Саптық жаттығулар» Мамандық: Пән: «Гимнастика және оқыту әдістемесі»
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті
Студенттің өздік жұмыс
Тақырыбы: «Саптық жаттығулар»
Мамандық:
Пән: «Гимнастика және оқыту әдістемесі» Топ: (дФКС-21с) Оқушының аты-жөні:Ақмарал Жанар Өздік жұмысының жетекшісі аты-жөні:
2020 жыл
МАЗМҰНЫ
1
ЖДЖ оқыту әдістемесі
3
1.1
Жалпы білім беретін мектеп оқушылары үшін кешенді бағдарламада көзделген сап құру мен қайта құру
6
1.2
Бастапқы қалыпына анықтама беріңіз
6
1 ЖДЖ оқыту әдістемесі
Қолға және иыққа арналған жаттығулар Қолды алға, екі жаққа, жоғары көтеру және бір-бірлеп кезекпен түсіру.
Қолды алма-кезек алға — жоғары қарай тез көтеру және және түсіру, артқа жіберу (жұлқып). Қол екі жақта, алда болғанда саусақтарды бүгу және жазу, қолдың басын айналдыру, саусақтарды біріктіру, ажырату, созу. Екі қолды кеуде тұсына қою, желкеге салу және иықты түзулеу. Қолды шынтақтан бүгіп, айналмалы қимыл жасау. Орындықтың арқасына, қабырғаға тығыз сүйене отырып, қолды екі жақтан жоғары көтеру. Таяқты, құрсауды жоғары көтеру, иықтан кейін түсіру. Жаттығуларды заттармен және заттарсыз орындау.
Аяққа арналған жаттығулар Аяқтың ұшымен көтерілу және тұру. Екі аяқты кезекпен алға өкшемен, сонан кейін ұшымен қою, 3 рет тапылдату. Қатарынан 4-5 рет жартылай отыру. Екі қол белде, екі қолды алдыңғы жақпен екі тұсқа жіберіп, отыру. Бір аяқты тізеден бүгу, алдыға жазу, қайтадан бүгу және жерге түсіру. Аяқтың ұшын созу, табанды бүгу. Аяқ саусақтарымен арқанды жинау, құм салынған дорбаларды бір орыннан екінші орынға қою. Өкшемен таяқтың, арқанның үстіне, аяқтың ұшымен еденге сүйене отырып, қырындап жүру. Тұрған күйі аяқ саусақтарымен орамал, тағы басқа ұсақ-түйек заттарды іліп алып, басқа орынға ауыстыру. Аяқ ұшын айналдыру.
Кеудеге арналған жаттығулар Екі қол белде, кезекпен екі жаққа бұрылғанда екі қолды екі жаққа жіберу (жұлқып және бір қалыпты).
Оңға, солға иілу, еңкею, шалқаю. Тұрған күйі екі аяқ бірге (алшақ), алға еңкею, қолдың ұшын аяқтың ұшына жеткізу, заттарды қою және көтеру. Екі қол белде, екі жаққа иілу. Отырған және тізерлеп тұрған күйі допты өз айналасында домалату. Бір аяқты алға түзулеп көтерген күйі астынан затты бір қолдан екінші қолға беру. Отырған күйі арт жаққа қолмен сүйене отырып, екі аяқты жоғары көтеріп, бүгу және жазу, төмен түсіру. Екі аяқты айқастырып, отыру және тұру. Жүрелеп тұрып, арқаны төмен қарай иіп және бүгу, кезекпен түзу аяқты бүге және жаза отырып, көтеру және түсіру. Зат ұстаған қолдарын созған қалыппен шалқасынан жатқан күйі етпетіне бұрылып жату. Етпетінен жатқан қалпы иығын, басын, қолдарын алға созып көтеру.