Sandu Times.org - Сандуғаш Серікқалидың жеке порталы - Білім
Білім және ғылым министрі Ж.Қ. Түймебаевтың назарына!
Журналистік сараптама
«Үлкен ойын» электронды оқу құралы бізге өте қажет”
дейді ұстаздар мен оқушылар
Журналистік сараптама жүргізген: Сандуғаш Серікқали
Білім саласында мұғалімдермен, оқушылармен санаспай реформаны жоғарыдан жүргізу
қалыптасқан жайт. «Билік бұйырады, халық орындауы тиіс» деген догманың асығы
алшасынан түсіп тұр. Бүгін мен осы бір шаблонды сындыруға тырыстым. Рамазан
Жәшиевтің «Үлкен ойын» деген электронды оқу бағдарламасы бар. ҚР Білім және ғылым
министрлігі ТМД мемлекеттерінің ешбірінде жоқ, жаңа тұрпатты, заман талабына сай
жасалған оқу бағдарламасына үрке қарап, менсінбей отыр. Білім және ғылым министрлігі
жаңа идеядан, жаңашылдықтан, технология ғасырында жаңа технологиядан қорқатын
болса, басқаларға не жорық. Мен жоғарыдан билік айтқан шенеуніктердің емес, осы
электронды оқу құралын көзбен көріп, қолмен ұстап, қажетіне жаратқан оқушылар мен
ұстаздар қауымының пікірін тыңдап, ой түйгім келді. «Шынымен де осы бағдарлама жас
ұрпаққа білім мен тәрбие бере ала ма» деген сауалға жауапты оқушы мен ұстаздан алуға
тырыстым. Білім оқушыға, өсіп келе жатқан жеткіншекке керек. Сондықтан
жеткіншектермен санаспай жаңа идеяны мектептің оқу бағдарламасына енгізу әбестік
болар еді. Осыған орай үш жылдан астам уақыт бойы электронды оқу құралын
пайдаланып дәріс беріліп келе жатқан Иштван Қоңыр Мандоки атындағы №154
мектептің директоры Мәсәлім Ернар Шәуенұлымен сұхбаттасып, бірнеше сауалымызды
қойға едік.
Ернар Шәуенұлы, «Үлкен ойын» электронды оқу құралын мектеп бағдарламасына
қалай енгізген дұрыс? Факультатив сабақ ретінде ме әлде көмекші құрал ретінде
ме?
- Электронды оқу бағдарламасы мектептерге қажет, сондықтан да оны факультатив
сабағы ретінде өткізуге ыңғайлау керек. Әрбір пәннен сабақ кезінде көмекші құрал
ретінде пайдаланса да болады. Мәселен, бастауыш сынып үшін таптырмайтын көмекші
құрал. Біз электронды оқу құралын үйірме ретінде жүргізіп отырмыз. Қазақ деген өзі бір
1 / 7
Sandu Times.org - Сандуғаш Серікқалидың жеке порталы - Білім
қызық халық қой. Балаларға арналған ұлттық компьютерлік ойындар бізде жоқ. Ал
Рамазан Жәшиевтің «Үлкен ойыны» тұңғыш қазақтың интерактивтік компьютерлік көп
салалы ойыны. Әрбір мектепте бұл ойынның бағдарламасын компьютерге орнатып
қойса, бала қолы қалт еткенде сол ойынды ойнайды. Ой-өрісін кеңейтеді. Биылғы оқу
жылына қаржылық сауаттылық пәні енгізіліп жатыр. Сол сабақ «Үлкен ойынның» ішінде
бар. Оны көп салалы дейтін себем, ол өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйретуде таптармас
өте құнды оқулық. Қазақ тілін сөз, аударма арқылы емес, бейнелер арқылы үйренуге
болады. Бұл бағдарламаны Рамазан ағамыз Түркияда тұратын қазақ бауырларымызға
ана тілін үйрету үшін жасаған болатын. Өз өзін ақтап, тиімді оқу құралы екендігіне көз
жеткен соң Рамазан Жәшиев оны тереңдетіп, дамытып, қайта жасап, Қазақстанның
мектептеріне ұсынып отыр. Ол кісі ұлт қамын ойлағаннан кейін осындай қадамға барып
отыр. Ал негізінен ұлт қамын мемлекет пен үкімет ойлауы қажет. Осы небір өзін
ақтамайтын жобаларға қаржы бөлініп жатыр. Ал қажет те жаңа идеяларға келгенде
тосырқап, қолдамайды. №159 көп салалы гимназияның мектеп директоры
алғашқылардың бірі болып Қазақстанның Еңбек ері атағын алған Аягүл Төреқызы
Миразова да осы бағдарламаны мектебіне енгізді. Электронды оқу құралының «Алақай»
деген бөлімін мектепке дейінгі дайындық сыныбының бағдарламасына міндетті түрде
енгізу қажет. Баланың ойын ұштап, тілін қалыптастырады. Бастауыш сыныптарға да
міндетті түрде енгізген жөн. Ал жоғарғы сыныптарға келсек, 5-ші сыныптан кейін-ақ
факультатив, үйірме сабақтары ретінде бірте-бірте жүргізу қажет. Қоғамымыздағы
үлкен мәселе — қазақ тілінің дамуына мемлекет мұқтаж ғой, ендеше электронды оқу
құралы тілді дамытудың бір құралы болып табылады. Бізде орыстың балаларынан
құралған «Ақбұлақтың аққұлақтары» деген қазақтілді көңілді тапқыштар клубы бар. Сол
клубтың белді мүшесі Феранскийдің қазақ тіліне қызығушылығы «Үлкен ойыннан»
басталды. Аралас мектеп болған соң бізде қазақ сыныптарында орыстың балалары
оқиды. Соларға мемлекеттік тілді игеруге көп көмегі тиді. Электронды оқу құралының
балаларды тәрбиелеуде қосатын үлесі де орасан зор. Оны тәрбие сағатында да, ашық
сабақтарда да емін-еркін қолданғануға болады.
Осы бағдарламаны мектеп бағдарламасына қалай енгізуге болады? — Бұған үкімет
арнайы қаржы бөлсе, бюджетке оны енгізсе, сосын мемлекеттік сатып алу тәсілімен
әрбір мектепке берсе болады. Әр мектептің қаржылау жоспарына егізсе, біз оны аламыз.
Бізге министрлік интерактивті тақталарды сатып алып беруде. Мультимедиа
кабинеттерін жабдықтап жатырмыз. Мектепке компьютерлерді берген кезде «Үлкен
ойын» бағдарламасы солардың ішіне орнатылып келсе жақсы болар еді. Мәселен,
министрлік мұндай бағдарламаны жасау үшін мамандардан топ құруы қажет, оған мол
қаржы құюы керек. Ал мынау дайын дүние ғой.
Мектептердің оқу материалдық базасы электрондық оқу бағдарламасын енгізуге
2 / 7
Sandu Times.org - Сандуғаш Серікқалидың жеке порталы - Білім
мүмкіндік бере ала ма? Өзіңіз білесіз ол үшін компьютер, интерактивті тақта және
прожектор қажет.
—Интерактивті тақтаның ішіне сол бағдарламаны орнатса. Қазір интерактивті тақта
информатика және мультимедиа кабинетінде бар. Химия, физика, математика пәндеріне
арналған үш интерактивті тақтаны алдық, ал төртіншісін өз қажеттеріңе жаратыңдар деп
беріп отыр. Соның ішіне «Үлкен ойынды» енгізіп, бастауыш сыныпқа қойып қойсақ,
Қандай тамаша, мектеп табалдырығын енді ғана аттаған бүлдіршіннің оқуға деген
ынтасын оятар едік!
Электронды оқу құралын жаппай барлық мектепке енгізуде мынадай мәселе
туындайды. Барлық мұғалімдердің компьютерлік сауаты жоқ, әсіресе, ауыл
мұғалімдерінің жағдайы көңіл көншітпейді. Бұл мәселені қалай шешуге болады деп
ойлайсыз?
— Мұғалімдерінің компьютерлік сауатын ашуға қатысты екі жылдық арнайы бағдарлама
мектебімізде жұмыс жасады. Ұстаздар жап-жақсы меңгеріп алды. Бірақ, күнделікті
компьютермен жұмыс істемегеннен кейін ұмытып қалады. Әрбір үйде электронды сол
құрал тұрғанда ғана нағыз сауаттылық болады. Мәшінені бір айдап үренген соң,
жүргізбей қойсаң, ұмытып қаласың ғой. Сондай болмау керек. Дегенмен де
қаладағылардың барлығының үйінде бір-бір компьютерден бар деп ойлаймын. Баласы
бар үйде компьютер бар. Ал енді әлеуметтік тұрмысы төмен отбасыларында және
пәтерден-пәтерге көшіп жүргендерде жоқ болуы әбден мүмкін. Алайда, ХХІ ғасырда
компьютерлік сауатсыздық туралы айту нонсенс деп ойлаймын. Біздің мектепте
мұғалімдердің 80 пайызы электронды құралды біледі деп нық сеніммен айта аламын.
Ернар Шәуенұлы, сіз тарих пәнінің мұғалімісіз, электронды оқу құралы сіздің
іс-тәжірибеңізде қандай көмегін тигізді?
— Сіз айтқан оқу құралы тарихи сананы тәрбиелейді. Тарих деген оқиғалар, даталар,
соғыстар, тұлғалар деп қараймыз. Бұл бер жағы, ал нағыз тарихты терең түсіндіру үшін
тарихи сананы, тарихи көзқарасты тірбиелеуіміз қажет. Осы тұрғыдан бұл оқу құралы
ғажап дүние. Тарихи тұлғалардың өмірбаяны мен еліне сіңірген еңбегі жайлы көп
мағлұматтар бар. Бірақ, бір кемшін тұсы — кейбір тұлғалардың фото суреті немесе
қолмен салған портреті көрсетілмеген. Балалар сол тұлғалардың бет-бейнесін де біліп,
жадына түйіп өссе, жақсы болар еді. Тарихқа қызығушылық неден туады? Өз ұлтына
деген мақтаныштан туады. Мөде қаған, Еділ (Аттила) патша, Шыңғыс хан, Тәуекел
бахадүр хан, Салқам Жәңгір, Қазақ мемлекетінің негізін қалаған Керей мен Жәңгір хан,
Қазақ елінің шекарасын кеңейтіп, мемлекеттілігін нығайтқан Қасым хан, үш жүздің басын
қосып, жоңғарлардан елді азат ету жолында халқын жұдырықтай жұмылдырған Абылай
хан айта берсең таусылмайтын тарихи тұлғаларды оқып өскен баланың «Мен қазақпын»
деген ұлттық рухы қалыптасады. «Өз-өзіңді жаттай сыйла, жат жанынан түңілсін», —
деп данагөй қарттар айтып кеткендей өзіңді өзің сыйлай білуің керек. Тарихи
тұлғалардың ықпалы зор екенін мен өз басымнан білемін. Мен орыс мектебін бітірдім,
орысша сөйледім, орыстілді ортада өстім. Мені қазақ қылған Мұхтар Мағауиннің
«Аласапыран» деген кітабы. Сондағы басты кейіпкер Оразмұхаммед менің жан-дүниеме
қатты әсер етті. Оқып болған соң егіліп тұрып жыладым. Менің ұйықтап жатқан ұлттық
санам осылайша оянды.
Әңгімеңізге рақмет.
Нәзира Әріпбайқызы Құралбекова, информатика пәнінің мұғалімі.
«Үлкен ойын» сабағы мектебімізге 2006 жылдың желтоқсан айында енгізілді.
3 / 7
Sandu Times.org - Сандуғаш Серікқалидың жеке порталы - Білім
Электронды оқу құралы балалардың ой-өрісін ғана дамытып қоймай, олардың еліне,
жеріне деген сүйіспеншілігін арттырды, өз ұлтына деген мақтаныш сезімін тудырды.
Әсіресе, қазақ тілін жоғары деңгейде игеруге ықпал етті. Әдебиет, тарих, математика,
экономика пәндерін қамтып, оны оқушы түсінігіне өте шеберлікпен, яғни табиғат аясында,
ұлттық саз-әуеннің қостауымен, білім мазмұнына ұлттық құндылықтарды енгізу арқылы
бере білген. Жаһандану ғасырында жаңа технологияларды меңгере отырып, ұлттық
болмыс бітімімізді сақтап қалуымыз қажет. Осы орайда электронды оқу құралында жаңа
технология мен ұлттық құндылықтармен үйлесімін тапқан.
«Үлкен ойынның» жетістіктері: оқушының оқуға ынтасын арттырады. Оқушының
компьтерлік ойындарда жинаған ұпай санына қарай білімі объективті түрде бағаланады,
әрі мұғалімнің уақыты үнемделеді. Ойындар бастапқыда қарапайым болғанмен,
бара-бара күрелене түседі. Оқушылар арасында бәсекелестікті арттырады. Балалар көп
ұпай жинау үшін, көп білуге құштарланады.
Біздің мектептің мұғалімдері мен ата-аналары бұл бағдарламаға жоғары баға беріп
отыр. Оқу-тәрбие жұмысына кеңінен пайдалануға тұрарлық құнды дүние деп есептейміз.
Ойын авторы Рамазан Жәшиевке айтар алғысымыз шексіз.
Мектептің материалдық-техникалық мүмкіндіктерін ескере отырып, электронды
оқулықты факультатив сабақ ретінде енгізген дұрыс деп есептеймін. Оқушыға өзі
қалаған пәні бойынша қосымша сабақта білімін жетілдіруіне мүмкіндік жасаған абзал.
Барлық сабақта көмекші құрал ретінде қолдануға болғанмен кейбір мұғалімдердің
компьютерлік сауаты жоқ. Компьютерді жақсы білмегендіктен, информатика пәнінің
мұғалімі ретінде мені көп мазалайды. Пән мұғалімдері электронды оқу құралымен
емін-еркін жұмыс істей алмағандықтан, ұстаздардың өзі оны сабақта пайдалануға
ынталы емес. Сондықтан да ХХІ ғасыр мұғалімдерінің алдында компьютерлік сауатын
ашу міндеті тұр.
Бақытгүл Құлтасова 27 жыл ұстаздық еткен қазақ тілі пәнінің мұғалімі «Үлкен
ойында» «Шешендік мектебі» деген тарау бар. Ал 11 сыныптың әдебиетінде «Шешендік
өнерін» 24 сағат оқимыз. Сол кезде оқушылардың білімдерін жүйелеуге, нақтылауға
себебін тигізеді. Әсіресе, 11 сыныптардың қазақ тілінен ҰБТ-ға дайындалуына тигізер
көмегі зор. Ондағы тест сұрақтарына жауап беру арқылы төменгі сыныптарда оқып
кеткен тақырыптарды есіне түсіреді. Қазақ тілінің барлық саласы қамтылған. Қазақ
тілінің фонетика, лексика тараулары, грамматиканың синтаксис, морфология,
пунктуация сынды бөлімдері мазмұны тереңдетіліп, жүйелі түрде жазылған.
біз бұрындары таблицалар мен әр түрлі сызбаларды қолданатынбыз. Қазір электронды
оқу құралын көмекші құрал ретінде пайдаланмыз, нәтижесі өте жоғары. Тест кезінде
сұрақтарға жауап береді де компьютердің тетігін басып қалады, сол сәтті қанша балл
жинағаны шыға келеді. Төмен балл алса, 2-3 рет тестен өткеннен кейін өзі қалаған
нәтижеге қол жеткізеді. «Үлкен ойынды» қолданғаннан бері балалардың біліктілігі
жоғарлады. Мәселен, 2008 жылы мектеп бітірген оқушылар ҰБТ тапсырғанда 100
пайызға шаққанда 90 бала 4 пен 5 алды. 2006 ж. — 75 % , 2007 ж. — 87% бала жақсы
4 / 7
Sandu Times.org - Сандуғаш Серікқалидың жеке порталы - Білім
және өте жақсы деген баға алды. Баіқасаңыз, жылдан жылға білім көрсеткіші өсіп
келеді. Пәнді оқытуда теориялық және практикалық білім беру деп екіге бөлсек, «Үлкен
ойын» оқушыларға практикалық білім беруде өте тиімді оқулық.
Менің мынандай пікірім бар, ғалымдар ілімнің теориясын жасасын, бірақ мектепке
оқулықты балаларға тікелей сабақ берген тәжірибелі де білікті ұстаз жазғаны абзал.
Өйткені, бізде көбінесе теория мен практика қабыспай жатады. Мұғалімдердің жазылған
оқулыққа көңілі толмай жататын оқиғалар көптеп кездеседі. Қандай да бір
бағдарламаны жасағанда мұғалімдермен кеңескен абзал деп ойлаймын. Осы орайда
«Үлкен ойын» электронды бағдарламасының көмекші құрал ретінде енгізілуін құптаймын.
Иштван Қоңыр Мандоки атындағы №154 мектеп оқушыларының электронды оқу
құралы жайындағы пікірлері:
Гауһар Рахымжанова – 10 «В» сыныбының оқушысы
Рамазан Жәшиев ағамыздың үлкен ойын электронды оқу құралындағы қазақ тілі пәні
маған қатты ұнады. Қазақ тілінің лексика, морфология, синтаксис, пунктуация атты
бөлімдердегі тақырыптарды жеңіл меңгеруге көмектесті. Үлкен ойын бағдарламасын
қолданғанда біз интерактивті тақтаны қолданамыз. Оқушының тақырыпты қаншалықты
білетіндігі ап-анық бүкіл сыныпқа көрініп тұрады. Сұраққа дұрыс жауап бермесең, келесі
бет ашылмайды. Сол бір бетте тұрғаның. Берген жауабыңа қарай балл жинайсың.
Тарих пәнін оқу арқылы да мен көп мағлұмат алдым. Мұнда еліміздің тарихын оқумен
қатар ірі тұлғалармен, қоғам қайраткерлерімен, ақын, жазушылармен, жыраулармен
жақынырақ таныстық. Олардың өмірін, халқымызға сіңірген еңбегін білдік.
Аяулы Мірәлі, 10 «В» сынып оқушысы
ҰБТ-ға дайындалуға көп септігін тигізеді. Мәселен, білгілі бір тақырыпты өткеннен кейін,
оны қалай меңгергеніңді білу үшін тест сұрақтарына жауап бересің. «Үлкен ойынның»
маған тигізген тағы бір көмегі қазір ауыз-екі тілде көп қолданылмайтын әдеби де
көнерген сөздердің мағынасын түсінетін болдым. Әдебиет пәніндегі кейбір сөздерді
түсінбесем «Үлкен ойынның» түсіндірмелі сөздігін қарап жіберіп, біліп аламын.
Білімді бағалау жағына келсек, қанша балл жинасаң, соған лайық бағаңды аласың.
Алалау деген жоқ. Осы жағы менің көңіліме қонады. Дегенмен де Рамазан ағамыз өзі
тарихшы болғандықтан алгебра, геометрия, география пәндеріне терең бара алмаған,
оның есесіне қазақ тілі мен тарих пәндері кең ауқымда жазылған. Тағы бір артықшылығы
ол кітапхананың да ролін атқарады. Сабаққа қажетті мәліметті көбінесе осы электорнды
оқу құралынан аламыз.
Айнұр Керімбекова, 10 «В» сынып оқушысы
ХХІ ғасыр ғылым мен техниканың даму ғасыры. Сондықтан да осы бағдарлама өмір
талабына сай дүниеге келіп отыр деп есептеймін. Бастапқыда 5-6 сыныптарда мен оның
ойындарына қызығатынмын. 2008 жылы Республикалық және халықаралық дәрежедегі
конференцияда ғылыми жұмыс қорғадым. Тақырыбым: «Ұлы дала тарихындағы — Ұлы
5 / 7
Sandu Times.org - Сандуғаш Серікқалидың жеке порталы - Білім
тұлғалар», — деп аталады. Республикалық конференцияда ІІ орынды иелендім,
Халықаралықта сертификат алдым. Интерактивті тақтада электронды оқу құралы
бойынша қорғаған кезде, конференция қатысушылары үшін менің жұмысым үлкен
жаңалық болды. Олар бұрын-соңды мұндай сабақты көрмгендерін айтып жатты. Бәрін
компьтер арқылы интерактивті тақтада көрсетіп тұрдым. Жиналғандардың
қызығушылығы артқандығы сондай маған әр түрлі сұрақтар қойды. Сол конференцияда
электронды оқу құралы барлық мектептерге енгізілсе деген ұсынысымды айттым. Оқу
құралының үлкен бір пайдасы оқушы сырқаттанып қалып, сабаққа келмей қалса, «Үлкен
ойынды» қарап жіберіп, бәрін түсініп алады. Менің жеке өзіме қатты ұнайтын жері,
кітапты оқып отырған кезде кейде көзің талып кетеді, не шаршайсың. Сол сияқты «Үлкен
ойында» да сабақ оқып отырып, шаршап кетсең, «Ой сергіту» бөлімдеріне кіріп, біраз
ойындарды ойнап аласыз да, көңіл-күйіңіз көтеріліп қалады. Және де ол өте пайдалы
ойын. Мәселен, «Пирамида» ойынында «Үлкен ойында» өткен сабақтар бойынша
сұрақтар келеді. Сұрақтарға дұрыс жауап берген сайын пирамидам үлкен болып өсе
береді. Мысалы, «Әркімді заман сүйремек, замана оны илемек», — деген өлең
жолдарының авторы кім деген сауалға мен Абай Құнанбаев деп жауап беремін. Бірақ, бір
әттеген-айы барлық баланың үйінде бірдей бір-бір компьютері тұрған жоқ. Сондықтан да
ондай құралы жоқ балаға бұл сабақты меңгеру қиынырақ болмақ. Өзімнің үфімде
компьютер бар. Осы сабақты өзім асыға күтіп отырамын, мен үшін өте қызық.
Бекзат Темешов 9 «Е» сынып оқушысы
Электронды оқу құралы маған ұнайды. Бір артықшылығы сабақта тақырыпты түсінбей
қалғанда мұғалімнен сұрап үлгермесең, «Үлкен ойынға» кіресің де түсініп аласың.
Оқушының қаншалықты сабақты білетіндігі интерактивті тақтада көрініп тұрады.
Сондықтан да менің білімімді дұрыс бағаламады деген ренжу болмайды. «Ой сергіту»
бөлімі ұнады. Сабақ үлгерімім орташа. Химия, алгебра, және тарих пәнінен үш едім, қазір
«Үлкен ойынды» пайдаланғаннан кейін тарих пәнінен үлгерімім жақсарып, 4 –ке шықтым.
Данабек Батталов 9 «Г» сыныбының оқушысы
«Үлкен ойындағы» тарих пәні маған қатты ұнайды. Осы бөлім арқылы мен тарихтағы
әйгілі де даңқты тұлғалар жайында толық мағлұмат алдым. Олардың өмірбаяндарын
оқығаннан кейін тарих пәніне деген қызығушылығым оянды. Маған ерекше әсер еткен
Махмұд Қашқари, Хайдар Дулати, Шыңғысхан, Абылай хан, Кенесары, Наурызбай сынды
тұлғаларды атап өтуге болады.
Ұстаздар қауымы мен оқушылардың пікірлерін саралай келе, «Үлкен ойынның»
балаларға берері көп, қажетті оқулық екеніне көзіміз жетті. Мектептің
материалдық-техникалық базасын ескере отырып, электронды оқулықты факультатив
сабақтары ретінде өткізуге және жалпы сабақтарда көмекші құрал ретінде пайдалануға
болады деген шешімге келдік. Бұл оқулық 6 сыныппен тоқтап тұр. Жоғары сынып
бағдарламасын қамту үшін Рамазан Жәшиев кітап жазып жүрген пән мұғалімдерінен
жұмысшы тобын құрып, электронды оқулықтың жалғасын жасағысы келеді. Бірақ, Білім
және ғылым министрлігі тарапынан әзірге қолдау болмай тұр. Оқушылардың пікіріне
қарағанда, қазақ тілі мен тарихтан басқа пәндерге әлі де толықтырулар енгізу қажет.
Әсіресе, балалар интерактивті тақта арқылы білімдерінің объективті түрде бағаланып
6 / 7
Sandu Times.org - Сандуғаш Серікқалидың жеке порталы - Білім
жатқанына риза. Сабақ кезінде тақырыпты түсіндіруде көмекші құралдың пайдасы өте
зор. Қөмекші құрал дайындауға, оған қажетті материалдарды сатып алуға, оны жасауға
мұғалім қаншама уақытын сарп етеді. Сатып алғанда қаржысы кетеді. Ал «Үлкен ойын»
дайын көмекші құралы. Ал балабақшалар мен дайындық сыныптарындағы оқушыларға
әліппені оқытудағы мүмкіндігін ауызбен айтып жеткізу мүмкін емес. Әліппені оқытудағы
ғажап әдістемелік құрал. Баланың білімге деген құштарлығын кішкентай кезінен-ақ
оятады. Рамазан Жәшиевтің электронды оқу құралын жалғастыруға мемлекет тарапынан
қолдау қажет. Білімге қаржы құйған мемелекет ешқашан ұтылмайды, ғылымы қарыштап
дамып, инновациялық технологияларды өндіріске енгізу мәселесі өздігінен шешілер еді.
7 / 7
Достарыңызбен бөлісу: |