Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары
1) Көлемді сараптамаларда қолданылатын реакцияларға қойылатын талаптар.
2) Заттың грамм-эквиваленті дегеніміз не және ол нейтралдау реакцияларында қалай анықталады?
3) Жұмыс (стандартты, титрленген) ерітінді дегеніміз не?
4) Әдетте жұмыс ерітінділерінің қандай концентрациясын нейтралдау әдісінде қолданады?
5) Титр, нормалдық, түзету коэффиценті бар нормальность түсінігіне анықтама бер. Титриметриялық сараптамада ерітінді концентрациясын қалай анықтайды?
6) Егер жұмыс ерітіндісінің концентрациясы бірлікпен берілсе, тікелей титрлеудің нәтижесін есептеуге арналған формуланы жаз.
7) Титрлеудің нәтижесін есептеуге арналған формуланы осы жағдайларда жаз: а) тікелей; ә) кері; б) егер жұмыс ерітіндісінің концентрациясы нормальдік бірлігімен берілсе, араластыру әдісімен.
8) Тікелей, кері титрлеу және титрлеудің соңғы нүктесі түсініктеріне анықтама бер.
9) Эквиваленттік нүктенің титрлеудің соңғы нүктесіне сәйкес келуі міндетті ме?
10) Біріншілік және екіншілік стандартты ерітінді дегеніміз не? Қышқыл-негіздік титрлеуде қолданылатын біріншілік және екіншілік стандартты ерітінділерге мысал келтір.Тұрақтаушы заттарға қойылатын талаптар.
11) Қышқыл-негіздік титрлеудің мағынасы неде?
12)Химиялық эквивалент, эквивалент факторы, қышқыл-негіздік титрлеудегі эквиваленттің молярлық массасы түсініктеріне анықтама бер.
13) Неліктен натрий тетраборатын қышқыл негіздік титрлеуде универсалды стандартты зат деп есептейді? Реакция теңдеулерін жазып, әрбір жағдайдағы эквивалент факторларын көрсет. Натрий тетрабораты қандай кристаллогидрат түрінде болады?
14) Неліктен NаОН ерітіндісінің құрамында карбонат-ион болмауы керек? Құрамына карбонат-ион кірмейтін NаОН ерітіндісін қалай дайындау керек?
Достарыңызбен бөлісу: |