Сандық есептер №2. Тақырыбы: Теориялық мүмкіндікпен салыстыра отырып, реакция өніміндегі шығымның массалық үлесін есептеу



Дата07.01.2022
өлшемі15,7 Kb.
#17235
Байланысты:
Сандық есептер2


Сандық есептер №2.

Тақырыбы: Теориялық мүмкіндікпен салыстыра отырып, реакция өніміндегі шығымның массалық үлесін есептеу.
Реакция теңдеуі бойынша теория жүзінде алынуға тиісті өнім массасының іс жүзінде (практикалық) шығатын өнімнің массасына қатынасын өнімнің массалық үлесі (η) эта әрпімен белгілейді:

η=mпр./mтеор.*100% (масса бойынша) (1)

немесе

η =Vпр./Vтеор.*100% (көлем бойынша) (2)

формулалары арқылы есептеледі.


1-мысал. Массасы 1г сутек газын хлормен синтездеу арқылы 32г хлорсутек газы алынды. Теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы өнімнің массалық үлесін (%) анықтаңдар.

Шешуі:


1. Алдымен реакция теңдеуін жазып, теңестіреді, есептің шартында берілген сан мәндерін жазады да, теңдеудегі қажетті заттың астын сызып, ν, M, m белгілейді:

х г теориялық

1г 32 г іс жүзінде

Н2 + Сl2= 2 HCl

ν 1 моль 2 моль

M 2 г/моль 36,5 г/моль

m 2 г 73 г

2. Пропорция құрып, оны шешеміз:

1г/2г=хг/73г, х=36,5 г HCl-тің теориялық шығымы.

3. Енді (2) формула бойынша заттың практикалық шығымы (HCl) 87,67% немесе 0,8767 массалық үлеске сәйкес.


2-мысал. Теория жүзіндегімен салыстырғандағы шығымы 25,12 % болса, массасы 3,8 г аммиак алу үшін азот пен сутектің қанша көлемі (қ.ж.) әрекеттесетінің есептеңдер.

Шешуі:


1. Тік формуланы (1) пайдаланып, аммиактың теориялық шығымы бойынша массасын табамыз.

Егер: 3,8 г NH3 ______25,12% болса,

х г NH3 ______100% болады.

х=3,8г * 100% / 25,12% = 15,13%

2. Реакция теңдеуін жазып теңестіріп, сан мәндерін қоямыз:

х л 15,13 г

N2 + 3H2=2NH3

ν 1 моль 2 моль

Vм 22,4 л/моль 17г/моль

V 22,4 л 34 г

3. Пропорция құрып, азоттың көлемін табамыз:

х/22,4=15,13/34; х= 9,96 л =10 л



Жауабы: V(N2)=10 л

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет