Саралау тәсілдері сыныптағы саралау жұмысының жалпы ортақ қабылданған жеті тәсілі бар: Тапсырма



Дата18.01.2023
өлшемі32 Kb.
#61771
түріҚұрамы
Байланысты:
САРАЛАУ ТӘСІЛДЕРІ


САРАЛАУ ТӘСІЛДЕРІ
Сыныптағы саралау жұмысының жалпы ортақ қабылданған жеті тәсілі бар:
Тапсырма - Мұның құрамына білім деңгейі әртүрлі оқушыларға арналған тапсырмалар кіреді. - Оқушылардың қажеттіліктеріне қарай (көмек керек пе, әлде күрделі тапсырмалар беру керек пе) түрлі кестелерді немесе жаттығулар мен тапсырмаларды жасау. - Күрделілігіне қарай алға ілгерілеп отыратын тапсырмалары бар карточкаларды пайдаланыңыз.
Дереккөздер - Кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым күрделі дереккөздермен жұмыс істей алады. - Дереккөздердің ауқымы талқылауға негіз болатын мәтіндерден бастап, анағұрлым қиын сөздерді және күрделі идеяларды түсіндіретін мәтіндерге дейін ауытқып отырады. - Баспадан шыққан және электронды дереккөздер де пайдалануы мүмкін. - Бұл материалды пайдаланудың анағұрлым ауқымды көлемін көрсетеді.
Қарқын - Кейбір оқушылар басқаларына қарағанда жылдам жұмыс істейді. - Қосымша тапсырмаларды көп күш жұмсауды талап ететін оқушылар үшін қолдануға болады. - Негізгі тапсырмаларды түсіндіруде көмек қажет ететін оқушыларға біршама уақыт беріледі.
Қорытынды - Барлық оқушылар бір тапсырманы орындаса да олардың нәтижелері әртүрлі болады. - Мұғалім тапсырма береді, бірақ жалғыз «дұрыс» жауаптың бағытында жұмыс істеуден гөрі оқушылар өздерінің мықты және әлсіз тұстарына қарай жауап береді. - Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізу керек.
Диалог және қолдау көрсету - Кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек қажет болады. - Мұғалім оқушыларды ойланту үшін және бірқатар жауаптар алу үшін алдын ала дайындалған сұрақтарды қоюына болады. Бұл әдісті қолдану барысында сөзбен қолдау көрсету және ынталандыру да маңызды рөл атқарады.
Бағалау - Оқушылар үнемі бағаланып отырады, осылайша педагогикалық қызмет пен саралаудың басқа да түрлері оқушылардың қажеттіліктеріне қарай үнемі түзетіліп отырылуы мүмкін. - Педагогикалық қызмет табыстылықты, жақсартуды, түзетуді қажет ететін салаларды анықтайтын әмбебап үдеріс болуы керек. Сонда ғана біз пәнді оқытудан оқушыны оқытуға қарай жылжи аламыз.
Жіктеу Оқытудың болжалды міндетіне қарай топ құруда пайдалы көптеген тәсілдер бар: - мүдделері ұқасас оқушылар (мысалы, қиындық деңгейі немесе қолдау деңгейі) - талаптары әртүрлі оқушылар - джигсо топтары - кәсіби дағдыларына қарай бөлінетін топтар немесе сарапшы топ - гендерлік топ - аралас гендерлік топ - ұйымшыл топ.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет