Сапасын дамыту жолдары



Pdf көрінісі
бет1/33
Дата29.12.2016
өлшемі9,25 Mb.
#697
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ WWW.GYLYM-BILIM.KZ ИНТЕРНЕТ РЕСУРСЫ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖОО МЕН ОРТА 
МЕКТЕПТЕРДЕ БІЛІМ БЕРУДІҢ 
САПАСЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ 
 
(ӘДІСТЕМЕЛІК ОҚУ ҚҰРАЛЫ) 
 
 
ЖИНАҚ МЕКТЕП МҰҒАЛІМДЕРІНЕ, ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ ОҚУ 
ОРЫНДАРЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН 
 
 
 
 
 
 
VІІ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Алматы 2015 
 


 
ӘОЖ  37.0 
КБЖ  74.04 
      Қ  18 
 
       
 
 
 
Республикалық www.gylym-bilim.kz интернет ресурсы 
Пікір берушілер: Сариева Күлпаш Нтымақбаевна – «Өрлеу » Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ 
филиалы ҚР Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін 
арттыратын институтының Педагогика  және  инклюзивтік білім беру кафедрасының профессоры, 
педагогика ғылымының докторы, ХАА академигі                                       
 
 
 
 
Қ  18         ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖОО МЕН ОРТА МЕКТЕПТЕРДЕ БІЛІМ БЕРУДІҢ САПАСЫН 
ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ: ӘДІСТЕМЕЛІК ОҚУ ҚҰРАЛЫ - Алматы: Республикалық www.gylym-
bilim.kz интернет ресурсы, 2015. – 338
 
 б. 
 
 
 
 
 
ISBN  978-601-06-2822-9 
 
VІІ-шығуы. - 2015. - 338 б. 
 
ISBN  978-601-7801-16-8 
 
 
 
 
     Ұсынылған  еңбектер  жинағында  ұстаздардың  еңбектері,  мұғалімнің  кәсіби  дайындық  сапасына 
қойылатын  талаптары,  құзыреттілік  пен  кәсіби  шеберлік  сапасы,  кәсіби-теориялық  білім  мен  тәжірибелік 
біліктілігі  туралы,  сонымен  қатар  жаңа  әлемдегі  жаңа  Қазақстанның  оқу  жүйесіндегі  заман  талабына  сай 
өзгерістері жөнінде өзекті мәселелер мен жаңалықтар, үздік жұмыстар, сабақ жоспарлары көрсетілген. 
     Бұл  еңбектер  жинағы  мектеп  мұғалімдеріне,  педагогикалық  жоғары  оқу  орындарының  студенттеріне 
арналған. 
 
                                                                                                                     ӘОЖ  37.0 
                                                                                                                     КБЖ  74.04 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ISBN  978-601-7801-16-8  (VІ-шығуы)                                     © Республикалық www.gylym-bilim.kz 
 
ISBN 978-601-06-2822-9   (жалпы)                                              интернет ресурсы, 2015 
 


 
 
 
АЛҒЫ СӨЗ 
 
 
 
                                                                                                    Сариева Күлпаш Нтымақбаевна «Өрлеу » 
Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы»  
АҚ филиалы ҚР Білім беру жүйесінің басшы  
және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің  
біліктілігін арттыратын институтының   
Педагогика  және  инклюзивтік білім беру  
кафедрасының профессоры, педагогика  
ғылымының докторы, ХАА академигі 
 
 
Білім саласындағы реформалардың басым бағыттары 
           
Білім  беруді  дамытудың    2011-2020  жылдарға  арналған  бағдарлама,Тілдерді  қолдану  мен 
дамытудың  2011-2020    жылдарға    арналған    мемлекеттік    бағдарламасы,  «Оқушылардың  функционалдық 
сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары», «Мәдени мұра» 
Ұлттық  жобаның  мақсат  пен  міндеттері,    негізгі  идеялар  мен  түйін  сөздері:  адами  капитал,  бәсекеге 
қабілетті  тұлға,  білім  сапасы,  біліктілік,  құзыреттілік,  рухани      даму            ,ақпараттандыру, 
әлеуметтендіру,технологияларды игеру, т. б. 
Мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру  стандартының  (2010.01.09)  мазмұны  тұлғаны 
әлеуметтендіру,  орта  білім  беруде  білім,  білік,  дағдыдан  құзыреттілікке,  нәтижелілікке,    оқушылардың 
алған  білімдерін  күнделікті  өмірге  пайдалануға  үйретуге  бағытталған.  Бұл  құжатта  базалық  (мейірімді 
адам,  бауырмал  отбасы,шығармашыл  тұлға,  жауапкершілікті  азамат,  салауатты  тұлға),  бұған  қосымша: 
тектілік,  отбасына  қамқорлық,    эстетикалық  талғампаздық,  өз  құқығын  қорғау,  экологиялық  қасиеттер 
оқушыны әлеуметтендірудің  басым бағыттары  ретінде қарастырылып; пәндік ( пән бойынша білім, білік, 
дағды;  пәнаралық  байланыс,  жүйелілік,  көзқарас  қалыптастыру;  түйінді  (ақпараттық,  коммуникативтік, 
проблемаларды шешу) құзыреттеріне сипаттама беріледі.     
       Мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру  стандартында  (20  тамыз  2012  ж.)  құзырет  түсінігі 
кездеспейді.  Оның  орнына    оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  дамыту        жолдары 
қарастырылады.    Қазіргі  білім  беру  саласындағы  ең  басты    мәселе  –  12  жылдық    білім  берудің  негізгі 
талаптарын оқу - тәрбие үдерісіне еңгізе беру, бірақ бұл жұмыс көптеген  қиыншылықтарға келіп тіреледі. 
Сондықтан  жоғарыда  аталған  мемлекеттік  құжаттар  мазмұны  теория  ретінде  қарастырылып  қана  қоймай, 
базалық,  пәндік,  түйінді    қызыреттіліктер  тәжірибеде  іске  асыру  барысын    педагогтар  түсініп,  сабақ 
кезінде  дәстүрлі  сабақ  пен    жаңа  сабақтар  құрылымы  мен  мазмұны  сараланып,  себебі  білім  жүйесінің  
өзгеруі, жетілдіруі - сабақ  үлгісінің өзгеруімен тығыз байланысты.                     12 жылдық  білімі мазмұнын 
жаңартудың заманауи талаптары төмендегі басым бағыттар бойынша іске асады: 
       -  Білім  мазмұнын  қалыптастырудың  тарихи  кезеңдеріне  шолу  жасау  арқылы  білім  мазмұнының    төрт 
саласы: саяси- құқылық, мәдени – эстетикалық, ғылыми – экологиялық, математика- экономикалық арқылы 
ноосфералық білім кеңістігін қалыптастыру.  
-
 
ҚР  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру  стандартының  негізгі  ұғымдары:  құзырет, 
құзыреттілікке бағытталған тапсырмаларды орындауды үйрету және жинақтау. 
-
 
Білім беру үрдісінің мониторингі кезеңдерін бақылау, саралау, талдау, бағалау іске асыру. 
-
 
Бағдарлы оқуға бағыттау. 
-
 
Әр пән бойынша қысқа және ұзақ мерзімді күтілетін нәтижелерін анықтау және жинақтау.  
-
 
Базалық  құзыреттер  мән-мағынасын  білу  және  оларды  түйінді  және  пәндік  құзыреттердің  түрлері 
арқылы    сабақ  барысында  игере  білу,солар  арқылы    оқушылардың  функционалдық 
сауаттылықтарын қалыптастыру. 
-
 
Оқушылардың  әлеуметтену  жолдарын  пәндік  және  түйінді  құзыреттіліктер  арқылы  дамытып, 
базалық құзыреттіліктерге айналдыру. 
-
 
Білім  мазмұнын  жаңартудағы  технологиялардың  орны,  олардың  түрлері:  сыни  тұрғысынан  ойлау, 
жобалау, модульдік, дамыта оқыту, т.б.пайдалану үлгілерін жасау. 


 
-
 
Білім  мазмұнын  жаңартудағы  таңдаулы  курстар  ролін  ашу,олардың  танымдық  мүмкіншілігін 
кеңейту. 
     -  Европоцентризмнен  евразиялық  тұжырымдамаға  көшу  жолдарын  зерделеу.  «Оқушылардың 
функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары» 
7  негізгі құзыреттіліктерге саяды: 
1.Басқарушылық (проблеманы шешу қабілеті). 
 2.Ақпараттық (өзіндік танымдық қызметке қабілеті немесе өмір бойы білім ала білу). 
3.Коммуникативтік(қазақ  орыс,ағылшын  (шет)  тілдерінде  ауызша,  жазбаша  қарым-қатынас  жаау 
қабілеті). 
4.Әлеуметтік (өзара іс-қимыл жасау қабілеті). 
5.Тұлғалық (өзін-өзі жетілдіру,өмірлік және кәсіби өзін-өзі анықтау,төзімді болу қабілеті). 
 6.Азаматтық (қазақстандық сана-сезім мен  мәдени ұқсастық негізінде отаны үшін жауапкершілікті 
сезу қабілеті). 
7.Технологиялық (ғылыми, сандық технологияларды пайдалану қабілеті).  
Аталған 
нормативтік 
құжаттарды 
мектеп 
тәжірибесіне 
еңгізу 
үшін 
педагогикалық  
құзыреттіліктерді қалыптастырудың дидактикалық шарттары орындалуы тиіс. 
Педагогикалық  құзыреттіліктің құрауыштары: 
-Білім мазмұнын жаңартудың заманауи басым бағыттарын білу. 
-Оқу-тәрбие  үрдісіне осы бағыттарды енгізу жолдарын игеру. 
-Оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруды іске асыру (басқару, жоспарлау, қалыптастыру). 
1.Орта білімді жаңартудың басым бағыттары: 
1.Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  дамыту  жөніндегі  2012-2016  жылдарға    арналған 
ұлттық іс-қимыл жоспары. 
2.Базалық, пәндік, түйінді құзыреттіліктердің мазмұны. 
3.Соңғы нәтижеге бағытталған оқыту түрлері. 
4.Инновациялық   педагогикалық технологиялар түрлері. 
2.Оқу және тәрбие үдерісін жетілдірудің негізгі біліктері: 
1.Сабақ жоспарының жаңа түрлерін ұсыну және эксперимент жүргізу.  
2.Күтілетін нәтижеге жету үшін технологияларды оқыту үдерісінде кеңінен қолдану.  
3.Құзыретті тапсырмалар құрастыру дағдысын қалыптастыру. 
4.Әр сабақ сайын жақын және соңғы кіріктірілген мақсатқа жетуді жоспарлау. 
5.Жаңашыл мұғалімдердің тәжірибесін зерттеу,насихаттау және оқу үдерісіне  енгізу. 
3.Оқу және тәрбиелеу үдерісін ұйымдастырудың біліктіліктері: 
1.Базалық, пәндік, түйін құзыреттіліктерді қалыптастыру әдістерін анықтау. 
2.Базалық, пәндік, түйінді құзыреттіліктерді жақын және соңғы кіріктірілген нәтижеге бағыттау.                        
 Бұл  идеяларды    мектеп  тәжірибесіне  еңгізуде  Кембридж  институты  дайындаған  бағдарламалар 
бойынша мұғалімдердің 3-айлық біліктілікті арттыру курстарының және ББЖКБАРИ институтының қысқа 
мерзімді дәрістерінің маңызы зор.  
Оқулықтарымен  жұмыс  істеу  барысында  білім,  білік,  дағдыдан  құзыреттілікке  дейін  жету 
амалдары, нәтижеге бағытталған сабақ үлгілерін құрастыру әдістемесі,  дәстүрлі сабақ пен жаңашыл сабақ 
үлгілері беріледі. Егерде дәстүрлі сабақта үш мақсат: білімділік, дамытушылық, тәрбиелік қойылса, қазіргі 
талаптар  бойынша  бір  мақсат  (ол  күтілетін  нәтиже  ретінде  сабақтың  соңында    ескерілуі  тиіс),    содан  соң 
білім,  білік,  дағды  жоспарланып  –  осы  үшеуінін  қолжетімділігі  ретінде  құзыретті  тапсырма 
құрастырылады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
 
 
 Зәкираш Шерәлиқызы  Айдарова  
п.ғ.к., доцент, аға оқытушы 
 
 
 
 
 
 
ПЕДАГОГТАРДЫҢ МӘДЕНИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ 
 
 
Кілтті сөздер: компетенция, құзырет, мәдени құзіреттілік, индивид, білім, білік, дағдылар. 
Елiмiздiң  экономикалық  әлеуметтiк-мәдени  саласы  өскен  сайын,  қоғам  дамуының  барлық 
саласындағы болып жатқан өзгерiстерге сай бiлiм беру саласы да өзгерiп, жаңаруда. Елбасы Н.А. Назарбаев 
атап  көрсеткендей,  «Бiлiм  беру  саласын  модернизациялау  білімнің  базалық  құрамдылығын  сақтауға 
бағытталуы  тиіс  және  оларды  үздіксіз  жаңартып,  толықтырып  отыру  қажет.    Ең  тәуір  білім  беру  жүйесі 
жақсы оқитын оқушы мен нашар оқитын оқушының арасындағы айырмашылықтың жоққа таяулығы болып 
саналады».  Бiлiм  берудi  реформалауды  жүзеге  асырудың  және  бiр  маңызды  сипаты,  қазiргi  уақыттағы 
оқыту, бiлiм беру мазмұнын жаңарту қажеттiгiне туындап отырғандығы баршаға мәлім. Мектептерде білім 
беру  сапасы  мен  мұғалімдердің  кәсіби  құзыреттіліктерін  арттыру  және    олардың  педагогикалық 
шеберліктерін    дамыту  үшін  қажетті    жағдай  жасауға    бағытталған  айқын  жұмыс  жүйесі  қалыптасқан. 
Жалпы  құзыреттілік  дегеніміз  –  белгілі  бір  заттар  мен  үрдістер  және  оларға  деген  қатынастар  бойынша 
жемісті әрекет ету үшін қажетті тұлға бойында бар өзара байланыстағы қасиеттердің (білім, білік, дағды, іс-
әрекет тәсілдері) жиынтығы. 
Ал  педагогтардың  мәдени  құзіреттіліктерін  қалыптастыру  мәселелерін  қарастыру  үшін  «мәдениет 
дегеніміз  не?»  —  деген  сұраққа  жауап  берумен  қатар,  бұл  сөздің  этимологиясына,  яғни  осы  бір  күрделі 
ұғымды білдіретін сөздің шығу тегіне тоқталуды жөн көрдік. Қазақ тіліне бұл термин арабтың «маданият» 
—  қала,  қалалық  деген  сөзінен  енген.  Бұл  орта ғасырлардағы  мұсылман  мәдениетінің  өркендеу  кезеңінде 
қалыптасқан түсінікпен байланысты. Мәдениетке берілген көптеген анықтамаларды алътернативтік (қарсы 
қоюшылық) деп  атауға болады. Бұл жерде алдымен көзге түсетіні  — мәдениет пен табиғатты «культура» 
мен  «натураны»  қарсы  қоюшылық.  Көне  заманда  «культура»  деген  ұғым  «жерді  өңдеу»  дегеп  мағынаны 
берген. 
Кейінірек, дәлірек айтканда, Цицеронның еңбектерінде (б.э.д. 45 ж.) бұл сөздің  мағынасы тереңнен 
жанды  жетілдіру»  деген  ұғымды  білдірді.  Уақыт  өткен  сайын  еуропалық  тілдерде  мәдедиет  сөзі  «білім 
беру»,  «даму»,  «қабілеттілік»,  «кұрметтеу»  сияқты  мағыналарға  ие  бола  бастады.  Қазіргі  заманның 
сөздіктерінде мәдениетке мынадай анықтамалар берілген: а) мәдениет — белгілі бір халықтың қол жеткен 
табыстары  мен  шығармашылығының  жиынтығы;  ә)  мәдениет  —  адамзат  қауымының  белгілі  бір  тарихи 
кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері (палеолит мәдениеті, крит-микен мәдениеті, қазақ мәдениеті 
және.т.б.;  б)  мәдениет  —  адамдық  өркениеттің  белгілі  бір  саласыныц  жетілу  деңгейі  (сөйлеу  мәдеииеті, 
еңбек  мәдениеті,  кұқық  мәдениеті  және  т.б.);  в)  агро-мәдениет  (дәнді  дақылдар  мәдениеті,  цитрустық 
мәдениет және т.б.). 
 Ал, 
осы 
ұғымдардың 
ішіндегі 
мәдениеттану 
пәніне 
алғашқы 
екі ұғымның тікелей қатысы бар екендігін аңғаруға болады.  Мәдениет ұғымы тарихи қалыптасудың ұзақ 
даму  жолынан  өтті,  бұл  ұғымды  алғашқы  рет  ғылыми  тұрғыдан  анықтауға  ұмтылған  философтар  болды. 
Бірақ, өкінішке орай,  XVIII ғасырға,  яғни  Ағартушылық дәуірі кезеңіне дейін, басты құндылық  — адам 
мен  оның  ақыл-ойы  деген  қағида  жүзеге  асканға  дейін  «мәдениет»  сөзі  белгілі  бір  модельденген  термин 
ретінде қолданылмады, бар болғаны жаңа ұғымдардың синонимі ретінде ғана пайдаланды. Сөзіміз дәлелді 
болу  үшін,  «мәдениет»  ұғымын  талдауды  Көне  заманнан  бастағанды  жөн  көрдік.  Жоғарыда  атап 
көрсеткеніміздей бұл терминнің алғашқы мағынасы жер-анамен, оны өңдеп-баптаумен тығыз байланысты 
болды.  Демек  «мәдениет»  ұғымы  жер  жырту,  бау-бақшаны  өңдеу,  яғни  өсімдіктер  және  жануарлар 
дүниесімен,  дәлірек  айтқанда,  егіншілік  пен  ауыл  шаруашылығымен  тығыз  байланыста  қарасгырылды. 
Оған қоса бізге үйреншікті болып кеткен «мәдениет» ұғымының тәрбие мен білімнің байланыстылығының 
тамыры да сонау көне заманда жатыр. Білімсіз және тәрбиесіз адам еш уақытта мәдениетті бола алмайтыны 
ақиқат, ендеше білім мен тәрбие барлық халықтар мәдениетінің қайнар бұлағы болып табылады, сонымен 
бірге мәдениет сөзі «құрмет тұту, сыйлау, құрметтеу, табынушылык» деген мағыналарға да ие.  


 
Мәдени  құзыреттіліктердің  құрылымдық  компонентерін  ашуға  өтпес  бұрын  құзыреттілік  ұғымын 
нақтырақ түсініп алу қажет. Қазіргі таңда  «компетенция» термині әсіресе білім саласы жайлы сөз болғанда, 
немесе жазғанда кең түрде қолданылады. 
Құзыреттілік  ұғымы  білім  аймағына  емес,  біліктілік  аймағына    жатады.  Компетенция  білімге  де, 
дағдыға  да  келіп  тірелмейді,  компетентті  құзыретті  болу  –  ғалым  немесе  білімді  болу  деген  мағынаны  
білдірмейді.  
Профессор,  п.ғ.д.,  С.Е.Шишовтың  айтуынша:  Біліктілік  –  ерекше  жағдайда  жасалатын  әрекет, 
компетенцияның  немесе  қабілеттіліктің  көрініс  табуы,  әрекет  жасауға    деген  жалпы  дайындығы.  Егер 
біліктілік  бақылауға  көнетін  болса,  компетенция  –  біліктілікті  бақылаудан  шығарып  алуға  болатын 
сипаттама. Осылайша, біліктілік  – бұл әрекеттегі компетенция. Компетенция  – бұл біліктілік пен әрекетті 
тудырады.  Компетенцияны  білім  мен  жағдайдың  арасындағы  байланысты  орнату  мүмкіндігі  ретінде, 
проблеманы  шешу  үшін  дұрыс  келетін  әдіс-тәсіл  ретінде    қарастыру  керек.  Біздің  тұжырымдауымызша, 
компетенция  дегеніміз  –  бұл  оқып  білім  алуға  байланысты  тұлғаның  алған  біліміне,  тәжірибесіне, 
құндылықтарына, бейімділігіне негізделген жалпы қабілеттілік.  
Ал А.Я.Флиер былай деп жазады: Компетенция – нақты бір жұмысты орындау үшін қажет болатын 
білім,  білік,  дағдылардың  жиынтығы    ретіндегі  әртүрлі  тапсырмаларды  жасай  алатын  индивидтің 
қабілеттілігі  деп  түсіндіреді.  Сондай-ақ,  автор  құндылық  ережесі  сәйкес  келетін  мотивация  мен 
эмоционалды аспектілермен қатар когнитивті және аффективті дағдылардың өзара қатынаста болуы керек 
деп  есептейді.  Бұл  айтарлықтай  жетістіктері  бар  көптеген  жеке  аспектілердің  өзара  әрекеттестігі 
компетенцияны кешенді түрде түсінуге алып келеді: 
Біріншіден,  «білім,  білік,  дағдылардың»  дәстүрлі  триадасының  компоненттері  арасын 
байланыстыратын звено болып қызмет етеді; екіншіден, осы кезеңдегі, осы жағдайдағы міндеттерді шешу 
үшін жаңа ақпаратты меңгерудің, білімін ұдайы жаңғыртудың алдын алады; үшіншіден, компетенция – бұл 
көптің  ішінен  ең  оптималды  шешім  таңдау  қабілеттілігі,  нанымсыз  шешімдерді  жоққа  шығарады,  бірақ 
тиімсіз  шешімде  –  критикалық  сыни  ойлау  қабілетіне  ие  болады;  төртіншіден,  өзінде  мазмұнды  (білім) 
және процессуалдық (біліктілік) компоненттерін қамтиды. Құзыретті адам проблеманың мәнін ғана түсініп 
қоймауы керек, сондай-ақ оны практикалық тұрғыдан шешуді білуі тиіс, яғни шешудің әдіс-тәсілдеріне ие 
болуы керек. Осылайша, келтірілген теориялық нышан негізінде компетенцияны  былай көрсетуге болады.  
Компетенция бұл: 
-
 
Білім мобилдігі  
-
 
Әдіс-тәсілдердің икемділігі  
-
 
Ойлаудың сынилығы және толеранттылығы  
-
 
Шарттылығы 
Э.Я.  Баллера,  А.С.  Границкой,  Л.Г.  Ионина,  Р.П.  Мильруд  сияқты  ғаламдардың  еңбектерінде  
компетенцияның  құрамды  элементтері  оқу  мақсатын,  тапсырмалар  мен  сұрақтардың  құрамды 
элементтерінің  сараптамасын  көрсетеді.  Білім  мобилдігі    элементі  бойынша    ақпараттық  компоненттер 
басымдылықта  болады:  базалық  білім,  есте  сақтау,  тану,  қабылдау,  ақпараттарды  түсіну  және  іздеу. 
Мобилді  білімді  меңгерген  оқушы  қалыптасқан  базистік  білім  мен  біліктіліктерге  ие  болуы  керек, 
ақпаратты  есте  сақтап  айтып  беру  керек,  басты  идеяны  ажыратып,  ереже  мен  ұғымдардың  анықтамасын 
нақты  тұжырымдай  білуі  керек,  ақпараттарды  іздеу  тәсіліне  ие  болуы  және  оқу  әдебиеттерімен  жұмыс 
жасай білуі тиіс. 
Әдістердің  икемділігі.  Зерделенген  материалдарды  практика  жүзінде  қолдана  білу  біліктілігі, 
білімін  кешенді  аралас  пәндерге  өткізіп  іске  асыру,  анализ,  салыстыру,  синтез,  қорытындылаудың 
интеллектуалды операцияларын игеру, сондай-ақ міндеттерді шешудің рационалды әдіс-тәсілдерін таңдау 
да оқу-танымдық іс-әрекеттерінің әдістерін икемді игерудің алдын алады. 
Ойлаудың  сынилылығы  және  толеранттылығы.  Оқушылардың  сыни  ойлауының  даму  деңгейін 
оның  өзінің  оқу-танымдық  іс-әрекеттерін  бақылауынан,  контраргументтер  келтіре  алуынан,  сынауынан, 
қателерді табуынан, қалай бағалай білетіндігінен білуге болады. 
Шарттылық  оқушының  кез-келген  әрекеттердің  белгілі  бір  мақсат  пен  жағдайға  сәйкестікте 
орындау  мүмкіндігінен  көрінеді.  Ол  қиындықты  жеңу  құралы,  ескіше  ойлау  стереотипінен  құтқаратын 
тиімді  құрал  және  өзінің  іс-әрекетіне  деген  шығармашылық  әдістемені  немесе  амалды  дамыту  болып 
табылады. 
Құзыреттілікті қалай тексеруге болады? 
Құзыреттілік  моделі  қызметке  деген  талапты  кеңінен  қарастырады,  демек  –  топқа  жинақтайтын, 
құрылым  жасай  алатын  компетенцияны  қарастырады.  Мысалы,  лидерлік  құзыреттілікті    бағалау  үшін 
құзыреттілік  –  эмоционалды,  интеллектуалды,  ұйымдастырушылық  деп    3  топқа  бөлу  әдісін  қолдануға 
болады.  


 
Ұйымдастырудың  түйінді  құзыреттілігі  (ағылшынша  Core  competency)  –  бәсекелестік 
басымдылықты  қамтамасыз  ететін  компетенция  болып  табылады.  Оның  негізгі  сипаттамасы  мынадай 
құрамға ие болуы керек: 

 
құндылық – ол сирек және ешнәрсемен алмасытыра алмайтындай болу керек; 

 
бірегей – көшірмесі болмау керек; 

 
қолжетімді – оны адамдар қолдана алатын жағдайда болуы керек. 
Түйінді  компетенциялар  әртүрлі  формада  ноу-хау  енгізілген  түрде    техникалық  және  мазмұнды 
болуы мүмкін, сенімді үрдіс немесе оқытушылар мен директордың арасындағы берік қатынастың орнауы. 
Түйінді компетенция, сонымен қатар өнімнің өндірісін немесе жасалуын, мысалы қызметкерлердің өзін-өзі 
сол жолда берік ұстауын өзіне қамти алады. 
Жоғарыда  айтқанымыздай,  компетенцияның  астарында  жалпы  қабілеттілік  және  оқу  арқылы 
алынған,  оқу-танымдық  үрдісте  тұлғаның  өз  бетімен  қатысуына  бағдарланған  білім  мен  тәжірибеге 
негізделген  жеке  тұлғаның  іс-әрекетке  дайындығы  екен.  Компетентті  болу  бұл  жағдайда  білім  мен 
тәжірибені  қоса  жеделде  білу  біліктілігін  білдіреді.  Компетенция  жайлы  қандай  да  бір  жағдайда  көзге 
көрінетін  кезде  ғана  айтудың  жөні  бар;  көзге  көрінбейтін  компетенция  ары  барса,  жасырын  мүмкіндік 
болып табылады. Бұдан шықты демек, компетенция оны іске  асырудан  шетте болуы мүмкін емес дегенді 
білдіреді. Ол білім, білік, дағдылар мен нақты әрекет жағдайына діттелген мінез-құлықтық қатынастарды 
бірмезетте  жылдам  іске  қосуды  байланыстырады.  Міне  осы  кешенді  және  бәрін  түгел  қамтушы  сипат 
құзырет ұғымын қиын және бірмезгілде тартымды екндігін көрсетеді. 
Қандай да бір облыстан құзыретті  болу үшін дайындық жайлы айту, егер, қалаған құзырет қандай 
да бір дәрежеде қатысқан жағдайда өзіндік мәнге ие болады. Құзырет  бастапқы деңгейден шыға отырып 
дамиды, маңызы арта түседі, беки түседі, кеңейе түседі.  Яғни, құзыреттің дамуы оқушының тәжірибесі мен 
іс-әрекетіне қоныстанады. Бұл көзқарасты көптеген европалық эксперттер де мақұлдайды. 
Біздің бақылауымыз, эксперимент материалдары тұлғаны өзін-өзі дамыту үрдісін  сипаттайтын тап 
осы мәдени құзыреттіліктер екендігін көрсетті. Бұл үрдістің негізіне бір жағынан, индивидтің қордаланған 
білімінің деңгейінің көтерілуі нәтижесінде білімінің аккумляциялануына деген қабілеттілігі жатады, екінші 
жағынан  –  әртүрлі  білім  аймақтарының  арасындағы  өзара  байланыстарды  құру  және  ассоциация  өткізу 
біліктілігінің деңгейі көтеріледі. 
Оқушылардың  мәдени  компетенттілігінің  даму  процесінің  мазмұндық  сипаттамаларын  зерделеу 
барысында  біздің  ізденістерімізде  қолданылған  амал  әдістерге  тоқталған  жөн.  Негізін  салушы  әдістеме  – 
бұл  мәдени  әдістеме  болып  табылады.  Бұл  ұғынықты  және  табиғи  нәрсе.  Ол  индивидтің  рухани  өмірінің 
жүйесін  құрушы  мәдени  ұғымдар  призмасы  арқылы  анализдеуді  қамтамасыз  ететін  методологиялық 
ұғымдардың жиынтығын ұсынады: «мәдениет», «құндылық», «мәдени үлгілер», «мәдени диспозициялар», 
«мәдени  тұтыну»,  «мәдени  іс-әрекеттер»,  «мәдени  шығармашылық».  Бұл  амал    ЖОО  дағы  оқу  мен 
тәрбиенің  мәдени  негіздері  мен  мазмұнын  кеңейтеді,  рухани  мәдениеттің  критериилері  мен  деңгейін 
ендіруге,  педагог  пен  оқушының  іс-әрекетін  жемісті  және  шығармашылықпен  жасауға  еркіндік  береді. 
Тағы бір маңызды амал аксиологиялық амал болып табылады. Ол этолон жайлы идеалдар мен ұғымдарды 
іске  асыратын  рухани  мәдениеттердің  регулятивті  компоненттерін  айқындайды.  Педагогикада 
аксиологиялық амалды қолдану мыналарды қалыптастырады: 
а)  оқу-тәрбие  үрдісінде  оқушылардың  рухани  құндылықтарын  меңгерудің  тиімді  психология-
педагогикалық жағдайларын жасауға; 
б)  оқу-тәрбие үрдісінде субъектілердің өзін-өзі айқындауы мен өзін-өзі іске асыруының механизмін 
түсінуге; 
ә)жаңа құндылық мағыналар мен олардың іс-әрекеттерін таңдау мотивтерін түсіндіру. 
Мәдени норма адамдардың мінез-құлқын реттеуші жалпы қоғам қабылдаған талаптар мен ережелер 
сияқты  белгілі  бір  құндылықтарға  жатады.  Жалпыадамзаттық  рухани  құндылықтар  (шындық, 
қайырымдылық,  әсемдік,  сенім,  үміт,  махаббат,  ар-ождан)  жалпы  адамзаттық  идеал,  үлгі  (эталон)  және 
мақсат ретінде, адами ұмтылыстар ретінде алға шығады. Жас ұрпақ тап осы құндылықтарға сүйеніп, оны ту 
етіп  ұстауы  тиіс.  Рухани  мәдениетке  құндылық  бағдарының  қоғамдық  және  индивидуалды  санаға 
қалыптасуы  мотивпен  және  қажеттілікпен  бірігу  арқылы  емес,  рухани  идеямен  және  құндылықтармен 
біріккен  өнегелі  қоғамға  өтуді  іске  асыруға  мүмкіндік  береді.  Тап  сол  рухани  құндылықтар  адамға  өмір 
сүру  тіршілік  ету  жағдайында  әлеуметтік  тұрғыдан  таңдау  жасау  поведениесін  іске  асыруға  көмектесе 
отырып, стратегиялық мақсаттармен алға шығады және қоғамды интеграциялауды қамтамасыз етеді. 
Жоғарыда айтылғандар мәдени компетенция төмендегілерді  дамытуға бағытталған деген тұжырым 
жасайды: 
а)  оқушының  әлемді  қабылдауы,  өзін  тануы  –  ұлттық құндылықтарды  әкелуші  ретінде,  өз  елі  мен 
халқының, сондай-ақ барша адамзаттың тарихы ретінде қабылдауға дайындығы, глобалды проблемалардың 


 
шешімін  іздеуде  барлық  адамдар  арасында  өзара  әрекетке  түсуі;  б)  өзін-өзі  білімдендіру  және  өзін-өзі 
оқытуға қажеттілік; ә) оқушылардың коммуникативті мәдениеті, бейнені жалпыпланетарлық ойлау, өзінің 
болашағы,  өз  елінің  болашағы  үшін  жауапкершілікті  сезіну;  г)  әртүрлі  көзқарастағы,  қоғамда  өзін 
көрсетудің этикалық қолайлы формаларды ұстанушы адамдармен дискуссиялық қарым-қатынас және өзара 
әрекеттестік  этикасына  оқу,  білу.  Педагогтардың    кәсіби  құзыреттілігі  –  мұғалімнің  біліктілігін  арттыру, 
қоғам  алдындағы  жауапкершілікті  сезіну,  жоғарғы  деңгейге  үнемі  ұмтылу  және  үнемі  ізденіс, 
жаңашылдығы мен жаңалықты қабылдай білуі оны іс жүзінде қолдана білу, адами құндылықтарға сай бола 
отырып, сол құндылықтарды бала жанына сіңіре білу. 
Қорыта айтқанда, өз ісінің кәсіби маманы болу қай мамандықтың иесіне болсын қойылатын талап. 
Дәстүрлі  мұғалім  «Жеткізуші»  ал  оқушы  «Қабылдап  алушы»  қазіргі  нарықтық  бәсеке  заманында  тиімсіз. 
Нарықтық бәсекелестік мектепке де, мұғалімге де қатысы жоқ деп айтатындар қателеседі. Мұғалім жалпы 
стандарттық  талаптармен  бірге,  нағыз  сыншы  алдындағы  оқушылардың  талабы  мен  сынына  төтеп  бере 
алуы  керек.  Кәсіби,  мәдени    білімі  төмен  мұғалімді  балалардың  білімі  төмен  мұғалімді  балалардың  өткір 
сынының өзі-ақ, оның кәсіби шеберлігін үнемі қажетті деңгейде ұстануына әсер етеді.  
      
 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет