Тұздық әсер Нашар еритін тұздардың ерігіштігіне тек қана олармен біртектес иондары бар электролиттер ғана әсер етіп қоймайды, сонымен қатар біртектес иондары жоқ электролиттер де әсер етеді. Кейбір нашар еритін тұздардың ерігіштігі басқа жақсы еритін, бірақ тұнбамен ешқандай біртектес иондары жоқ электролиттердің әсерінен де артады. Мысалы Қорғасын сульфатының ерігіштігі натрий нитраты соғұрлым және калий нитратты әсерінен артады, неғұрлым бұл тұздардың концентрациялары жоғары болса, қорғасын сульфаты тұзының ерігіштігі арта түседі. Бұл құбылыс тұздық әсер деп аталады. Өзге иондарды қосқан кездегі ерігіштіктің артуын ерітіндінің иондық күшінің жоғарлауымен түсіндіруге болады = Ci Zi2 Дебай мен Гюнкельдің теңдеуі бойынша -lg=0,5∙Z2 электролиттерді қосқан кезде активтілік коэффициенттерінің төмендейтінін көруге болады. АККnAn = akt∙ aAn = [Kt]∙[An]∙fkt ∙fAn , [Kt]∙[An] = Бұл теңдеуден активтілік коэффициентінің төмендеуі ерітіндіде Kt және An концентрацияларының өсуіне әкеліп соғатынын көруге болады. Әртүрлі электролиттер нашар еритін тұздардың ерігіштігіне әртүрлі әсер етеді, себебі ерітіндінің иондық күші тек қана тұздардың концентрациясына ғана емес, сонымен қатар иондардың зарядтарының шамасына да байланысты.
А + В ↔ АВ↓ Жалпы алғанда тұнба түзілу процессі реакцияға қарасақ оңай сияқты болғанымен, ол өте күрделі процесс.
Жалпы тұнба түсу – нашар еритін қосылысты құрайтын иондар концентрациясының (активтілігінің) көбейтіндісі сол заттың ерігіштік көбейтіндісінен артық болған кезде тұнба түзілетіндігі белгілі, яғни:
мұндағы, - иондардың ерігіштік константасы, сан мәні жөнінен ерігіштік көбейтіндісіне жуық шама;
[K], [A] – катион және анион концентрациясы.
(немесе басқаша айтсақ Тұнба пайда болуы, ерігіштік көбейтіндісінің ережесіне сәйкес, тұнбаға түсетін иондардың ерігіштік көбейтіндісі (ЕК) сол температурада тұнбаға түсетін қосылыстың ерігіштік көбейтіндісінен жоғары болуы қажет. Сол кезде тұнба толық түседі.
Тұнбалардың түзілуі. Әр түрлі факторлардың тұнбалық толық түзілуіне әсері. Тұнба қатты зат күйінде түседі, бұл тек екі ионнан ғана құралмайды, себебі бұл күрделі процесс. Барлық уақытта да белгілі бір периоды бар құбылыс, реагенттердің ерітінділерінің бір-бірімен араласқанынан бастап, түзілетін тұнбаның ең алғашқы түйіршіктерінің пайда болғанына дейін. Мұндай майда бөлшектердің (зародыши, өзектер) пайда болуын – түйіршік түзілу процессі дейді. Бұл майда бөлшектердің пайда болу уақыты индукция мерзімі деп аталады. Пайда болған түйіршіктердің тұнбаға түсу жылдамдығы көптеген жағдайларға тәуелді болады, сондықтан ол өзгеріп отырады. Ондай жағдайлар: әрекеттесін бөлшектердің табиғаты мен концентрациясы, бөгде заттардың концентрациясы, температура және т.б..
Тұнбалардың көпшілігі лезде тұнбаға түседі, енді біреулерінің түзілуі өте баяу жүреді. Тұнбаға түсу жылдамдықтарына байланысты кристалды немесе аморфты тұнбалар түседі. Кристалды тұнбалар түскен кезде ең бірінші пайда болған түйіршіктердің беткі қабатына келесі түйіршіктер жиналады, ал аморфты тұнбалар түскенде түйіршіктердің механикалық қосылысы, өздерінің салмағы арқылы тұнба болып астына жиналады. Басқа сөзбен айтқанда ең алғашқы пайда болған коллоидты ерітіндінің ұю (коогуляция) процесі жүреді.