Сараптама барысы
Талдаудың нәтижесін есептеу. Мысалға натрий гидроксидінің 1,0319 г натрий көмірқышқыл қоспасымен және 250 мл өлшеуіш колбаға суды араластырады. Шамамен 0,1 н. ерітінді алынады. 25 мл ерітіндіні титрлеуге 0,1 н. НС1 шығындалады, 23,9 мл фенолфталеин қатысымен, 0,9 мл метилоранж қатысымен, яғни NаОН титрлеуге шығындалды
23,9 – 0,9=23 мл HC1
Nа2СО3 титрлеуге шығындалады
0,9 · 2= 1,8 мл HC1
Осындай жолмен есептеу арқылы, натрий карбонатын және натрий гидроксидін титрлеуге жұмсалған тұз қышылы көлемі анықталады. Шығынын оңай есептеуге және үлгідегі пайыздық шығымын да есептеуге болады.
Тұз қышқылының титрі натрий карбонаты және натрий гидроксиді бойынша жеке есептеледі.
ТHCl/Na2CO3 = 53 · 01/1000 = 0,005300 г/мл
THCl/NaOH = 40 · 0.1/1000 = 0,004000г/мл
Бұл жағдайда 25 мл ерітіндіден анықтауға болады
0,005300 · 1,8 = 0,009540 гр натрий карбонаты
0,004000 · 2,3 = 0,09200 гр натрий гидроксиді
Әрі қарай 1,0319 гр талданған үлгідегі,яғни 25 мл ерітінді құрайды.
(0,00954 · 250)/25 = 0,0954 гр Na2CO3
0,092 · 250/25 = 0,9200 NaOH
0,0954 · 100/1,0319 = 9,13 Na2CO3
0,9200 · 100/1,0319 = 18,1 NaOH
Көрсетілген әдіс нақты жеткіліксіз, бірақ та оны зауыт лабороториясында жиі қолданады. 2-ші әдіс оған қарағанда біршама қиын,бірақ нақты нәтижесін береді. Бастапқыда 1 порция натрий көмір қышқылы бар сілті қоспасымен және 0,1 н натрий корбанаты тұзды қышқыл ерітіндісімен метилоранж қатысында натрий гидроксидінің жалпы құрамын анықтайды. Сосын басқа порцияға барий хлораты ерітіндісінің біршама мөлшерін құяды, сонымен қатар келесі теңдеу бойынша толығымен тұндырады
СО32-+Ва+2=ВаСО3 (5)
Натрий гидроксиді ерітіндісінде қалғанын, түссізденгенше фенолфталин қатысында қышқылмен титрлейді.
Қышқылдың көлеміне қарап, титрлеуге кеткен натрий гидроксиді мөлшерін есептейді. 1-2 жағдайда қышқылдың көлеміне кетірген натрий карбонаты титрлеуге шығындалған қышқыл санының арасындағы айырмашылық сәйкес келеді. Осыдан іздеп отырған заттың құрамындағы натрий карбонаты санын анықтайды.
Сонымен қатар, қарастырылған тәжірибедегі, іздеген заттың 250 мл 0,1 н. ерітіндісін дайындайды. 25 мл дайындалған ерітіндіге1-2 тамшы метилоранж қосады және ашық қызғылт түс пайда болады. Тұзды қышқылмен титрлейді. 3 рет титрлегенде 25,6 мл 0,1 н тұз қышқылы ерітіндісі шығындалады. Талданатын заттың осындай тағы бір көлемін алады, оған фенолфталиннің 1-2 тамшысын және 10 мл 1 н. барий хлориді ерітіндісін қосады. Сүзбей, өшкін қызыл сұйықтықты тұз қышқылымен түссіздегенше ақырындап титрлейді. Шамамен орта есеппен 24 мл 0,1 н тұз қышқылы шығындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |