осы әрекеттер Қоғамның ішкі ережелеріне сәйкес рәсімделуі тиіс.
5.7.4
Қоғам Кодексті ашық талқылағысы келетін қызметкерлерді
тыңдауға дайын және Кодексті жетілдіру жөніндегі кез келген оң
ұсыныстарға ашық.
5.7.5
Қоғамның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері, іскерлік
серіктестер мен мүдделі тұлғалар Кодекс талаптарын түсіндіру және/немесе
туындаған этикалық сұрақтар, Кодекс талаптарының бұзылу фактілері,
жемқорлық және өзге де құқыққа қайшы мәселелер бойынша мына
адамдармен сөйлесе алады:
-
тікелей басшымен;
-
омбудсменмен,
-
Ішкі аудит қызметімен,
-
Корпоративтік хатшы қызметімен (іскерлік этика қағидаттарының
бұзылу фактілерін Қоғамның Директорлар кеңесі қарайды).
5.8
Қоғам корпоративтік мәдениет жағдайы және Қоғам
қызметкерлерінің іскерлік этика дәрежесі тақырыбында мониторинг
жүргізеді, зерттеулер/сауалнамалар өткізеді.
6 ОМБУДСМЕНИНСТИТУТЫ
6.1
Омбудсмен Директорлар кеңесінің шешімімен қызметке
тағайындалады және қызметінен босатылады. Омбудсмен өкілеттігінің
мерзімі – тағайындалған күннен бастап 1 (бір) жыл.
6.2
Омбудсменнің басты қызметі Кодекс ережелерінің, Қазақстан
Республикасының заңнамасы мен Қоғамның өзге де ішкі нормативтік
құжаттары нормаларының сақталмауы және/немесе бұзылуы туралы мәлімет
жинау,Қоғам қызметкерлеріне, Қоғамның лауазымды тұлғаларына
Кодекстің ережелері жөнінде кеңестер беру, Кодекс ережелерінің бұзылуы
бойынша дауларды қарау жөнінде мәселе көтеру және оған қатысу.
6.3
Омбудсмен мыналарға:
-
келіп түскен хаттар мен хабарламалар негізінде де, өз бастамасы
негізінде де іскерлік этика нормаларының, Қазақстан Республикасы
заңнамасының және Қоғамның өзге де ішкі нормативтік құжаттарының
бұзылуын анықтау бойынша рәсімдер жүргізу мәселесін көтеруге;
-
Кодекстің, Қазақстан Республикасы заңнамасының және Қоғамның
өзге де ішкі нормативтік құжаттарының сақталмау мәселесі бойынша
қызметкердің, лауазымды тұлғаның тікелей өзіне айтуға;
-
қызметкерлер
мен
лауазымды
тұлғаларға
Кодекс
13
«Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының Іскерлік этика кодексі
ержелерінтүсіндіругеқұқылы.
6.4
Омбудсмен мыналарға:
-
Кодекстің, Қазақстан Республикасы заңнамасының және Қоғамның
өзге де ішкі нормативтік құжаттарының бұзылу мәселесі бойынша дауларды
қарау рәсімдерін өткізу кезеңінде осындай істердің қаралу себебінен Қоғам
қызметкерлерін күштеп жұмыстан шығару жағдайларының болмауы үшін
оларды қорғауды қамтамасыз етуге (еңбек заңнамасымен бекітілген рәсімдер
аясында);
-
Кодекс ережелерін, Қазақстан Республикасы заңнамасының
нормаларын және Қоғамның өзге де ішкі нормативтік құжаттарының
сақталмауына қатысты мәселелерді қарауға қатысуға;
-
Қоғам қызметкерлерінің, Қоғамның лауазымды тұлғаларының, сондай-
ақ мүдделі тұлғалардың Кодекс ережелерінің, Қазақстан Республикасы
заңнамасы нормаларының және Қоғамның өзге де ішкі нормативтік
құжаттарының сақталмауы немесе бұзылуы мәселелеріне қатысты хат-
хабарларының есебін жүргізуге;
-
Қоғам қызметкерлері өтініш білдірген жағдайда 5 (бес) жұмыс күні
ішінде Кодекс ережелері бойынша түсініктемелер беруге;
-
Кодекс
ережелерінің,
Қазақстан
Республикасы
заңнамасы
нормаларының
және
Қоғамның
өзге
де
ішкі
нормативтік
құжаттарыныңсақталмауы немесе бұзылуы мәселелері бойынша дауларды
қарау кезінде тәуелсіздік пен бейтараптықты сақтауға;
-
Кодекс
ережелерінің,
Қазақстан
Республикасы
заңнамасы
нормаларының және Қоғамның өзге де ішкі нормативтік құжаттарының
бұзылу фактілері бойынша хабар берген Қоғам қызметкерін, лауазымды
тұлғаны жария етпеугеміндетті.
7
ҚОРЫТЫНДЫ
7.1
Осы Кодекс нормаларын сақтау Қоғамның барлық лауазымды
тұлғалары мен қызметкерлері үшін міндетті болып табылады.Осы Кодекс
нормаларын бұзу бекітілген тәртіпте жауапкершілікке әкеледі.
7.2
Мүдделі тұлғалар Директорлар кеңесіне Корпоративтік хатшы
арқылы Басқарма мүшелерінің заңсыз және этикадан тыс әрекеттері туралы
хабарлауға құқылы және мұндай хабар берген жағдайда олардың құқықтары
шектелмеуі тиіс.
7.3
Қоғамның Директорлар кеңесі осы Кодекс ережелерін жетілдіру
мақсатында екіжылда бір рет Кодекс ережелерін қайта қарайды, жетілдіреді,
тәжірибе жүзінде іске асырылуын талдайды, сондай-ақ қажет болған
жағдайда өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізеді.
14
«Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының Іскерлік этика кодексі
1-
қосымша
«Самұрық-Энерго» АҚ Іскерлік этика кодексі бекіткен іскерлік этика
қағидаттары мен жүріс-тұрыс ережелерімен мұқият танысқаныңызды,
түсінгеніңізді және адал орындайтыныңызды растау үшін осы форманы
пайдаланыңыз. .
Қоғамдағы еңбек және/немесе лауазымдық міндеттерін атқару кезеңі
ішінде толтырылған және қол қойылған, сондай-ақ жыл сайын бірінші
айдың 15-күніне қарай ұсынылатын растау формасы Қоғамның әрбір
қызметкерінің жеке ісінде сақталады.
РАСТАУ
Тиісті бөлікке белгі қойыңыз
□
Қоғамның Іскерлік этика кодексімен танысқанымды және
түсінгенімді растаймын.
□
Қоғамның Іскерлік этика кодексіндебекітілген іскерлік этика
қағидаттары мен жүріс-тұрыс ережелерін ұстануға міндеттенемін.
□
Қоғамдағы еңбек және/немесе лауазымдық міндеттерімді атқару
кезеңі ішінде жылына бір рет Қоғамның Іскерлік этика кодексінде
бекітілген іскерлік этика қағидаттары мен жүріс-тұрыс ережелерімен
танысқанымды, түсінгенімді және ұстануға міндеттенетінімді растауға
келісемін.
Мына жерге қол қойыңыз
ТАЖ
Қолы
Күні
15
«Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының Іскерлік этика кодексі
2-
қосымша
ЖАДЫНАМА
Іскерлік этика мәселелері бойынша күмән туған жағдайда не істеу
керек?
1
Қоғамның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері Кодекс
ережелерін, сонымен қатар Қоғамның өзге де ішкі құжаттарын қабылдап,
оны үнемі ұстануы тиіс. Кодексті ұстанбайтындар өзін де, өз әріптестерін де,
Қоғамды да тәуекелге тігеді. Жасалатын әрекеттердің этикалық жағы туралы
үнемі есте ұстау қажет.
2
Өз әрекеттерінің дұрыстығы туралы сенімсіз болған жағдайда әркім
басқалардан ақыл/кеңес/ұсыныс сұрай алады, алдымен өзіңізге бірнеше
қарапайым сұрақ қойыңыз:
-
Сіздің мазалануыңызды тудырған әрекет заңды ма?
-
Ол Кодекске сәйкес пе? Қоғамның құндылықтарына сәйкес пе?
-
Ол Қоғамды қандай да бір тәуекелге тіге ме?
-
Этикалық қақтығысқа әкелмейтін басқа жол бар ма?
-
Бұл әрекеттер туралы басқалар біліп қойса, ыңғайсыз болмай ма?
-
Бұл дұрыс па?
3
Қандай да бір сыйлық алуға немесе іс-шараға жол беруге болатынын
немесе болмайтынын анықтамас бұрын әркім өзіне мына сұрақтарды қоюы
тиіс:
-
Сыйлаушының ниеті: «сыйлық немесе іс-шараның мақсаты қандай:
тек қарапайым көңіл білдіру ме немесе іскерлік шешімнің шынайылығына
әсер ету ме?»;
-
Құны және жиілігі: «осы сыйлық немесе іс-шара жай ғана және сирек
ұсыныла ма немесе олар қандай да бір міндеттерді жүктейді ме?»;
-
Заңдылығы: «сыйлық немесе іс-шара Қазақстан Рспубликасы
заңнамасы мен Кодексіне қайшы емес екеніне сенімдісіз бе?»;
-
Ашықтық: «бұл туралы басшылық немесе Қоғамнан тыс адамдар біліп
қойса, ұят болмай ма?».
Әр адам сыбайлас жемқорлық үшін жағдай жасайтын құқық
бұзушылықтар, сонымен қатар басымдықтар және артықшылықтар алумен
байланысты құқық бұзушылықтар үшін Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылатынын түсінуі тиіс.
4
Нақты адамның немесе жалпы Қоғамның этикалық ережесіне әсер
ететін шешім қабылдау кезінде мынадай әрекеттерді орындау ұсынылады:
-
Іске кірісу алдында ойланып, өзіне жоғарыдағы сұрақтарды қою.
-
Қоғамның жалпыға қолжетімді құжаттарының және Қазақстан
Республикасы заңнамасының тиісті нормаларымен танысу.
-
Мәселенің шешілу жолдары мен оның салдарын қарастыру.
-
Бұл кімге әсер ететін ойлану.
-
Өз жауапкершілігінің деңгейін анықтау.
-
Іске қатысты барлық фактілермен, құжаттармен, ақпараттармен
танысу.
-
Тәуекелдер мен оны азайту жолдарын бағалау.
-
Ең дұрыс шешім табу.
-
Өзгелермен кеңесу.
-
Кодексте және Қоғамның өзге де ішкі құжаттарында көрсетілген
барлық ережелердің есепке алынғанына көз жеткізу.
-
Шешімді мүдделі тараптардың назарына жеткізу.
-
Алынған тәжірибені талдау және басқалармен бөлісу.
16
«Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының Іскерлік этика кодексі
17
Document Outline - МАЗМҰНЫ
- КОДЕКСМИССИЯСЫ
- БІЗДІҢ ҰСТАНЫМЫМЫЗ
- 4ҚОҒАМНЫҢ ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАДАРЫ МЕН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ МІНДЕТТЕРІ
- омбудсменмен,
- 6 ОМБУДСМЕНИНСТИТУТЫ
- 7 ҚОРЫТЫНДЫ
Достарыңызбен бөлісу: |