3. Тәжірибе бөлім 3.1. Анкета алу
Бұл ғылыми жұмыста 5-сыныптар арасында ауызша есептеу тәсілдерін қолдану тақырыбына зерттеу жүргізілді. Төмендегі сұрақтар басшылыққа алынды:
Не үшін тез есептеуді білу керек?
Қандай пәндерді оқуда саған тез және дұрыс есептеу қажет болады?
Тез есептеу тәсілдерімен таныспа?
Есептеуде тез ауызша есептеу тәсілдерін пайдаланасызба?
Ауызша есептеу тәсілдерін білгіңіз келеме?
3.2. Нәтижені қорыту
Мен 50 анкетаның нәтижесін шығардым. Жүргізілген анкета нәтижесінде тез ауызша есептеу өмірде қажет деп көрсетілген. Сонымен көп оқушылар ауызша тез есептеу жоғарға сыныптарда математакадан қажет деп көрсеткен.
Көп оқушылар ауызша тез есептеудің кейбір тәсілдерін біледі және оданда көп басқа тәсілдерін білгісі келетінін көрсеткен.
Қорытынды Мен есептердің бір неше ауызша тез есептеу тәсілдерін қарастырдым. Бұл тәсілдер ғалымдар және қарапайым адамдардың көп жылдық сандарға болған қызығушылығын көрсетеді. Мен ауызша есептеу тәсілдерін спорт пен шуғылдану кезеңіне ұқсаттым. Ауызша тез есептеуде спорт сияқты әр уақытта дайындықты талап етеді.
Ауызша есептеу ойлау қабілетін артырады, есте сақтау қабілетін жақсартады.
Аызша есептеу-негізгіні анықтау, мәселені бөлшектеп шешу, шешімін табу тәсілдеріне үйретеді.
Жадынама үшін мен математика сабағында біз қолданбаған тәсілдерді таңдап алдым. Бұл тәсілдерді қолдану арқылы өмірде және сабақта тез есептеуді дамыту, математикаға қызығушылығын арттыру, басқада пәндерден жетістікке жетуге болады.
Есептеуді орындау барысы өте қызық өтті.
Сонымен жұмысымда, есептеудің әдетте қолдана бермейтін бірнеше қызықты жеңіл тәсілдердің ережелерін келтірдім. Бұл сандарды қосу, азайту, көбейту және бөлудің ережелерін оқушылар есеп шығаруда қолдана алады.
Есептеудің қызықты да , жеңіл тәсілдерін қолдана алу ойша ақылмен күрделі есептеуде көмегін тигізеді.
Зерттеу барысында жүргізілетін жұмыстар қарапайымнан басталып, біртіндеп қиындап, танымдық қызметін белсендіруге назар аударылады. Зерттеу жұмыстарын жүргізу барысы менің зор ынтамды тудырды, білгенімді тереңдетіп, жаңа іс-қимылға жетеледі.
Іс жүзінде осы тәсілді игерген, қисынды ойлауы мықты дамыған әрбір оқушы есептеу кестесі мен калькулятордың көмегінсіз-ақ кез-келген санның квадратын еш қиналмай табатыны сөзсіз.
Жеңіл есептеудің әртүрлі әдістеріне мүмкіндігінше тоқталдым.
Менің қарастырған әдістерім кез келген адамның көпжылдық сандармен жіргізілетін ойындарға қызығушылығын көрсетеді.
Бұл әдістер мен ережелерді қайсысын қолданса да математикаға қызығушылық артары сөзсіз, әрі есептеу жылдамдығын арттыру мүмкіндігі туады. Осы жобада келтірілген есептеу әдіс-тәсілдері, ережелері арифметикалық амалдарды орындауда сіздерге тез, жеңіл, оңай көмектесетініне сенемін. Сондықтан да бүгінгі осы жобамда келтірген тез есептеу әдістері адам өміріне қажетті және маңызды деп санаймын.
Қолданған әдебиеттер және интернет ресурстар 1. «1001 задача для умственного счета в школе С.А. Рачинского» изд. «Белый город» 2014.
Ссылки на интернет-ресурсы:
https://ru.wikipedia.org
http://zadacha.uanet.biz/uploads
http://volna.org/algebra/priiemy_bystrogho_schieta.