2017 жыл - Қазақстанның экономикалық өсуінің жаңа үлгісін жасап, біздің жаһандық бәсекеге қабілеттілігімізді қамтамасыз ететін Үшінші жаңғыруды іске асыру қолға алынған жаңа дәуірдің басы болды Бұрынғы инновациялар бүгін дәстүрге айналды, бүгінгі инновациялар ертең дәстүрге айналады. Мұндай ұстаным халқымыздың өткенін, қазіргі күні мен болашағын жалғауға, ұлттық сананың әралуан полюстерін жақындатуға мүмкіндік береді. Әрбір азамат жаңғырудың бірқатар негізгі бағыттарын білуі тиіс. Сондай бағыттардың бірі - сананың ашықтығы, аума-төкпе заманда қоғамның және әрбір адамның өзгеріске дайын болуы.
Біріншіден, әлемдік үдерістерді түсіну. Ол дүйім дүниеде, Жер шарының өзіңе қатысты аумағында және өз еліңнің айналасында не болып жатқанын түсінуге мүмкіндік береді.
Екіншіден, өзгерістерге дайын болу. Ол жаңа технологияның ағыны алып келетін өзгерістердің бәріне дайын болу деген сөз. Таяуда біздің өмір салтымыз: жұмыс, тұрмыс, демалыс, баспана, адами қатынас тәсілдері, қысқасы, барлығы түбегейлі өзгереді. Біз бұған да дайын болуымыз керек.
Үшіншіден, бұл – алдыңғы қатарлы елдердің тәжірибесінен үйренуге қабілеттілік. Ол дегеніміз - өзгелердің тәжірибесін алып, ең озық жетістіктерін бойға сіңіру мүмкіндігі. Азиядағы екі ұлы держава – Жапония мен Қытайдың бүгінгі келбеті – осы мүмкіндіктерді тиімді пайдаланудың нағыз үлгісі.
Бақылау сұрақтары
Сана және бейсана: философиялық концепцияларды оқып танысу.
Тіл мен ойлаудың арақатынасын бағалау.
Сана дегеніміз не?
Рух дегеніміз не?
ХХІ ғасырдағы ұлттық сананың өзгеруі жайында не білесіз?
Қазақстандық тұлға санасының ашықтығы дегеніміз не?