Сандарды цифр деп аталатын арнайы символдардың көмегімен бейнелеу қабылданған. Сандарды цифр деп аталатын арнайы символдардың көмегімен бейнелеу қабылданған. Сандарды атау және жазу ережелері мен әдістерінің жинағын- санау жүйесі деп атайды. Санау жүйесі екі ірі топқа бөлінеді: позициялық және позициялық емес
Позициялық санау жүйесінде цифрдың мәні оның тұрған орнына (позициясына) тәуелді болады. Мысалы: 738
7 – жүздікті
3 – ондықты
8 – бірлікті
білдіреді.
Позициялық емес санау жүйесінде санның әрбір цифрының мәні оның алатын орнына байланысты емес. Мұндай санау жүйесінің мысалы ретінде римдік жүйені алуға болады. Мысалы: ХХХ саны
Х (10) саны кез келген позицияда онды білдіреді.
Позицицялық санау жүйесінде араб цифрлары қолданылады.
Олар:
0,1,2,3,4,5,6,7,8,9, ... n
Позициялық емес санау жүйесінде рим цифрлары қолданылады. Олар :
І - 1
ІІ - 2
ІІІ - 3
IV - 4
V - 5
VI - 6
VII - 7
VIII - 8
IX - 9
Х - 10
Достарыңызбен бөлісу: |