Сандық зерттеудің түрлері 1. Жеке сұрау
2. Көшедегі сұхбат
3. Сатып алу орындарындағы сұхбат
4. Пәтердегі сұхбат (кең тараған әдіс, іріктеу жиынтығының бас жиынтыққа сәйкестігін максималды түрде қамтамасыз етеді).
5. Өнімді тестілеу
6. Тауарды тексеру
Сапалық зерттеулер Сапалық зерттеулер -алғашқы ақпарат көздерінен алынған деректерді жинау мен талдауды қамтиды.
Сaпaлық әлеуметтaнулық зерттеудің мaқсaты aрнaйы техникaның көмегімен терең aқпaрaт aлу. Бұл – микроәлеумет тaнулық зерттеу. Сaпaлық зерттеу aдaмдaрдың ойлaры, мінезқұлық мотивтері турaлық aқпaрaт aлуғa мүмкіндік береді. Сапалық зерттеулердің кең тараған әдістеріне фокус-топ және тереңдетілген сұхбат жатады. Олар адамдардың мінез-құлқының сандық емес сапалық ерекшеліктерін анықтауға бағытталған. Сапалық зерттеулер ең алдымен зерттеліп жатқан мәселеге қатысты орын алатын түрлі пікірлерді жинауға мүмкіндік береді. Cандық әдістерден өзгешелігі зерттеудің сапалық әдістері стандартты емес сипатқа ие. Негізінен, зерттеудің сапалық әдістері барлаушылық, іздеу сипатында болады және клиентті толғандыратын проблемаларға бағдарлану және оны түсінуді тереңдету кезеңінде қолданылады.
Сапалық зерттеулердің өзгешелікті белгісі – олар тұтынушылардың мінезқұлығы мен уәждемесін респонденттердің сезінген, ауызша жауаптары деңгейінде ғана емес, сонымен бірге тұтынушылық мінез-құлықтың сезінбейтін компоненттерін зерттеу арқылы талдауға да мүмкіндік береді. Бұл үшін арнайы техникалар мен кескіндік әдістемелер пайдаланылады. Сапалық зерттеулер сандық өлшеулерді жүзеге асыруы немесе қандай да бір сұрақтарды нақтылау, өзгерістер динамикасын қадағалауы үшін дербес жүргізілуі мүмкін. Жекелеген жағдайларда сапалық зерттеулер, сандық пікір сұрау барысында алынған деректерді түсіну үшін қажет.
Зерттеулердің сапалық әдістеріне мыналар жатады: 1. Бақылау
2. Фокус-топ
3. Терең сұхбат
4. Хаттамаларды талдау
5. Проекциялық әдістер
6. Ассоциативті әдістер
7. Ұсынысты аяқтау
8. Кескіндемелерді тестілеу
9. Рөлдерді ойнау
10. Ретроспективті әңгімелесулер
11. Шығармашылыққа екпін жасаған әңгімелесулер
12. Физиологиялық өлшеу