Бірлестік жетекшісі А.Нурбекова Бірлестіктің өзекті мәселесі: «Сабақтарда жаңа технология элементтерін тиімді пайдалана отырып,тарихи мәдени құндылықтарды өз бойына сіңірген тұлға қалыптастыру» Мақсаты: Жаңа технологияның әдіс-тәсілдері арқылы сапалы біліммен, жан-жақты дамыған дүние танымы кең, шығармашылық ізденіспен жұмыс істейтін жеке тұлғаны қалыптастыру.
Міндеттері:-Оқушыларды қоғамдық пәндердің негізі туралы, оның қоғам өміріндегі рөлі мен мазмұны туралы тұтас түсінік қалыптастыру; - Тарих кезеңдердің қалыптасуы мен мемлекеттің өмір сүруі механизмдері туралы нақты білімдердің жинақталуын қамтамасыз ету; - Жаңа заман талабына сай ізденгіш,жауапкершілігі зор, талапты жеткіншек қалыптастыру. – Қоғамдық пәндер бойынша оқушыларды ҰБТ-ге сапалы дайындық жұмыстар жүргізу. ӘБ мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін көтеру; Сабақтарда жаңа технология элементтерін қолдану арқылы оқушыларды өз бетінше жұмыс істеу қабілетін дамыту, тарихи-мәдени құндылықтарды өз бойына сіңірген жеке тұлға қалыптастыру мақсатында жүргізіліп, өз Отанын сүйетін, сын тұрғысынан ойлана білетін оқушы тәрбиелеу.