Санау жүйесі



бет3/5
Дата06.01.2022
өлшемі32,63 Kb.
#15327
1   2   3   4   5
Байланысты:
Санау жүйесі және сж түрлері

Екілік санау жүйесі

Алфавиті: 0, 1. (S=2).
Компьютерлік технологияда екілік санау жүйесі жиі қолданылады. Ол есептеу техникасының тілі болып табылады. Мұндай жүйені электроникада (жартылай өткізгіш транзисторлар мен микросұлбалар) жүзеге асыру өте оңай, себебі ол үшін бар жоғы екі орнықты жағдай талап етіледі (0 және 1).
5

Егер бұл ондық санау жүйесі болса, онда он жағдайдан тұратын құрылғыны құру қажет болар еді. Бұл өте күрделі және екілік санау жүйесіне ерекше көңіл бөлінуінің бірден-бір себебі болып табылады.


Екілік санау жүйесінде 0 және 1 цифрлары пайдаланылады. Нақты құрылғыда бұл қандай да бір физикалық құбылыстың бар болуын немесе оның жоқ болуын сипаттайды. Мысалы, электр заряды бар немесе жоқ, кернеу бар немесе жоқ және т.б.
Екі саны екілік санау жүйесінің негізі болып табылады. Екілік санау жүйесіндегі амалдар ондық санау жүйесінде орындалатын амалдарға ұқсас, айырмашылығы бұл жерде тек қана екі – 0 және 1 цифрлары қолданылады. Разряд шегіне жеткен кезде, жаңа разряд пайда болады да алдыңғысы нөлге айналады.
Тек қана 0 және 1 цифрларынан тұратын екілік саннан ондық санды ажырату үшін екілік санды жазуда екілік (кез келген) санау жүйесінің индексіне белгі (санау жүйесінің негізі) қосылады, мысалы, 110101,1112. Екілік санның әрбір разрядын (цифрын) бит деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет