Сараптаманаң талдаудың титриметриялық және гравиметриялық әдістері химиялық сараптаманың классикалық әдістеріне жатады



бет8/30
Дата31.12.2021
өлшемі1,01 Mb.
#21685
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   30
3.3 NаОН және Nа2СО3 бірге қолданғандағы анықталуы
Тәжірибелерде өте жиі улы сілтілер қолданылады. Бұл сілтілер ауадан СО және су буын сіңіріп, сәйкес карбонатқа айналады
2NаОН + СО ↔ Nа2СО3 + Н2О (1)
Соның әсерінен улы натр ерітіндісі Nа2СО3 қосындысына айналады. Кейбір жағдайларда NаОН пен Nа2СО3-тің ерітіндідегі құрамын білу қажет. Оны анықтау 2 тәсілмен орындалады. Екеуінің біреуі Nа2СО3 -ті титрлеу қисығындағы екі эквиваленттік нүктесін байқауға негізделген, NаОН-ты СО32- иондарының Ва2+ иондарымен тұнуынан кейін анықтайды.

Бірінші әдіс бойынша ерітіндініні қышқылмен және фенлфталеинмен, кейін метилоранжбен титрлейді. Сонда келесі ракциялар жүреді

NaOH + HC1 = NaC1 + H2O (2)
2СО3 + HC1 = NaC1 + NaHCO3 (3)
NaHCO3 +HC1 = NaC1 + H2O + CO↑ (4)
Фенолфталеинмен титрлегенде қышқыл NaOH нейтрализациялауына және Nа2СО3 -ің теңдеу (3) бойынша өзгеруіне шығындалады. Метилоранжбен титрлеу кезінде қышқыл NНСО3ің теңдеу бойынша нейтрализациялануына ғана шығындалады. Nа2СО3-ің NаНСО3-ке теңдеу (3) бойынша өзгеруі және NаНСО3-ң (4) теңдеу бойынша нейтрализациялауға кеткен қышқыл шығыны бірдей болуы керек. Сондықтан NаОН нейтрализациясына жұмсалған қышқыл алынып тасталынады. Осыдан NаОН шығыны есептеледі. Метилоранжбен титрлеу кезінде шығындалған қышқыл көлемі 2 еселеп, Nа2СО3 пен реакцияға жұмсалған көлемі табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет