Сандуєаш+озат


Сабаққа қажетті көрнекі құралдар мен жабдыкқтар



бет22/33
Дата28.04.2023
өлшемі1,02 Mb.
#88075
түріСабақ
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   33
Байланысты:
5-Практикалық сабақ генетика (1)

Сабаққа қажетті көрнекі құралдар мен жабдыкқтар: Плакаттар, схемалар, есептеу машинкасы, тақырыпқа сай фильмдер мен виртуалды схема түріндегі есептер.
Мазмұны: Ген инженериясы деп in vitro жағдайында генетикалық құрылымдарды (рекомбинантты ДНҚ-ны) құрастыруды және оларды тiрi клеткаларға енгiзудi түсінеді. Рекомбинантты ДНҚ дегенiмiз әр тектi ДНҚ-лардан құралған (табиғи немесе синтетикалық ДНҚ фрагменттерiн әр қилы жалғастыру арқылы) және клеткаларда репликациялана алатын генетикалық құрылымды түсінеді. Ген инженериясы мынадай этаптардан тұрады: 1) гендi (ДНҚ фрагментiн) алу; 2) рекомбинантты ДНҚ молекуласын құрастыру; 3) реципиент клеткасына (мысалы, бактерия) рекомбинантты ДНҚ молекуласын тасымалдау; 4) адамға қажет гендік өнімді бактерия клеткасында өндіру.
Гендi алудың үш әдiсi бар: табиғи гендi тiкелей бөлу, химиялық және ферменттiк синтез. Соңғы әдiс кең таралған, ол кері транскриптаза арқылы іске асады. Қажет геннiң активтiлiгi жоғары клеткалардан иРНҚ молекулаларын бөлiп алады. Одан алдымен кДНҚ, онан соң геннің өзін синтездейді.
Ген инженериясы ғана адамға қажеттi заттарды химиялық таза күйде алуды қамтамасыз ете алады. Оның дамуы адамның диабет, гемофилия, рак, ергежейлік, т. б. көптеген ауруларын емдеу мүмкін болды. Сол сияқты жаңа қасиеттері бар жоғары өнімді малды гендік құрастыруға және малдың ауруларын (құтырық, аусыл, диарея, ринит, т. б.) емдеу үшін ген-инженерлік вакциналар алуға болды.
Адам үшін өте қатерлi ауру – жүре пайда болған иммунотапшылық ауруы (ЖПБИТА – СПИД). Бұл ауруды НIVIII ретровирусы қоздырады, олар иммундық жүйенiң басты элементi – T–лимфоциттердi зақымдап, антизаттар синтезiн жетiмсiз етедi. Қазiргi кезде ауруға қарсы табиғи және синтетикалық генинженерлiк вакциналарды синтездеу практикалық жолға қойылды.
Молекулярлы биотехнология әдістерінің кең таралуы молекулярлы биология, генетика және вирусологияның теориялық дамуы мен осы салалардағы ғылыми прогресске байланысты жүзеге асты.
Рекомбинант ДНҚ (рДНҚ) – бұл іn vitro жағдайда конструкцияланған әртүрлі текті ДНҚ-дан тұратын сақина молекула. рДНҚ = эукариот ДНҚ + ДНҚ прокариот (не вирус ДНҚ). рДНҚ құрамында эукариот ДНҚ-сының фрагменті бөгде ДНҚ (чДНҚ). Ол структура не реттеуші А гені болып табылады. Ал прокаДНҚ-сының не вирус ДНҚ-сының фрагменті вектор болып табылады. ОЛ «молекулалық такси» қызметін атқарады. Ол чДНҚ-ны тасымалдайды. Сөйтіп репликация және экспрессия механизмдерін қамтамасыз етеді. рДНҚ технологиясы құрамына бірқатар эксперименттер сериясынан тұрады. Нәтижесінде генетикалық информация (рДНҚ) бір биологиялық жүйеден екіншісіне ауысады. Жалпы рДНҚ технологиясы төмендегі принцип бойынша жүзеге асады:

  1. ген (чужеродный ген - чДНҚ) және вектор алу.

  2. рДНҚ «конструкциялау».

  3. рДНҚ-ны бактерия клеткасына тасымалдау.

  4. Трансформирацияланған бактерия клеткасын идентификациялау және оқшаулау (изоляция).

  5. рДНҚ-ны клондау.

  6. Іс жүзінде қолдану − трансген жануарлар алу.


Идентификациялау және клондау

чДНҚ алуды, оны векторға қосуды, клондауды, керек кезінде белокты клондауды көрсететін рекомбинант ДНҚ конструкциясының схемасы. Көрініп тұрғанындай молекулярлы биотехнология саласында жұмыс жасау үшін "инструменттер" қолдану керек. Олардың бірі ДНҚ молекуласына әсер ете алады (ферменттер), ал біреулері тасымалдау, көбейфту және бөгде ДНҚ-ны сақтауға қабілетті (векторлар).


Молекулярлы клондағанда төмендегі ферменттер топтар қолданылады:

  1. ферменттер - рестрикттар, бұл ферменттермен ДНҚ фрагменттері алынады;

  2. ферменттер - полимеразалар, бұл ферменттер мен ДНҚ синтезделеді;

  3. ферменттер - лигазалар, бұл ферменттердің көмегімен әр түрлі тектегі ДНҚ-лар біріктіріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет